Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Жүрек жұмысының кезеңдері мен сатылары



Pdf көрінісі
бет61/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

12-кесте. Жүрек жұмысының кезеңдері мен сатылары

Қарыншалардың жиырылуы -0,33 с

Ширығу кезеңі -0,08

Қанды қуу кезеңі -0,25с

Асихронды 

жиырылу 

сатысы – 0,05с

Изометриялы 

жиырылу 


сатысы – 0,03с

Қан куудың 

пəрменді 

сатысы – 0,12

Қан қуудың баяу 

сатысы – 0,13с



Қарыншалардың босаңсуы – 0,47с

Босаңсу кезеңі – 0,12 с

Толу кезеңі – 0,35 с

Протодиасто-

ла сатысы – 

0,04 с


Изометриялық 

босаңсу 


сатысы – 0,08 

Жылдам толу 

сатысы – 0,08

Баяу толу са-

тысы – 0,27 

Пресистола



4-толу кезеңі үш сатыға бөлінеді. Жүрекшелердегі қысым-

ның қарыншамен салыстырғанда жоғары болуының салдары-

нан жармалы қақпақшалар ашылған кезде қан қарыншаларға тез 

ығысады да, жылдам толу сатысы басталады. Оның ұзақтығы 

0,08 сек. Одан əрі қарыншадағы қысым өсе бастайды да, қанның 

қарыншаға өту қарқыны азаяды. Бұл баяу толу сатысы. Оның 

ұзақтығы 0,16 сек. Бұдан əрі толу кезеңі жүрекшелердің жиыры-

луымен аяқталады. Бұл сатыны пресистола деп атайды.

Бұл кезде ет талшықтарының ұзындығы өзгермей, тек олар-

дың ширығу деңгейі төмендейді. Бұл изометриялық босаңсу са-



тысы. Оның ұзақтығы 0,08 сек тең. Осы аталған процестердің 

əсерінен қарыншалардағы қысым жүрекшелердегі қысымынан 




83

көп төмендеп, жармалы қақпақшалар ашылады да, жүрек жұ-

мысының жаңа кезеңі - толу басталады.

Əр түлік малда жүрек айналымы кезеңдерінің ұзақтығы 

əртүрлі. Ол жүрек жұмысының жиілігіне байланысты (25-сурет). 

Мысалы, сиырда бір минутта орта есеппен 60 жүрек айналымы 

байқалады. Демек, жүректің бір толық айналымының ұзақтығы 

1,0 секундқа тең. Осы аталған уақыттың 0,1 сек жүрекшелердің 

жиырылуына, 0,3 сек қарыншалардың жиырылуына, ал 0,6 сек 

жалпы тыным кезеңіне жұмсалады. Сонымен жүректің бір толық 

айналымына кететін уақыттың көп мөлшері еттердің демалысына 

жұмсалады. Жоғарыда келтірілген цифрларға қарағанда, жүрекше 

еттері жүректің бір толық айналымында тек 0,1 сек, ал қарынша 

еттері 0,3 сек жұмыс істейді. Басқа кезде олар дем алады. Осының 

арқасында ғана жүрек ұзақ уақыт тынымсыз, шаршамай қызмет 

атқара алады.



25-сурет. Қойдың жүрек айналымының сызбасы (жүрек минутына 

75 рет соққанда): 

1 - қарыншалардың жиырылуы

2 - қанды қуу, 3 - босаңсу, 4 - то лу кезең дері

Жалпы тыным кезінде жүректің қызметін қамтамасыз ететін 

энергия қоры жинақталады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер 

тіршілік əрекеті кезінде жүрекке үлкен күш түсетінін дəлелдеді. 

Мысалы, жүрек 6 сағат ішінде салмағы 70 кг адамды 25 қабатты 

үйдің биіктігіне көтеруге жарайтындай энергия шығындайды. Бір 

минутта жүрек 8,5 кГм, бір тəулікте - 12 мың кГм, ал бір жыл-

да – 4260 мың кГм жұмыс атқарады. Жүректің бір тəулік ішінде

жұмсаған энергиясына 18 т. жүкті бір метр биіктікке көтеруге бо-

лар еді.

Жүректің жұмысы кезінде оның қуыстарындағы қысым мөл-

шері өзгеріп отырады. Мысалы, жүрекшелер жиырылғанда олар-

дың қуысындағы қысым сынап бағанасымен 10-30 мм дейін 




84

көтеріледі, ал диастола кезінде ол күрт төмендеп, 0-ге дейін түсіп 

кетеді. Систола кезінде сол қарыншада қысым сынап бағанасымен 

150-180 мм, ал оң қарыншада -70-80 мм дейін көтеріледі де, диас-

тола кезінде 2-5 мм-ге дейін төмендейді.

Жүрек қуысындағы қысым деңгейін Шово-Марей əдісі ар-

қылы жүрекке ұшына баллон орнатқан арнаулы түтікшелер жі-

беру арқылы анықтайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет