67
5-т а р а у
ЖҮРЕК ПЕН ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
5.1. Қан айналымының жалпы желісі
Қан өзіне тəн физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда –
толассыз айналымда болғанда, атқарады. Ал оның қан тамыр-
ларымен тоқтаусыз қозғалуы қан айналым жүйесі мүшелерінің
қызметіне байланысты.
Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық
жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтар-
дың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Қан ірі ве-
налардан жүрекшеге құйылып, оның ырғақты жиырылулары ның
əсерімен қарыншаға өтеді де, қарынша жиырылғанда арте
рия
буылтығына қуылады. Одан əрі желбезек артериялары арқы лы
желбезекке барып, оттегімен қаныққан соң, қолқа арқылы бүкіл
денеге тарайды. Мүшелер мен ұлпалар капиллярларынан қан
қайтадан вена тамырларына жиналып, жүрекшеге оралады.
Қосмекенділер жүрегі екі жүрекше жəне бір қарыншадан
тұрады. Оң жақ жүрекшеге қуыс веналар арқылы бүкіл дене-
ден жиналған қан құйылып, одан əрі ол қарыншаға айдалады.
Қарынша жиырылғанда қан қолқа тамырға қуылады да, оның ша-
малы мөлшері өкпе артериясы арқылы өкпеге барып, ал қалған
бөлігі артериялармен бүкіл денеге тарайды. Өкпеде оттегімен
қаныққан қан өкпе венасы арқылы сол жақ жүрекшеге, одан
қарыншаға өтіп, оң жүрекшеден түскен вена қанымен араласа-
ды. Демек, бұл жəндіктерде өкпе тамырлары жалпы қан айналым
жүйесінің бір тармағы ғана. Бақалардың қан айналым жүйесінің
ерекшелігі олардың қолқа буылтығының спираль тəрізді қақпақша
арқылы тармақталуында. Осының арқасында оң жүрекшеден кел-
ген қанның көп мөлшері өкпе артериясына өтеді.
Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі өзара тек қан тамырлары
арқылы ғана байланысатын оң жəне сол бөліктерден тұрады. Оң
жүрекше бүкіл денеден вена қанын қабылдап, оны оң қарын ша ға
айдайды. Оң қарыншадан қан өкпе артериясымен өкпеге
бағытталады. Өкпеде қан көмір қышқыл газын өкпе көпіршіктеріне
(альвеолаларға) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына
айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құйылады.
Қан айналым жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен баста-
68
лып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін қан
айналымының кіші немесе тыныстық шеңбері деп атайды
(13-сурет).
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып,
оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен немесе
жүйелік қан айналым шеңбері деп атайды. Жүректен басталған
қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырлар -
артериолалар жəне тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар
түзеді. Капиллярларға келген артерия қаны өзінің құрамындағы
оттегінің біраз бөлігін ұлпаларға береді де, зат алмасу процесінің
нəтижесінде түзілген көмір қышқыл газын сіңіріп, вена қанына
айналады. Вена қаны капиллярлар арқылы вена тамырларына жи-
налып, жоғары (алдыңғы) жəне төменгі (артқы) қуыс веналармен
оң жүрекшеге құйылады.
Қан тамырларымен аққан қан тор-
шалармен тікелей жанас пайды. Торша-
лар арасындағы саңылаулар ұлпа сұйы-
ғымен то
лып тұрады. Сондықтан қан
құрамындағы қоректік заттар мен от тегі
алдымен ұлпа сұйығына өтіп, одан əрі
торшаларға беріледі. Ал торшалардың
13-сурет. Қан жəне лимфа айналым жүйе ле-
рінің схемасы:
1 - оң қарынша; 2 - өкпе артерия-
сы; 3-өкпе артериясының екі тармағы; 4 - ка-
пиллярлар; 5 - өкпе венасы; 6 - сол жақ жүрекше;
7 - сол жақ қарынша; 8-қолқа; 9 - дененің алдыңғы
бөлігіне қан апаратын артериялар; 10 - ішкі
ағзалар мен дененің артқы бөлігіне қан апаратын
артериялар; 11 - капиллярлар торы; 12 - веналар;
13 - жоғарғы қуыс вена; 14 - төменгі қуыс ве на;
15 - оң жақ жүрекше, 16 - лимфа тамырлары
тіршілік əрекеті барысында түзілген заттар ұл па сұйығы арқылы
қанға өтеді. Демек, қан тек шартты түрде ғана ішкі орта болып
есептеледі. Ал шын мəнісінде, организмнің ішкі ортасы - торша
аралық немесе ұлпа сұйығы.
Достарыңызбен бөлісу: