Оқулық. Алматы: «Нур-пресс», 2005. 90 с


АНКЕТА   1.  Сізге қарсы соңғы 2-3 жыл ішінде қылмыс жасалды



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата09.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#8726
1   2   3   4   5   6   7   8   9

АНКЕТА

 

1.  Сізге қарсы соңғы 2-3 жыл ішінде қылмыс жасалды 

ма (керегінің астын сызыңыз):

 

-  бұзақылық - иә,   жоқ



 

-  тұтынушыларды алдау - иә,   жоқ



 

-  ұрлық- иә,   жоқ



 

-  тонау- иә,   жоқ



 

-  жол жүру ережелерін және көлік құралдарын пайдалану 

ережелерін бұзу (қылмыстық)- иә,   жоқ

 

-  қорқытып алушылық- иә,   жоқ



 

-  қорқыту- иә,   жоқ



 

-  қасақана дене жарақатын салу- иә,   жоқ



 

-  өзге де қылмыстар (ҚК бабын көрсетуіңізге болады)



 

 Осы  қылмыс  бойынша  Сіз  құқық  қорғау  органдарына 

жүгіндіңіз бе - иә,   жоқ

 

2.  Егер  де  хабарлаған  болсаңыз  қандай  шаралар 

қолданылды:

 

                                                           

2

 

Êðèìèíîëîãèÿ (Ïîä ðåä. Â.Í.Áóðëàêðâà, Â.Ï.Ñàëüíèêîâà, Ñ.Â.Ñòåïàøèíà). ÑÏá, 1999. 



Ñ.91. 

3

 Ùåãëîâà Ò.Ê. Ëàòåíòíàÿ ïðåñòóïíîñòü è åå çíà÷åíèå äëÿ îïðåäåëåíèÿ ýôôåêòèâíîñòè 

óãîëîâíî-ïðàâîâûõ íîðì/ Äèññ… ê.þ.í. Ì., 1973. Ñ.56. 

 

 

27



-  қылмыстық іс қозғалды;

 

-  қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды;



 

-  өзге де шаралар (нақтылауыңызға болады)



 

3.  Егер де жүгінбеген болсаңыз, не себептен: 

-  қылмыстың маңызы шамалы деп есептедіңіз;



 

-  жүгінгеннен пайда жоқ деп ойладыңыз ;



 

-  қылмыскер өш алады деп сақтандыңыз;



 

-  өзге  де себептер болады (нақтылауыңызға болады)



 

 

Ал  құжаттарды  талдау  әр  түрлі  болады.  Мысалға,  қылмыстардың 

ауырлығына  қарай  жасалуында  да  заңдылық  бар,  айталық,  аса  ауыр 

қылмысқа  қарағанда  ауыр  қылмыс  көбірек  жасалады,  ал  соңғысына 

қарағанда  орташа  ауырлықтағы  қылмыс,  орташаға  қарағанда  кішігірім 

ауырлықтағы қылмыс көбірек жасалады. Яғни бұл заңдылық пирамидаға 

ұқсайды (5-суретті қараңыз).  

 

5-сурет.  Қылмыстардың  ауырлығы  мен  санына  қатысты 

пирамидаға ұқсас пропорция

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Êiøiãiðiì 

àóûðëûºòà¹û 

ºûëìûñòàð 

Îðòàøà àóûðëûºòà¹û 

ºûëìûñòàð

 

Àóûð ºûëìûñòàð 

Àñà àóûð ºûëìûñòàð 

 

 

 

Егер де ауыр қылмыс көп болып орташа ауырлықтағы қылмыс саны 

одан аз болса, орташы ауырлықтағы қылмыстардың латенттілігі туралы 

күдіктенуге  болады.  Мысалға,  Қазақстанда 2002 жылы  жасалған  ауыр 

және  аса  ауыр  қылмыстардың  саны - 69042 болса  (жалпы 

қылмыстылықтың 51%-і), кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар 

саны - 66109 (жалпы қылмыстылықтың 49%-і). Өмірде де осылай болуы, 

яғни  өмірде  кішігірім  және  орташа  ауырлықтағы  қылмыстардан  ауыр 

және  аса  ауыр  қылмыстардың  көп  жасалуы  мүмкін  емес.  Демек, 2002 

жылы Қазақстан жерінде орташа және кішігірім ауырлықтағы қылмыстар 

латентті болған.

 

Не 


болмаса, 

азаматтық 

істер 

бойынша 


статистикалық 

мәліметтермен  де  салыстырып  құжаттарды  талдауға  болады,  айталық 

ауданда  ар-намысты  қорлауға  байланысты  мың  талап  қойылған  болса, 

қорлау қылмысы бойынша небәрі екі-ақ қылмыстық іс қозғалған.  



 

 

 

28



Яки  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  да  контент-талдау  жүргізіп, 

олардағы  қылмыстар  туралы  хабарлар  саны  мен  оларға  байланысты 

қозғалған  істердің  пропорциясын  зерттеу  нәтижесінде  де  жасырылған 

қылмыстардың  шетін  көруге  болды.  Өйткені  Қылмыстық  іс  жүргізу 

кодексінің 177-бабының 1-бөлігінің 4 тармағы  бойынша  бұқаралық 

ақпарат құралдарындағы хабарлар қылмыстық істі қозғаудың бір себебі 

болып табылады.

 

Латенттік  қылмыстылықты  зерттеудің  өзге  де  әдістері  бар,  оларға 

криминологиялық  зерттеулердің  әдістерін  қарастыру  барысында 

тоқталуға тырысамыз. 



 

Қалай  болған  күнде  де  латенттік  қылмыстылықты  жалпы 

қылмыстылықтың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн. 

 

Сонымен,  жалпы  қылмыстылықтың  қоғамға  қауіптілігіне 

тоқтала кетсек, ол:

 

-  әлеуметтік дамуды және экономикалық өзгерістерді тежейді;



 

-  әлеуметтік 

құрылымдардың 

қалыпты 


жұмысын 

бұзады 


(дезорганизация);

 

-  әлеуметтік институттардың функциясына ықпал етеді;



 

-  әлеуметтік тыныштықты бұзады;



 

-  сенімсіздік, қорқу, үрейлену сезімін туғызады;



 

-  адамдардың көңіл күйіне, өміріне, жұмысына салқынын тигізеді;



 

-  өзінен  өзі  туындап  отыруға  қабілетті:  өзгелерге ''жұқтырады'', 

тартады;

 

-  елеулі  материалдық  және  өзге  де  ресурстық  шығындар  кетеді, 

сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуына байланысты 

күш жұмсауды талап етеді.



 

 

Әдебиеттер: 

 

1. Антонян Ю.М, Бородин С.В. Преступность и психические аномалии. 

М. 1977. 

2. Бейсенов Б.С. Алкоголизм: уголовно-правовые и криминологические 

проблемы. М. 1981. 

3. Вицин С.В.  Системный подход и преступность. М. 1980. 

4. Горяинов  К.К.,  Исиченко  .П.,  Кондратюк  Л.В.  Латентная 

преступность. М., 1994. 

5. Джекебаев    У.С.  Преступность    как  криминологическая    проблема. 

Алма-Ата, 1974. 

6. Изменения  преступности  и  проблемы  охраны  правопорядка.  М., 

1994. 


7. Коган В.М. Социальные свойства преступности. М., 1977. 

8. Кузнецова Н.Ф.  Преступление  и преступность. М., 1969. 

9. Латентная  преступность: познание, политика, стратегия. М., 1993. 

10. Лунеев  В.В.  Преступность  ХХ  века.  Мировой  криминологический 

анализ. М. 1997 г. 


 

 

29



11.  Мауленов  Г.С.  Основные  характеристики  преступности  в 

Республике Казахстан. Алматы 1999 

12. Преступность  и правонарушение в СССР. М., 1990. 

13. Яковлев А.М. Преступность и социальная  психология. М., 1971. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30



                                                          

3-тақырып. Детерминация және қылмыстылықтың себептері 

 

1.  Себептілік туралы философиялық ұғым; 2. Қылмыстылықтың 

себептері туралы негізгі теориялар; 3. Қылмыстылықтың 

себептерін топтастыру. 

 

1.  Себептілік  туралы  философиялық  ұғым.  Детерминация - 

латынның determіnare (анықтау,  айқындау)  деген  сөзінен  шыққан.  Яғни 

дереминация - ол  айқындау,  анықтау  процесі.  Дүниедегі  барлық 

құбылыстар, процестер бірі біріне тәуелді: бір құбылысты пайда болуы, 

дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын 

алғашқы  құбылыстар  айқындайды.  Детерминизмнің  негізгі  мазмұнын 

себептілік  құрайды.  Дүние  үлкен  бір  тізбекке  бағынышты,  әлбетте  осы 

тізбектің  қалай  түзілуіне  адамның    қомақты  үлесі  бар.  Ломоносов 

айтпақшы,  ештеңе  де  жоқтан  пайда  болмайды,  пайда  болған  нәрсе 

өмірде  бар  молекулалардың  қосылысы,  ажырауы  нәтижесінде  өмірге 

келеді.  Бүгінгі  парта  осылай  бола  салған  жоқ.  Алдыңғы  күні  кішкене 

ұрықтан  ағаш  боп  ондаған  жылдар  өсіп  тұрды,  кеше - бірнеше  жыл 

құрылыс  материалы  боп  жатты,  бүгін - парта  боп  келіп  тұр,  ертең - ол 

отын, арғы күні - жартысы ауаға кеткен, жартысы күл боп жерде қалған 

нәрсе.  Күл  басқа  нәрсеге  сіңіп,  ауа  миллион  саққа  бөлініп  дүние 

жалғасып,  айналып  кете  береді.  Тек  біз  бірнеше  жыл  бойына  партаны 

көріп  тұратын  себебіміз - оның  тізбегі  асықпай  жүретіндігінде.  Ал  басқа 

бір  процестердің  тізбегі  тез  жүреді.  Тізбекке  түспейтін  нәрсе  өмір 

сүрмейтін  материя,  өйткені  қозғалыс  материяның  өмір  сүру  нысаны 

(формасы). ‘’Объективтік  шындықтың  әрбір  құбылысы,  кез  келген 

процесі  немесе  заты - бар  болғаны  оқиғалардың  жалпылама  тізбегінің 

бір сәттік звеносы ғана’’.

4

  

Мысалға,  Демокрит  айтқандай ‘’Бір  түскен  суыңа  екінші  рет  түсе 



алмайсың’’,  өйткені  ол  да  қозғалыста,  суға  сүңгіп  шығып,  бір  минуттан 

соң  қайта  сүңгісең  ол  су  емес  басқа  су - алғашқысы  одан  басқа  жерде 

ағып бара жатыр, судың өзге молекулаларына сүңгідің, уақыт та басқа. 

Ал  осы  таудағы  ағынды  суды  фотосуретке  түсіріп,  іле-шала  екінші  рет 

түсірсең  де  басқа  сурет.  Өткені  ештеңе  де  екінші  рет  қайталанбайды. 

Міне,  біздің  партаны  бес-он  жыл  бірқалыпта  көретіндігіміз  оның  бір 

‘’фотосуретке’’ 

түскен 


сәті 

салыстырмалы 

түрде 

тұрақты 


тұратындығында (ағын судай емес), тізбегі асықпай жүретіндігінде, бірақ 

ол да асықпай болса да қозғалып бара жатыр бізге білінбей. Үлкен тарих 

үшін  партаның  бес-он  жыл  тұрғаны  фотосуретке  түсіруден  де  тез.  Ал 

оның  осы  күндегі  тізбеке  келу  себебі  мен  болашақтағы  жай  күйін  білу 

үшін  олардың  алдындағы  өткен  негізгі  тізбектерін  білу  керек.  Оны  білу 

детерминизмді  білуге,  яғни  құбылыстар  мен  процестердің  жалпыға 

бірдей тәуелділігін білуге нұсқайды. 

 

4



 Êàèðæàíîâ Å.È. Ïðè÷èííîñòü â êðèìèíîëîãèè. À., 2002. Ñ. 133. 

 

 

31



Детерминация процесі тек қана себептілік байланысын білдірмейді, 

сонымен 


қоса 

байланыстың 

өзге 

нысандарын 



да 

білдіреді: 

функционалдық,  статистикалық  тәуелділік,  жағдайлардың  тәуелділігі, 

т.б. 


Функционалдық 

тәуелділік 

екі 

фактордың 



өзгерісіндегі 

паралеллизмді білдіреді. Мысалға, жұмыссыздық факторынан ұрлықтың 

өсуі және сатып алу сұранысын төмендетеді (ақша таппағандықтан). Ал 

ұрлықтың  өсуі  мен  сатып  алу  сұранысының  әлсіреуі  арасындағы 

байланыс  себепті  байланыс  емес,  функционалдық  байланыс,  өйткені 

екеуі  бірінен  бірі  туындамайды,  екеуі  де  жұмыссыздықтан  туындаған 

салдар.

 

Статистикалық  байланыс  бір  фактордың  сипатының  өзгеруінен 

келесі фактор сипатының өзгеруін туындатады. Мысалға, аумақта халық 

көбейген  сайын  қылмыс  та  көбейеді,  бірақ  әрбір  он  мың  халыққа 

шаққандағы пропорциясы бірдей.

 

Жағдайлардың  тәуелділігі  бір  құбылыстың  бір  кездегі  жағдайы  осы 

құбылыстың  басқа  бір  бұдан  кейінгі  сәтіндегі  жағдайын  айқындайды. 

Мысалға, 

кәмелетке 

толмағандар 

қылмыстылығының 

жалпы 


қылмыстылықтағы  үлес  салмағы  үлкен  болса,  ол  тиісті  шаралар 

қолданылмаса, бес-он жылдан соң жалпы қылмыстылықтағы рецидивтік 

қылмыстылықтың  үлес  салмағы  басым  болатындығын  одан  кейінгі  бес-

он 


жылда 

жас 


уақытында 

бірнеше 


рет 

сотталғандардың 

қылмыстылығының үлесі көп болатындығы туындатады.

 

Себептілік  детерминизмнің  негізгі  мазмұнын  құрайды.  Дүниеде 

себепсіз  салдар  болмайтыны  да  ақиқат.  Әрбір  салдар  үлкен  тізбектегі 

басқа салдардардың себебі болып табылады. Сонда себептің салдарға 

айналу механизмі қандай?

 

Жалғыз себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті 

кешені  керек.  Себептердің  саны  мен  маңызы  қажетті  кешенге 

жақындаған  сайын  салдар  туындау  ықтималдығы  да  арта  береді. 

Ықтималдақтың ең шарықтау шегі қажеттілік болып табылады. 

 

Осы  жерде  мынандай  бір  шкаланы  сызу  артық  болмайды  және 

автор  тек  түсіну  үшін  ғана  ұсынып  отырғандығын,  автор  кейбір 

қолданатын  терминддердің  ғылымда  жоқ  екендігін  ескертеді (6-суретті 

қараңыз).

 

Бұл  шкаланың  атын  ықтималдық  шкаласы  деп  атауға  болады. 

Мұндағы  С1,  С2,  С3,  Сn - себептер.  Неғұрлым  себептің  саны  мен 

маңызы  артқан  сайын  соғұрлым  салдар  туындауының  ықтималдығы 

артағы,  яғни  ықтималдық  шкаласы  көтеріліп  қажеттілікке  жақындайды, 

ал  керісінше  болса,  кездейсоқтықтың  туындау  ықтималдығы  артады. 

Тіпті, ықтималдық жоғары көтеріліп қажеттілік туындаған күннің өзінде де 

ол салдар міндетті түрде туындайды дегенді бідірмейді, ол үшін тағы бір 

адым  қажет.  Бұл  адымды  философияда  секіріс  деп  атайды.  Ол  соңғы 

секіріс  қажеттіліктен  қайтымсыздыққа  (неотвратимость)  өту  Міне, 

осыдан соң ғана міндетті түрде салдар туындайды. 

 


 

 

32



6-сурет. Себеп-салдар қатынасындағы ''ықтималдық 

шкаласы''

 

   


 

       

 

                             



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 



+100 



-100 

Ñ

2

 

Ñ

1

 

Ñ

3

 

Ñ

n

 

Ñàëäàð –

ê¾òiëåòií 

i

²àæåòòiëiê

Êåçäåéñîºòûº

²àéòûìñûçäûº 

ʾòiëìåãåí 

êåçäåéñí¸òèæå 

 

 

 

 

Және  философияда  кездейсоқтық  туралы  да  бірізділік  жоқ. 



Біреулері кездейсоқтық өмірде бар десе, келесілері ондай құбылыс жоқ, 

кездейсоқтық дегеніміз танылмай қалған қажеттілік деп есептейді. Соңғы 

пікір  көңілге  қонымдырақ,  себебі,  себепсіз  салдар  болмайтыны  ақиқат 

болса , кездейсоқтыққа да орын жоқ. Егер адам бір жағдайға кездейсоқ 

тап болса, ол сол адам үшін ғана кездейсоқтық, ол  оның ғана танымай 

тұрған  қажеттілігі,  ал  құбылысқа  объектитвтік  тұрғыдан  келгенде  ол 

қажеттілік боп шығады. Мысалға, тиында лақтырып не сан, не герб жағы 

түсетінін  білмей,  қай  жағын  қағып  алсақ  та  кездейсоқ  деп  есептейміз, 

өйткені  біз  өзіміздің  бармағымыздың  күшін,  тиынның  аспанға  ұшу 

биіктігін,  ауаның  тығыздығы  мен  оның  құрамын,  әлі  қандай  биіктіктен 

тиынды  қағып  алатындығымызды  тани  алмаймыз,  егер  де  осы 

айтылғандардың  барлығын  есептей  алатында  құрал  табылса,  тиынды 

лақтырған  бетте-ақ  не  түсетінін  болжай  алар  едік  (қажеттілік).  Не 

болмаса,  көшеден  көптен  көрмеген  танысты  кездестіру  де  сіз  үшін 

кездейсоқ, бірақ ол сіз үшін ғана.

 

Осыған  қарамастан  философияда  жаңадан  бой  көрсеткен  ағым - 

синергетика (негізін қалаушы Илья Пригожин) кездейсоқтықты мойындап 

қана  қоймай  оны  дамудың  негізі  деп  есептейді.  Мұндай  түсінік 

детерминизмнің  мүлде  кейпін  өзгертеді  (олар  детерминизмді  жоққа 

шығармайды,  тек  туындауы  мүмкін  бірнеше  салдарды  күтеміз  деп 

есептейді).  Мұны  олар  өмірде  кездейсоқ  жағдайлардың  әлдеқайда  көп 

кездесетіндігімен  түсіндіреді.  Ал  егер  шынымен  де  өмірде  олар 



 

 

33



айтқандай  кездейсоқтық  көптеп  кездессе,  кездейсоқтықты  жоққа 

шығарытын  түсінік  бойынша  ол  адамзаттың  әлі  де  объектитвтік 

шындықтың  біраз  нәрсесін  білмейтіндігімізді  көрсетеді.  Яғни  Платон 

айтпақшы ‘’Менің  білетінім - ештеңе  білмейтінім’’  болып  шығады,  бірақ 

‘’Менің білетінім - ештеңе білмейтінім, бірақ өзгелер осыны да білмейді’’ 

деген  Аристотельдің  толықтыруын  да  ұмытпайық.  Өмірді  біз  үшін 

тылсым дүниелердің пайда бола беруі адамзаттың да оны көре алатын 

мүмкіндігінің  кеңейгендігімен  де  түсіндіруге  болады,  себебі  Әл-Фараби 

айтпақшы ‘’Біз ғылымға неғұрлым жақындай түскен сайын, ол да бізден 

соғұрлым қаша түседі’’. 



 

 

2. 



Қылмыстылықтың  себептері  туралы  негізгі  теориялар

Адамзат  тарихында  қылмыс  себептері  туралы  ойланбай  кеткен  ұрпақ 

жоқ.  Көне  адамдар  сүйеніп  келген  көне  діни  кітаптардың  барлығы 

адамзаттың  атасы  Адам  ата  мен  Хауа  ананың  пайда  болған  кезеңінен 

бастап  олардың  балалары  Қабыл  қызғаныштан  өз  бауыры  Абылды 

өлтірген. Осы проблема қандай ұрпақ буынын болса да айнылып өткен 

емес.  Қылмыстардың  себептері  туралы  көзқарастарды  әр  түрлі 

теориялардың 

маңына 

шоғырландыруға 



болады. 

Профессор 

Е.І.Қайыржановтың  ізімен  жүрсек,  оларды  биологиялық,  генетикалық, 

психологиялық  және  социологиялық  деп  топтастыруға  болады, 

сондай-ақ    бұдан  басқа  да  теологиялық,  астологиялық, 

астрономиялық т.б. теориялар бар.  

 

а) 

Биологиялық 

теориялар. 

Жоғарыда 

аталғандар 

теориялардың  ішінде  антропологиялық  (биологиялық  теорияның  айқын 

көрінісі) зерттеулердің қоғамдық жаңғырығы да қатты шықты. Тіпті, оның 

атын  М.Әуезовтың ''Абай  жолынан''  қаладан  келген  Әбіш  пен  Абайдың 

әңгімесінен де кездестіруге болады. 

 

Қылмыстылық  мәселесі  бойынша  антропологиялық  мектептің 

негізін  қалаушы - австриялық  френолог  Галль (1758-1828) болатын 

(1825 ж.). Ол қылмыс жасайтын тұлғаларды үш топқа бөлді:



 

-  қылмыскерлер, яғни тумысынан болатын қылмыскерлер, әйтпесе 

олардың  ішкі  рухы  мықты  және  анау-мынау  үгітке  көне  бермейді.  Олар 

қылмыс  жасаса  біреудің  айтауымен  емес,  өз  қалауымен  жасайды  және 

ішкі  қасиеттерін  қаласа  заңмен  ғана  емес,  одан  жоғары  идеалдармен 

сәйкестендіре алады. 



