698
АТАУЛАРДЫҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ
Автоматия – кейбір торшалар мен ұлпалардың сыртқы түрткісіз өзде-
рінде туындайтын импульстердің əсерімен қозатын қасиеті.
Ағза – организмнің ішкі мүшелеріне байланысты атау
Адаптация – организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуі.
Алкалоз – организмнің қышқыл-сілтілік теңдестігінің сілтілік жаққа
ығысуы.
Анаболизм – ұлпа мен торша құрылымын түзуге жəне жаңартуға
бағытталған, қуат шығынын қажет ететін биохимиялық процестер
жиынтығы.
Антагонизм – белгілі бір қызмет атқаруға қатысатын органдардың,
жүйелердің жəне олардың алмасу өнімдерінің қарама-қарсы əрекеттері.
Антиген – арнаулы иммундық жауап тудыратын, антиденелер
түздіретін организмге бөгде зат.
Антидене – организмге енген антигенге қарсы түзілетін иммуноглобу-
лин.
Антикоагулянт – қанды ұйытпайтын органикалық жəне анорганикалық
заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |