5.5. Жүректің қызметі
Жүректің негізгі қызметі
ор ганизмдегі қанды қан тамыр-
ларына қуалап, кері сору. Ол
бұл жұмысты еттерінің жиы-
рылуы жəне босаңсуы ар
қы-
лы атқарады. Жүрек еттері-
нің жиырылуын систола, ал
босаңсуын диастола деп атай-
ды. Жүрек еттері жиырылғанда
қан жүрекшелерден қарын ша ларға, қарыншалар дан қан тамыр-
ларына айдалады жəне артерия мен вена жүйеле
рінде қысым
айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырлармен жыл-
жуын қамтамасыз етеді (23- сурет).
23-сурет. Жүрек қызметінің кезеңдері:
а - жүрекшелер систоласы,
ə - қарыншаның асинхронды жиырылу кезеңі, б - қан қуу кезеңінің басы,
в - қарын шалар диастоласы
22-сурет. Векторкардиограммалар:
А - сиыр; Ə - жылқы векторкар-
диограммалары
Жүрек еттерінің бір рет жиырылып, босаңсуын жəне жалпы
тынымнан өтуін жүрек айналымы (циклі) дейді. Жүрек айналы-
мы жүрекшелердің жиырылуымен басталады. Айта кетер жайт, оң
жүрекше сол жүрекшеден 0,01 сек, жүрекшелер қарыншалардан
0,1 сек бұрын жиырылады. Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс
веналар мен өкпе венасының тесігі қысыла жабылып, қан жар-
малы қақпақшалар арқылы қарыншаларға өтеді. Бұл кезде қолқа
мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері қайта алмайды,
себебі бұл тамырлардағы қысымның жоғары болуынан жарты
айшық қақпақшалар жабылып қалады.
81
Одан əрі жүрекшелер қабырғасының еттері босаңсып, қа рын-
шалар жиырылады. Жүрекшелер босаңсысымен олардың қуы-
сына веналардан қан құйыла бастайды. Ал қарынша еттерінің
жиырылуының əсерінен олардың қуыстарындағы қысым тез
көтеріліп, қос жəне үш жармалы қақпақшалар жазылады да, жү-
рекше мен қарыншаны қосатын тесік жабылады. Бұл кезде ай-
шық қақпақшалар да жабық күйінде тұрады. Одан əрі жүрек
ет терінің изометриялық жиырылуының (қысқармай ширығуы)
ар қасында қарыншалар қуысындағы қысым артериялардағы
қы сымнан артып кетеді. Осы кезде жарты айшық қақпақшалар
ашылып, қарынша қабырғаларының еттері ауксотониялық жиы-
ры луға көшеді (ет талшықтарының ұзындығы қысқарып, ширы-
ға ды) де, қан артерияларға қуылады.
Жүректің бір толық айналымында төрт кезең байқалады.
Олардың екеуі систолалық, екеуі – диастолалық кезең (24-сурет).
24-сурет. Жүрек айналымында бай қа-
латын құбылыстар:
А - қолқа; Ə - қарын -
ша; Б - жүрекше; В - қарынша көлемі; Г -
жүрек дыбысы (I бірінші тон, II екін
ші
тон); Д - электрокардиограмма; 1 - жар малы
қақпақшалардың жабылуы жəне жү
рек-
ше лер жиырылуының басталуы; 2 - қолқа
қақ пақшасының жабылуы; 3 - қан ды қуу са-
тысы; 4 - қанмен толу сатысы; 5 - диастола
кезеңінің соңы
Достарыңызбен бөлісу: |