 

-  табиғатынан  жұрдай  боп  туғандар,  яғни  ішкі  рухы  жоқ,  тек 

қылмысты біреулердің азғыруымен, итермелеуімен жасайды.

 

-  жоғарыда айтылған екеуінің арасындағы дүбара адамдар. Оларға 

табиғат  жақсы  мен  жаманды    қатар  берген,  олардың  қылмыстық  жолға 

түсуіне сыртқы ортаның үлесі зор.



 

Антропология  ғылымының  бір  саласы,  адамның  бас  сүйегінің 

белгілеріне  қарап  оның  қасиеттерін  анықтайтын  френология  ілімін 

насихаттауды  бетке  алса  да  Галльдің  жалқаулығы  мен  әдебиетке 

шорқақтығы  оның  антропологиялық  зерттеулердің  негізін  қалаушы 


 

 

34



болса да криминология тарихында нықты орын алуына кедергі келтірді. 

Өйткені,  оның  айтқан  идеялары  көңілге  қонымды,  дамытуға  тұрарлық 

болса да әрі қарай Галльдің қолымен жалғастырылмады. 

 

Ары 


қарай 

криминологияның 

тарихында 

антропологиялық 

мектептің  өкілі  ретінде  түрме  дәрігері,  Турин  Университетінің 

профессоры Чезаре Ломброзо (1835-1909ж.ж.) келді. 



 

Ол алғашқы күндерінен бастап ‘’қылмыскер қылмыскер  боп туады’’ 

деп  жар  салды. ‘’Желтоқсанның  бір  түнерген  күнінде  мен  каторжниктің 

бас сүйегінен төменгі сатыдағы омыртқалыларында болатын белгілерге 

ұқсайтын 

атавистік 

ауытқушылықтардың 

сериясын 

аңғардым. 

Осыншалықты  айқын  ауытқушылықтарға  көз  сала  отырып  маған  бір 

сәуле  қара  түнекті  көкжикке  шейін  жарыққа  бөлегендей  болды - мен 

қылмыскерлердің  мәні  мен  пайда  болуы  проблемасы  мен  үшін 

шешілгенін  ұғындым’’,-  деп  бастайды  ол  өзінің ‘’Қылмыстық  адам 

туралы’’ деп аталатын көптомдық еңбегін (1871-1876ж.ж.).



 

Галльге  қарағанда Ломброзо өз идеясына берілген, сондай-ақ өте 

еңбекқор адам болып шықты. Отыз жылдан аса жүргізген зерттеуінде ол 

он  бір  мыңнан  аса  қылмыскерді  зерттеді.  Тіпті,  өліп  қалса  да  атағы 

шыққан мыңдаған кәнігі қылмыскерлердің қабірін қазып алып сүйектерін 

өлшеді.  Жаңадан  қайтыс  болған  қылмыскерлердің  сүйектерін  өлшеп 

қана  қоймай,  ішкі  органдарының  салмағын  өлшеп,  олардың  түсін  де 

жазып  алды.  Францияда  Париж  коммунасы  болғанда  коммунарлардың 

(көтерілісшілердің)  қылмыстық  әрекетімен  байланысты  антрологиялық 

белгілерін  анықтау  үшін  Париж  сапарына  аттанды.  Осы  үшін  әдейі 

ұсталған  елу  коммунарды  бөліп  алды.  Оның  өз  ұстанымына  беріктігін 

мына  бір  әзіл  әңгімеден  де  аңғаруға  болады.  Бірде  анатомия  пәнінен 

болып жатқан емтиханда ол студентке қаңқаның қол сүйегін беріп жатып 

мынандай тапсырмалар беріпті: мына адам тірі кезінде жынысы қандай 

болған?  Қандай  еңбек  түрімен  айналысқан?  Қандай  адамгершілік 

қаситтері  болған?  Қанша  жасында  қайтыс  болған?  Сонсоң. -дей 

бергенде сөзі емтихан комиссиясының төрағасы Бруно бөліп жіберіпті де 

‘’Ол кісінің атын сұрауды да ұмытпаңыз’’,- деген екен.



 

Ломброзо  қылмыскерлерге ‘’Сендер  арғы  жануар-аталарыңның 

қасиетін  алып  туғандарыңа  кінәлі  емессіңдер’’  деп  басу  айтты,  бірақ 

‘’Бізді  де  кінәламаңдар,  өйткені  сендердің  тұла  бойларыңда  баяғы 

жануар  аталарың  үнемі  жаңғырып  тұрады,  осы  кездерде  тәртіптен 

ауытқып,  қылмыс  жасап  бізге  зақым  келтірулерің  мүмкін.  Сондықтан, 

өзіміздің  қауіпсіздігімізді  қорғау  үшін  біз  сендерді  бостандықтарыңнан 

айруға мәжбүрміз’’,- деген болатын. 



 

Ол қылмыскерлердің негізгі үш типін қалыптастырды:



 

1)  кісі өлтіргіштер - қанталаған салқын көзді, төмен тартқан қошқар 

мұрында болып келеді;



 

2)  ұрылар - көзі  мен  қолы  сұғанақ,  қысық  көзді,  сирек  сақалды 

қисық мұрын;



 

3)  зорлықшылар - жарқыл  көзді,  ат  жақты,  ерні  дүрдиген  нәзік 

денелі боп келеді.



 

 

 

35



Әрине,  Ч.Ломброзоның  тұжырымдары  жұрттың  бәріне  бірдей 

ұнаған жоқ. 



 

Әлемнің  әр  түкпірінен  оған  қарама  қарсы  зерттеулер  де  жүргізіліп 

жатты.  Тіпті,  кейбір  оның  замандастары ‘’профессордың  сөзіне  сенсек 

қылмыстылықпен  күресу  тіпті  де  оңай,  өйткені  адамды  өлшеп, 

салмақтап..  дарға  асса  болғаны  (измерить,  взвесить  и  повесить)’’,-  деп 

келекеледі.



 

Ағылшын ғалымы Ч.Горингтің басқаруымен үш мың қылмыскерлер 

мен  қарапайым  адамдар  (соның  ішінде  студенттер  де  бар)  зерттеліп 

олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екендігін анықтады. Не 

болмаса,  ағылшын  дәрігері  Н.Ист  те  осындай  тұжырымға  келді (400 

адам).  Не  болмаса  өзге  ғалымдар  әр  жерде  антропологтың  айтқан 

сөзінің ақиқат-жалғандығана өздері көз жеткізіп жатты. 

 

Бірақ  бұл  да  Ломброзоның  пікірлестерінің  легін  толастата  алған 

жоқ  болатын.  Дегенмен,  оның  тікелей  шәкірттері  Энрико  Фэрри (1856-

1934)  мен  Рафаэль  Гарофалло (1852-1934) (ең  алғаш ‘’Криминология’’ 

атты  еңбек  жазушы)  ұстаздарынан  гөрі  әлеуметтік  факторлардың 

адамды қылмыскер ететіндігіне сенімді болды. 



 

Сөйтіп,  отыз  жылдан  аса  зерттеу  жүргізе  келе  кейіпкеріміз  өз 

көзқарасын  аздап  өзгертті.  Өмірінің  соңғы  жағына  қарай  жарыққа 

шығарған  кітабында  ол    бұрынғыдай ‘’қылмыскер  боп  тек  қана  туады’’ 

деп  жар  салмай  қылмыскер  болуға  көптеген  факторлар  әсер  етеді  деп 

илікті.  Ол  он  бес  факторлардың  тізімін  көрсетті,  бірақ  соның  біреуі 

‘’тумысынан  болатын  қылмыскер’’  деп  әуелгі  идеясынан  мүлде  бас 

тартқан жоқ.



 

Әлбетте,  Ломброзоға  сүйеніп  адамның  ішіне  емес,  түсіне  қарап 

соттауға,  өлтіруге,  піштіруге  (ол  осыны  зорлықшыларға  ұсынған 

болатын)  болмас.  Бірақ  оның  ғылымдағы  еңбегін  де  ысырып  тастауға 

болмайды.  Сонда  сырт  көзге  қарағанда  осыншалықты  бетіне  лаққан 

идеяның қаншалықты ғылымға сіңірген үлесі бар? 



 

Біріншіден, теріс нәтиже - ол да нәтиже. Және оны Ломброзо ешкім 

қайтып оралмайтындай етіп жеткіліктіден де жеткілікті дәрежеде (11 000 

адам) зерттеп дәлелдеді.



 

Екіншіден, 

Ч.Ломброзоның 

идеясы 


мен 

жасаған 


еңбегі 

қылмыстылықтың себептері мен оның алдын алудағы ең алғашқы және 

ешкімге жалтақтамаған батыл қадам болды. Көптеген криминологияның 

пайда болуына үлес қосқан зерттеу жүмыстарына Ломброзоның сөзі мен 

еңбекқорлығы  түрткі  мен  қамшы  болғаны  анық.  Ломброзо  олай  демесе 

де  криминология  пайда  болар  еді,  бірақ  оның  еңбегі  жай  ғана  емес, 

қомақты еңбегі осы процесті бірнеше жылға жеделдеткені хақ.

 

Оның айтқанын ‘’теріс нәтиже’’ деп жауып қойғанмен әлі де болса 

антропология  криминология  терминінің  өзінде  пайда  болғанын 

(антрополог  Топинар 1879 жылы  енгізді)  ескертпей  кетіп  жүрген  жоқ, 

авторлар биологияға (соның ішінде, антропологияға) соқпай кетіп жүрген 

жоқ.  Мысалға,  американ  ғалымы  Э.Хутон 1939 жылы ‘’қылмыскерлерді 

даму  дәрежесіне  қарай  төменірек  тұрады’’  деп  мәлімдеді  өз  еңбегінде. 


 

 

36



                                                          

Не болмаса, тіпті, неоломброзианство деген ағымның бар болуының өзі 

де көп нәрсені аңғартқандай.

 

 

ә) Генетикалық теориялар. Бұл теориялардың екі ағымы бар: бірі 

‘’қылмыстық ген’’ деп аталса, келесісі ‘’артық хромосома’’ деген айтарға 

ие. 

 

Қылмыстық ген теориясын арнайы теория болмай тұрып-ақ та қазақ 

арасында  кең  тараған,  яғни  қылмыскер  гендік  ақпаратын  алған  ата-

аналарында  (не  одан  да  бұрынғы  тегінде)  шартты  түрде ‘’қылмыстық’’ 

деп  атауға  болатын  ген  болады.  Осы  генді  алған  тұлғаның  қылмыскер 

боп  кету    шансы  көбірек.  Ол  карта  ойыны  сияқты.  Егер  ойыншының 

қолында  жақсы  карталар  отырса,  оның  ұтып  кету  шансы  көбірек  те, 

келесі  нашар  карталарды  иеленіп  отырған  ойыншының  ұтып  кету 

мүмкндігі  аз.  Қылмыстық  генмен  туған  адам  да  осында  жақсы 

карталармен отырған адам тәріздес қылмыскер боп кету шансы көбірек 

ал  қарапайым  адамның  ондай  шансы  азырақ.  Бірақ  жақсы  картамен 

отырған  адам  да  ұтылып  қала  алады  ғой,  сондықтан  ол  маңдайға 

басылған таңба емес, тек шанс қана. Немесе керісінше нашар картамен 

отырған дам да ұтып кетуі мүмкін, яғни қылмыстық гені жоқ адамдар да 

қылмыскер бола береді. 

 

Осыған  байланысты  зерттеушілер ‘’егіздер  әдісі’’  деп  аталатын 

криминологиялық әдіс қолданған, яғни 249 жұп біржұмыртқадан, 264 жұп 

екіжұмыртқадан  ұрықтанған  егіздерді  зерттеген.  Нәтижесінде - егер  де 

осы  жұптардың  біреуі  қылмыс  жасаған  болса, 62,6 % жағдайда  екінші 

сыңарлары  қылмыс  жасаған.



5

  Олардың  ойынша  тұқым  қуалаушылық 

факторының  ықпал  ету  үлесі  75-80 % те,  сыртқа  ортаның  ықпал  ету 

үлесі 20-25%. 



 

Генетикалық  теориялардың  келесі  ағымы  ''артық  хромосама'' 

туралы.  Оның  негізін  қалаушы  американ  биологы  Морган  Томас  Хант 

(1866-1945ж.ж.). Осы ағым бойынша қарапайым адамда 23 жұп, яғни 46 

хромосома  болатын  болса,  кейбір  генетикалық  тұрғыдан  ауытқып 

туғандарда артық 47-ші хромосома болады. Осындай адамдардың үлесі 

қылмыс жасамаған адамдарға қарағанда қылмыс жасағандардың ішінде 

80 есе көп. 



 

б)  Психологиялық  теориялар.  Қылмыстылықтың  себептері 

туралы  психологиялық  теориялардың  да  екі  ағымы  бар:  бірі - 

психопатиялық ағым, келесісі - психоаналиткалық.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет