Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов


Әдебиет тарихының 1920-1930 жылдардағы зерттелуі



бет15/44
Дата06.10.2024
өлшемі1,3 Mb.
#146936
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
Î?óëû? Àñòàíà-2017 ?îæ êáæ ? Áàñïà?à Å. À. Á?êåòîâ

Әдебиет тарихының 1920-1930 жылдардағы зерттелуі





ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебие- тін ғылыми тұрғыда тану мен дәуірге бөлуде алғашқы қадам жасаған әде- би-тарихи ой-пікір төңкерістен кейін- гі жылдарда жалғаса түсіп, әдебиет туралы ұлттық ғылымның туу дәуірі- не тән күрделі мәселелерге араласа бастады. «Әрбір халықтың әдеби- көркем мұрасында оның бүкіл тари- хы мен жан-дүниесі, дүниетанымы жатады. Сондықтан келешек ұрпақ үшін ол рухани өмір тәжірибесінің мәңгі тірі бастаулары болып санала- ды. Бұл шындық Қазан төңкерісінен
кейін-ақ бірден өзіне жол сала бас- тады», – деп жазылғанындай, өз бағыт-бағдарын танып қалған әде- би-тарихи ой-пікір төңкерістен соң әр түрлі сипаттағы концепциялар мен көзқарастарға кездесті. Олар әдебиет тарихын классикалық мұ- раны жаңаша тануға ұмтылған әр қилы әдістерге сүйенген теориялар еді. Оның басты себебі, әдебиет- тану ғылымы 1920 жылдардың бас кезінің өзінде-ақ классикаға, яғни өткен дәуірдегі өмір сүрген ақын- жазушылар шығармашылығына, ерек-




ше көңіл аударудың болуы еді. Қа- зақстан сияқты ұлт аймақтарын бы- лай қойғанда «академиялық мектеп» атанып, әдебиет тарихын зерттеу са- ласында дәстүрлі жолы бар орыс әде- биеттану ғылымының өзі 1920 жыл- дан бастап орыс классиктерін әде- биеттің таптығы принципіне сай жаңаша зерттеуді қолға алды. Ғалым С. П. Машинский бұл туралы: «Ле- нинская концепция классического на- следия легла в основу художествен- ной политики Советской власти. Воо- руженное марксистко-ленинской ме- тодологией, советское литературо- ведение обнаружило принципально новый подход к исследованию ху- дожественного творчества и стало важной областью идеоло-гической жизни. Одним из важнейщих орудий духовного воспитания людей стало художественное наследие класси- ков», – деп жазады [39, 11].
Әдебиеттану ғылымының ал- дында бұл бағытта бірнеше күрделі міндеттер тұрды. Ол біріншіден, классикалық мұраны жинап, тексто- логиялық салыстыру жасай оты- рып басып шығару, халық игілігіне ұсыну болса, екіншіден, осы ақын- жазушылардың шығармашылық жо- лы мен шығармаларын, эстетикалық көзқарастарын әр түрлі аспектіде қарай отырып ғылыми терең зерт- теу жүргізу керек болды. Маркстік- лениндік ілім өз әдіснамасын жан- жақты насихаттап баққанымен,
әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми- зерттеушілік ой-пікір оны бірден қабылдай қойған жоқ. Басқаша ба- ғыт, жаңа әдіс-тәсіл іздеп, «пролет- культшылдарды» былай қойғанның өзінде «формальды әдіс», «тұрпайы социологизм», «бірыңғай ағым те- ориясы» секілді концепцияларды туғызды. Сол себептен де «поступа- тельное развитие марксистко-ле- нинского литературоведения шло в острой идеологической борьбе с различными ошибочными концеп- циями» болды да, төңкеріске дейінгі ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өзінің келе жатқан жолынан шатасып, азды-көпті тәжірибесінен айырылып қалды.
Мысалы үшін орыс әдебиеттану ғылымының төңкерістен кейінгі клас- сикалық мұраны зерттеудегі жолына көз салалық. Әдебиетті географиялық және тарихи ортасына, биографиялық фактілерге бағындырып зерттейтін – мәдени-тарихи, орыс әдебиетін бас- қа халықтар әдебиетімен салыстыра тексеруді басшылыққа алған – салыс- тырмалы тарихи, әдеби мұра мен та- рихи ескерткіштерді текстологиялық жақтан зерттеген – филологиялық, белгілі бір ақын-жазушының шығар- маларының образдық жүйесіне пси- хологиялық талдау жасай отырып тексеретін психологиялық сияқты мектептері болған орыс әдебиеттану ғылымының өзі классикалық мұраны зерттеуде елеулі қателіктер жіберді.




«После Октябрьской революции наше литературоведение было поставлено перед грандиозной задачей: на основе марксистко-ленинской методологии заново «прочитать» всю историю оте- чественной литературы» дегендей, әдебиет тарихын жаңа әдіспен зерт- теу қажет болды. Ол қиын да күрделі жұмыс еді. Ол үшін марксизм-ле- нинизм жетекші идеология болып отырған жаңа қоғам әдебиет тари- хын зерттеу жұмыстарына еңбекші тап тұрғысынан қарауды қатаң та- лап етті. Маркстік социологиялық әдеби-тарихи талдау жасау әдісін басшылыққа ала отырып, белгілі бір дәуір әдебиетін сол әлеуметтік және тарихи жағдайларға сай көркемдік ерекшелігі мен сипатын ашуда, әдебиеттің даму жолындағы ұлттық, тарихи, әлеуметтік заңдылықтарды табуда, жеке ақын-жазушының шы- ғармашылығын зерттеуде әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы секілді принциптер тұрғысынан ке- луді міндеттеді. Бұл ешқандай идео- логияның күштеуісіз дамып келе жатқан біздің ұлттық ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірімізге қиындық келтірді. Рас, қандай да болсын ғы- лым саласы өзінің туу, қалыптасу кезеңінде белгілі бір қате бағыттағы теорияларға қарсы күресті бастан кешетінін байқаймыз. Бірақ ол эво- люциялық даму заңдылығына сай біртіндеп жүзеге асуы тиіс. Ал маркстік-лениндік әдіснама үгіт-
насихатпен және көбіне күшпен енгі- зілді. Аяғынан енді ғана қаз-қаз тұра бастаған қазақ әдебиеттануы осыған тап келді. Сол себептен де 1920 жыл- дары ғылыми-зерттеушілік ой-пікір- де «формальды әдіс» айқын көрініс таппаса да, «бірыңғай ағым теория- сы» мен «тұрпайы социологизм» концепциясы зерттеу жұмыстарында анық байқалды. Қазақстанда, әсіресе
«пролеткультшылдардың» ожарлы- ғы, оның нигилистік позициясы ай- рықша даңғазаланды. «Поиски исти- ны в научном исследовании никогда не даются легко. Особенно тогда, когда они лежат в совершенно новой, неизвестной области. Вульгарная со- циология тоже по своему была поис- ком истины, но в неверном направле- нии» дегендей бұлардың барлығы да ізденіс жолындағы әр түрлі бағыттар еді [39, 45].
1920 жылдардың басынан орыс әдебиеттану ғылымында Г. В. Пле- хановтың эстетикалық теориясын- дағы көркем творчествоны социоло- гиялық тұрғыдан тексеруді ұсынған ғылыми қағидалары Е. Соловьев-Ан- дреевич, В. П. Переверзев, В. Фриче, П. Н. Сакулиндер және т.б. тарапынан қолдау тапты. Бұлар өз еңбектерінде әдебиеттану ғылымында әдеби мұ- раны зерттеуге негізгі әдіс ретінде
«формалдық-социологиялық әдіс» пен «тұрпайы социологизмді» ұсын- ды. Тұрпайы социологизмді жақтау- шылар марксизм ілімін формализм-




мен ұштастыра қарады. Олардың ойынша, социологиялық әдіс өзінің зерттеу обьектісіне өнердің маз- мұнын алса, формальдық әдіс-фор- масын тексереді, яғни екі әдіс бір- бірін толықтырады деп есептеді. Бұл әдебиет тарихы мен классикалық мұраны зерттеуде біржақтылыққа ұрындырды. Әдебиеттің көрнекті бір өкілінің творчествосын талдауда
«тұрпайы социологизм» басшылыққа алынып, шығармаларын тексерген- де әлеуметтік, таптық негізін ашу мен идеясынан саяси астар іздеуде жазушының қай таптан шыққанына көп көңіл аударылды.
Классикалық мұраны игеруде бұ- рыннан азды-көпті тәжірибесі бар орыс әдебиеттану ғылымы мен сы- нының өзі осы концепцияларға бой алдырып отырғанын байқасақ, әде- биеттану ғылымы мен сыны туып, қалыптасып үлгермеген ұлт респу- бликаларына тиген әсерінің өте қатты болғаны айтпаса да түсінікті.
Классикалық мұра – қандай ха- лықтың болсын ұлттық мәдениетін дамытуда ерекше ықпал жасайтын рухани байлық. Классикалық дәстүрі мен тарихи сабақтастығынан айы- рылған әдебиет өзінің ұлттық тамы- рынан да қол үзіп, өсу, даму жолын жоғалтар еді. Міне, сол себептен осы 1920 жылдары
Қазақстанда да әдеби мұраны иге- руге деген жаңа ықылас пен ынта біртіндеп пайда бола бастады. 1920
жылдардың бас кезінде мерзімді баспасөз бетінде өткен дәуірдегі әде- би мұраларды жариялау ісі қолға алынып, халық қадірлеп, үлгі тұтқан ақындар мен жыраулардың шығар- малары басыла бастады. С. Нұр- жановтың құрастыруымен «Абай термесі» (1917), Б. Күлеев бастырған
«Адасқан өмір» (1922) мен Ә. Ди- ваев құрастырған «Жеті батыр» жинағында С. Торайғыровтың по- эмалары (1924), Қазан мен Ташкент- те Абай өлеңдерінің толық жинағы (1921, 1924), Х. Досмұхамедовтің құрастыруымен «Мұрат ақын сөз- дері» (1924), «Исатай-Махамбет»
(1925), «Аламан» (1926) сияқты жи- нақтардың жарық көруінен басталған игілікті іс жалғаса түсті.
Бұл жұмысқа халық ортасы- нан шыққан фольклорлық-этногра- фиялық экспедициялар басшылық жасап, ел ауызынан жазып алынған және мерзімді баспасөз бетінде жарияланған шығармаларды жинақ- тай отырып, Бұқар жыраудың, Ба- зар жыраудың, Шернияз ақынның, Ы. Шөрековтің өлеңдер жинағы басылып шықты. 1930 жылдар- дан бастап қазақ кеңес әдебиетінің ақын-жазушылары да қызу аралас- ты. С. Сейфуллин құрастырып, ал- ғысөзін жазған Ақмолланың (1935), Ы. Алтынсариннің (1935), Ақан серінің (1935), І. Жансүгіров шы- ғарған Сүйімбайдың (1935), Қ. Жұ- малиев бастырған Махамбеттің,




М. Жұмабаев шығарған Шәңгерейдің шығармалар жинағы бүкіл халықтың рухани қазынасына ғана емес, жас талапкерлердің үлгі алар мектебіне, туып келе жатқан қазақ әдебиеттану ғылымының әдебиет тарихын жасау бағытындағы зерттеу жұмыстары- ның нысанасына да айналды. Құ- растырып, алғысөз жазушылар сол ақынның өмірбаяндық деректерін келтіре отырып, оның өлеңдерін ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи оқи- ғаларға немесе ақын өмірінде болған шындыққа назар аударып, жазылу себебін ашуға талпынған. Сонымен қатар, ақын шығармашылығын жи- нап бастыру мен зерттеу жүргізу- дің тарихнамасын баяндап отырған. Бұл 1920 жылдарының бас кезіндегі жинақтардағы алғы сөздерде жиі орын алды. Себебі, әдебиет туралы ғылымның туу процесінде әдеби- тарихи білімдер системасының жи- нақталуы мен шығармаға алғашқы теориялық талдау жасау – осы ғы- лыми анықтамалық бағыттағы алғы- сөздер мен түсіндірмелерден баста- лады. Бұл тарихи-биографиялық сипаттағы анықтамаларда ақын өмі- рі, шығармалары туралы ғана емес, оның өмір сүрген дәуірі мен қазақ поэзиясындағы алатын орны жа- йында да пікірлердің кездесуін қа- зақ әдебиетінің тарихын жасауда- ғы алғашқы ізденістер деп бағалау қажет. Мысалға С. Сейфуллиннің Ы. Алтынсарин жинағына жазған
алғы сөзін алсақ та жеткілікті. Сә- кен Ыбырайдың өнерпаздық тұл- ғасын сөз еткенде педагогтік, ағар- тушылық қызметін айта келіп, қа- зақ прозасының негізін салудағы еңбегін ерекше атап, «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлға» деп бағалайды. Қорыта айтқанда, 20-жылдардың басында шыққан жи- нақтардағы тарихи биографиялық, ғылыми анықтамалық сипаттағы алғысөздер мен түсініктемелер әде- биетті ғылыми тұрғыдан тану мен әдебиет тарихы жасау бағытында жаңа жол ашты және оларда маркстік- лениндік әдіснамаға сай еңбекші тап мүддесінен қарау орын ала қойған жоқ.
Салыстырмалы түрде көңіл ау- даратын болсақ, осы тарихи биог- рафиялық, ғылыми-анықтамалық си- пат 1920 жылдардың басындағы классикалық мұраны сөз еткен әдеби- теориялық және әдеби-тарихи талдау, зерттеу бағытындағы ғылыми ой- пікірге ортақ қасиет еді. Сол кезде шыққан С. Нұржановтың, М. Жұ- мабаевтың, Б. Кенжебаевтың мақала- ларындағы басты мақсат – сөз етіп отырған ақынның өмір жолын таныс- тыру мен шығармашылығын наси- хаттау болғаны байқалады. Әйтсе де сол ақынның өнерпаздық тұлғасын көрсететін, қазақ әдебиетінің тари- хындағы орнын белгілейтін алғаш- қы ғылыми бағалаулар мен пікірлер кездесіп қалып отырады.




Мысалы, С. Нұржанов «Қазақ ақындарының көш бастаушысы Абай Құнанбаев – данышпан адам. Қа- зақтар оны айрықша қадірлейді және туған поэзиямыздың ұлы атасы, фи- лософ, қазақ ақындарының ұстазы деп біледі», – деген ғылыми негізі бар пікір білдірсе, М. Жұмабаев Ақан өмірі мен өнерін ағылшынның атақты ақыны Оскар Уайльд тағдырымен са- лыстыра отырып, кешегі зорлықшыл замандағы өмір жолы туралы ой қорытады. Ал Б. Кенжебаев Абайдың поэзиясындағы ағартушылық, әлеу- меттік идеялардың жырлануы мен қазақ өлеңіне қосқан новаторлық еңбегін көрсете отырып, «Абай – халық ақыны» деп сол кезең үшін мәні зор ғылыми жаңа ой айтады. Бұл пікірлер, біріншіден, қазақтың өткен дәуіріндегі өнер иелерінің творче- ствосына дәуір талабы тұрғысынан жаңаша көзқараспен бағалаудың белгісі болса, екінші жағынан, клас- сикалық мұраны әдеби-тарихи тұр- ғыда талдауға ұмтылған ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің күрделене түскенінің де айғағы. Сонымен қа- тар, революцияға дейінгі қазақ бас- пасөзіндегі ғұмырнамалық мақала- лардан басталған әдебиет пен көркем творчество туралы әдеби- теориялық сипаттағы ғылыми- сыншылдық ой-пікірдің 1920 жыл- дардың алғашқы жартысында-ақ өркендеу, тереңдеуі арқылы әдеби білім жүйесі нақтылана, мазмұндана
түсіп, әдебиеттің халықтығы де- ген негізгі ұғымды ғылыми мәнде айта алатын дәрежеге көтерілгенін байқаймыз. Әсіресе С. Нұржанов пен Б. Кенжебаевтың тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірінде классикалық мұраның ха- лықтық сипатын анықтау мақса- тында тұңғыш айтылуымен ғана емес, сол кезде пролеткультшыл- дық бағыттың ықпалынан өріс алған нигилистік көзқарастағы және ке- йінірек басталған «тұрпайы соци- ализм» әдісінің әсерінен Абай шы- ғармашылығын ақтап алуға ұмты- луымен де құнды.
Әдебиеттану ғылымының әдеби мұраны тарихи, ғылыми тұрғыда сөз етуден басталатын туу, қалыптасу процесі кезінде міндетті түрде шешіп алуға тиісті бірнеше проблемалық сұрақтар тұрады. Бұл сұрақтарды анықтап алмай тұрып, жеке ғылым саласы болып қалыптасуы мүм- кін емес. Олардың ішіндегі ең ма- ңыздылары – әдебиеттің ертедегі бастаулары қандай және ұлттық әдебиет болып қашан қалыптасты, ең алғашқы ақындары кім деген сұ- рақтар. Бұл сұрақтарды анықтап ал- май тұрып, даму жолы мен басты ерекшеліктерін табу, даму дәуірле- рін табу мүмкін емес. Біздің ойы- мызша, осы мәселелердің ғылыми тұрғыда қарастырыла бастауынан сол әдебиеттің тарихын зерттеу проб- лемасы көтеріледі де, әдебиеттану




ғылымы өзінің туа бастағанын көр- сетеді.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби-теориялық, әдеби-тарихи, ғы- лыми-зерттеушілік бағыттағы ой-пі- кірлер осы жолдан өтті. Жоғарыдағы проблемалық сұрақтарға өз қадір- халінше жауап беруге талпынған, қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми тұрғыда зерттеуді алғаш бастаған, белгілі бір кезең ақындарын сөз ете отырып сол дәуір әдебиетінің кескін- келбетін анықтауды ниет еткен ал- ғашқы ғылыми еңбек Ж. Аймауытов пен М. Әуезов «Екеу» деген псев- дониммен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала еді.
Мақаланың басты мақсаты – қазақ әдебиеті бар ма? (біздің ойымызша, жазба әдебиет. Ж. С.) бар болса кімнен басталды, көрнекті ақындары кімдер деген секілді сұраққа жауап беру. Авторлар қазақ поэзиясының көш басшысы деп Абайды атап, одан басталған ағартушы-демократтық ба- ғытты жалғастырушылар деп С. То- райғыров, М. Сералин, С. Көбеев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтарды алып, қысқаша таныстырып өтеді. Шығармаларына талдау жасалмағанымен, осы ақын- дар шығармашылығындағы халық мұңы мен заман келбетінің жырла- нуына тоқталып, ағартушылық, ха- лықшылдық идеяның басым бол- ғанын тап басып айтады. Абайдан соңғы дәуірдегі қазақ поэзиясындағы
өзіндік орны бар бұл ақындардың бұлайша топтастырылып қаралуы – сол кезеңдегі қазақтың ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірі үшін үлкен жаңа- лық, қазақ әдебиетінің тарихын зерт- теуге бастаған алғашқы қадамдар- дың бірі деп бағалаған жөн. Себебі, осы топтастыра қарап, пікір айтудың негізінде әдебиет тарихын дәуірге бөліп зерттеудің ғылыми бастамасы жатыр.
«Екеудің» мақаласында ұлт әде- биетінің ақын-жазушыларымен та- ныстыру мақсаты басым жатса, С. Садуақасовтың әдебиет тари- хын ғылыми тұрғыда тану мен дә- уірге бөлу нақты көрініс тапқан, оған жүйелі түрде талдау жасауға ұмтылған «Киргизская литерату- ра» (историко-критический очерк) деп аталатын мақаласының маңызы зор. Әдеби-тарихи бағыттағы ой- пікірінің салиқалығы мен байыпты тұжырымдар жасауынан автордың қазақ әдебиетінің тарихын зерт- теуді арнайы мақсат етіп қойға- нын байқаймыз. С. Садуақасов бұл тарихи-сын очеркінде қазақ әде- биетінің кескін-келбетін таныту үшін оны белгілі бір кезеңдерге бөле оты- рып тексереді. «Қазақ әдебиеті» әліп- темесінің мазмұнын шартты түрде іштей былайша жіктеуге болады:

  1. Әдебиеттің қазақ өміріндегі орны.

  2. Суырып-салма өнерінің (ауыз әдебиеті) болмыс-бітімі.




  1. Жазба әдебиеттің қалыптасуы.

  2. Қазіргі (18-жылдардағы) әде- биет.

  3. Қосымша: бүгінгі қазақ бас- пасөзі туралы ақпар-дерек», – деп жазады Д. Қамзабекұлы. Бұған алып қосарымыз жоқ. Бұл – Р. Мәрсеков- тің «Қазақ» газетіндегі «Қазақ әде- биеті жайынан» (1914, №112) атты мақаласынан кейінгі қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлуге жасалған екінші қадам. Сондықтан да зерт- теуді ғасыр басындағы ғылыми- зерттеушілік және сыншылдық ой- пікірдің ізденістері барысында қол жеткізген табысының жинақтала бе- рілуі десе де болады.

С. Садуақасов әдебиеттің бүкіл адамзат қоғамындағы алатын орнын айта келіп, оны тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрыппен сабақтастыра қарап, халық тарихы мен өмірді танытудағы маңызын ерекше атап өтеді. Әсіресе, ауыз әдебиеті туралы айтқанында оның ел есінде сақталуы мен тараты- луын ғылыми негіздей келіп, жыршы- жыраулық дәстүр мен суырып салып айту өнерінің қазақ арасында кең тарағанын, ауыз әдебиетінің ұлттық жазба әдебиеттің дамуына әсерін білімді әдебиетшіге тән көзқараста саралайды.
Р. Мәрсеков қазақ әдебиетін «жа- зудың қазақ арасына көбірек тараған заманындағы әдебиет» және «Абай- дан басталған жаңа әдебиет» деп бөлген болатын. С. Садуақасов жаз-
ба әдебиетті осы бөлудің екінші дәуірінен, яғни ХІХ ғасырдың екін- ші жартысынан бергі әдебиет деп алып, оның негізін салушылар ретін- де М. Ж. Көпеев пен А. Құнанбаевты атайды. Автор жазба әдебиет және қазіргі әдебиет дегенде екі арасы- на жіктеу қоймаған. Оның басты себебі – жазба әдебиетті халықшыл бағыт және жаңашыл ағартушылық бағыт деп алып, ақын-жазушыларды осы бағыттарға орай топтастыруды мақсат тұтқандығынан. Халықшыл бағыттың ірге тасын қалаған ақын деп, М. Ж. Көпеевті Абайдан бірінші қоюы да сол себептен. Ағартушылық жаңа бағытты түсіндіру үшін Абай өлеңдерінің мазмұны мен жырлаған тақырыптарына барып, қазақ поэзи- ясын дамытудағы еңбегін атап өтеді.
«Қазақ ақындарының ішінде өлең- нің жоғарғы деңгейдегі көркемдігі жөнінен Абайға пара-пар келетін ешкім жоқ», – деп жазады. Бірақ, автор ХХ ғасыр басына дейінгі әдебиеттен осы екеуінен басқа ешкімді де ата- майды. Басқаларын былай қойғанда кітаптары жиі шыққан Дулат, Шор- танбай, Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, Ш. Бөкеев, М. Сералиндердің атау- сыз қалуы түсініксіз.
Ғасыр басындағы жазба әде- биетті сөз етуде «Қазақ» пен «Ай- қаптың» осы екі бағытты дамы- тудағы үлесіне тоқтала келіп, түп- кілікті мақсаттары ұлт әдебиетін өркендетуде екеніне көңіл аударады.




Осы кезең әдебиетін таныстырған- да да ақын-жазушыларды аталған екі түрлі бағытқа сай бөле көрсету арқылы тұлғасына баға беріп, шы- ғармашылығының басты сипатын танытуға ұмтылады. Мысалы, А. Бай- тұрсынұлы – «халықшыл ақын, жастардың рухани ұстазы», М. Ду- латұлы – «Мәшһүр Жүсіптің жо- лын қуған, Абайдың пәлсапалық өлеңдеріне еліктеген ақын» болса, М. Жұмабайұлы – «өзіндік бағыты бар лирик, ойының пәктігі, өлеңнің көркемдік деңгейі жағынан өзіне дейінгілерден оза туған ақын» деген секілді бағалаулары бүгінгі таңдағы тұжырымдардан алшақ жатқан жоқ. Ең бастысы бұл пікірлердің осы ақын-жазушылардың көзі тірісінде- ақ айтылуында еді.
Бұлардан соң халықшыл бағыт- тың өкілдері ретінде Ғ. Қарашұлы, С. Дөнентайұлы, С. Шорманұлын атап, олардың өлеңдеріндегі «таза қа- зақы рух пен оның өн бойындағы ұлт- тық ағындардың» басым екенін көрсе- тіп, С. Торайғырұлы, А. Мәметұлы, С. Сейфоллаұлы, Б. Өтетілеуұлылары шығармаларындағы «орыстың жалаң үлгісін көшірумен» салыстыра оты- рып, ғылыми тұрғыда пікір білдіреді. Ал Шәкәрімді Абай салған дәстүр- мен танылған ақындар қатарында деп түсіндіреді. Бұл осы аталған ақын- жазушылар шығармашылығының ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде ал- ғаш рет талқыға түсіп, өздеріне тән
лайықты бағасын алуы екенін ескер- сек, ұлт әдебиетін тарихи танудағы сәтті бір қадам жасалғандығына куә боламыз.
С. Садуақасұлы қазіргі әдебиет деп атағанда, төңкерістен бергі жаңа замандағы әдеби дамудың сипаты- на шолу жасай кетуді ойластырған сияқты. Жаңа танылып келе жатқан жас талап ретінде Болғанбайұлы, Әлімбекұлы, Қауызжанұлы, Ғаббас- ұлы, Аймауытұлы, Әуезұлы, Кемең- герұлы, Тұрғамбайұлы, Жәнібекұлы- ларын атап, олардың келешегінен үлкен үміт күтетінін айтады. Кейін бұл үмітті Ж. Аймауытұлы, Қ. Ке- меңгерұлы, М. Әуезұлы толық мәнін- де ақтап шыққаны белгілі.
«С. Садуақасұлының «Қазақ әде- биеті» еңбегінің қазақ әдебиетта- нуындағы орнының ерекшелігі – оның бұл саладағы орыс тіліндегі алғашқы зерттеулердің бірі болуында ғана емес, қазақ әдебиетін осындай кең ауқымда жанр-жанрға жіктеп тұңғыш саралауында», – деп жаза- ды Д. Қамзабекұлы [40, 54]. «Жанр- жанрға жіктеп» дегеніне келісе қоймасақ та, бұл баға мақаланың ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кірге қосқан үлесін дұрыс көрсетіп отыр. Себебі, ұлт әдебиетінің бар- жоғын зерттеушілік көзқараста без- бенге салып, бас-аяғын түгелдеп, не- гізгі бағыттарын айқындауы, Р. Мәр- секов мақаласынан бері келе жатқан әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми-




зерттеушілік ой-пікірдің өсу, толысу жолын көрсетеді.
Ж. Аймауытұлымен бірігіп жаз- ған «Абайдан соңғы ақындар» ма- қаласындағы ұлт әдебиетін тарихи тұрғыдан тану жолындағы баста- маны М. Әуезов 1923 жылы жазған
«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты мақаласында тереңдетіп әкетті. Автор ұлттық әдебиет қашан, кімнен басталды (мақалада жазба әдебиет. – Ж. С.) деген проблемалық сұраққа 1920 жылдардың бас кезіндегі ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің өресі- мен жауап беруге талпынған.
Біздің ойымызша, М. Әуезовтің ғылыми жаңашылдығы қазақ әде- биетінің тарихын дәуірге бөліп тек- серуге жасаған тағы бір қадамында жатыр. Алдыңғы мақалада бір дәуір ақындарын Абайдан соңғы ақындар деп алса, бұл еңбегінде Абайдың алдындағы ақындар деп бірнеше да- рындарды атайды. Соған қарағанда, М. Әуезов қазақ әдебиетінің тари- хын Абайға дейінгі және кейінгі әдебиет деп бөліп қарастыруға кө- ңіл аударған. Нақты айтсақ, жаз- ба әдебиет Абайға дейін басталды дейді де, оны «көшпелі дәуір» деп атап, басты сарыны қайғы-зар бол- ғанын тілге тиек етеді. Ал Абайдан бері басталған дәуірінің сарыны реализм екенін дәлелдейді. Бұған қарағанда М. Әуезов әдебиет та- рихын көркемдік әдіс тұрғысынан дәуірлеуді мақсат тұтқан. Р. Мәр-
сековтің мақаласындағы ауыз әде- биетінен кейінгі «жазудың қазақ арасына көбірек тараған заманын- дағы әдебиет» деп атаған кезеңді М. Әуезов «көшпелі дәуір» деп өзгертеді. Оны кейінірек «Әдебиет тарихы» еңбегінде «Зар заман ақын- дары» деп нақтылағаны да бел- гілі. «Абайдың алдындағы адам- дар деп Шортанбай, Алтынсарин, Нарымбеттерді алу керек. Бұл адам- дардың қайбірінің Абайдан жас бол- ғандығын есеп қылуға болмайды. Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті, белгілі сарынды есепке алу керек. Осы соңғы екі сипатынан қарағанда әлгі төртеуі қазақ әдебиетінің көш- пелі дәуірінің ақындары деп саналуы керек... Бұл дәуірдің ақындары жаз- ба әдебиеттің басы екендігі даусыз» деген пікірін проффессор Т. Кәкішев
«ғылыми-көркемдік жағынан ұшқа- ры пікір» деп бағалайды [35]. Бұған біз де келісеміз. Бірақ, мәселе жазба әдебиетінің қашан басталғаны туралы пікірдің қате айтылуы мен көркемдік әдіс тұрғысынан дәуірленуінде емес, қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге бөле отырып зерттеу проблемасы- ның сол кездің өзінде көтеріліп, оған тың бағыттағы ізденістер жаса- уында. Сонымен қатар, сол кез- де айтылып жүрген қазақ жазба әдебиеті Абайдан басталады деген пікірге қарсы шығып, әдебиет тари- хын тереңірек, Абайдың алдындағы дәуірлерден бастап тексеру керек




деген тың ойдың ғылыми тұрғыда көтерілгенінде. Орыс әдебиеттану ғылымындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің өсуіне «Игорь полкі ту- ралы сөз» атты қолжазбаның табы- лып, жариялануының әсері қандай болса, біз үшін М. Әуезовтің әдебиет тарихын Шортанбайлар дәуірінен бастап зерттеу керек деген жаңаша бастамасының маңызы сондай. Орыс әдебиеттану ғылымында «Процесс исторического познания литературы в ХІХ веке углубляется. Немалую роль при этом сыграло опуплико- вание в 1800 году «Слова о полку Игореве». Это вызвало усиленный интерес к истории своей националь- ной литературы... Одновременно воз- никает стремление связать единой нитью развития «древнюю» и «сред- нюю» русскую литературу с новой, с литературой послепетровского времени. На этой основе озникают первые попытки периодизации исто- рии русской литературы...» болса [3, 225], М. Әуезов те қазақ әдебиетінің тарихы ертеден басталғаны тура- лы ғылыми тұжырым білдіре оты- рып, әдебиет тарихын дәуірге бөліп тексерудің жаңаша үлгісін ұсынып отырған жоқ па?
Егер әдебиет туралы ғылымның туып, дамуы әдеби хронология мен әдебиеттің әр дәуірдегі қоғамдық келбетіне сай өзгеріп отыратынын ескеретін болсақ, бұл үш мақаланың қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми
жүйелеуде жаңа жол салғаны дау- сыз. Әрине, бұл пікірді зерттеу тә- жірибесінің аздығы мен әдеби-тео- риялық, әдеби-тарихи талдау ба- ғытындағы ой-пікірдің енді ғана жетіле бастағанын есте ұстай айтып отырмыз. Бұл мақалаларда Абай шы- ғармашылығының қыр-сырын ашу мен әдебиет тарихын танып білу, зерттеуге бағытталған қадамдар анық сезіледі. Қорыта айтқанда, 1920 жыл- дардың бас кезіндегі тарихи ғұмыр- намалық мақалалар мен дәйекте- мелерде, түсініктемелерде классика- лық мұраны игерудің әр саласына қол созуынан қазақ әдебиеттану ғы- лымының туу процесін байқаймыз.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңдерін сөз еткен уақытта әдеби мұра мен көрнекті ақындар шығармашылығы туралы ой-пікірлер бірден сабасына түсе қоймады. Сол кездегі бүкіл кеңестік әдебиеттану ғылымы секілді Қазақстанда да әде- би мұраны, классикалық әдебиет өкілдерін зерттеу мәселесінде кейбір қате көзқарастарға, концепцияларға қарсы күрес жүргізуге тура келді. Бұл кезеңде, яғни 1920-1930 жылда- ры, башқұрттың халық ақыны С. Құ- даш айтқандай, «Әдебиетіміз тари- хын әлі толық түсініп бітпеген аса күрделі кезеңде», әдеби мұраны иге- ру, зерттеу, әдебиет тарихын жүйелеу саласындағы жұмыстардың тез да- мып кетуіне кері ықпал жасап, зиян- ды әсері күні бүгінге дейін созы-




лып келген екі бірдей теріс көзқарас кедергі жасады. Оның бірі – жиыр- масыншы жылдардың бас кезінде-ақ басталған пролеткультшылдардың нигилизмі болса, екіншісі – ҚазАПП қайраткерлері қатты қолдап, жиі пай- даланған «тұрпайы социологизм» әдісі. Бұл екі теория классикалық мұраны зерттеуде Қазақстанда ғана емес, бүкіл әдебиеттану ғылымында орын алды. Пролеткультшылдар ға- сырлар бойы жасаған прогрессив- ті әдеби дәстүрді жоққа шығарса, әдебиет тарихын зерттеуде «тұрпайы социологизм» әдісін қолдаушылар жазушының шыққан таптық тегі мен шығармашылығындағы идеялық ны- сана арасындағы өзгешелікке көңіл аудармай, әдебиеттің партиялығын желеу етіп, таптық тұрғыда талдау жасауды уағыздады, догмаға айнал- дырды. Бұл концепциялар қазақ әде- биеттану ғылымы мен сынында про- леткультшылдықты жақтаушы ұлт- тық нигилистерден және ҚазАПП- тың әпербақан мүшелерінен қатты қолдау тапты.
Орыс әдебиеттану ғылымына қа- рағанда біздің ұлттық әдебиет ту- ралы ғылымымыз әдебиет тарихын зерттеуде көп қиындыққа кезікті. Оның бірнеше обьективтік себептері бар. Біріншіден, революцияға де- йінгі ақын-жазушылардың шығар- машылығы зерттелмек түгіл, толық жиналып, текстологиялық жүйелікке түсіп, толық басылып шыққан да жоқ
еді. Екіншіден, әдеби мұраны зерт- теуде қалыптасқан дәстүр мен озық тәжірибе болмады, үшіншіден, қазақ интеллигенциясының көбі ағарту- шылық-демократтық бағытта бол- ғанымен, көркем өнер туралы әдеби- теориялық біліммен терең таныстығы шамалы болды. Сондықтан да қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынына әдеби мұраны ұлттық нигилистер- ден, жалған жаңашылдардан, дог- матиктерден қорғай отырып туу, өсу дәуірін бастан өткізуге тура келді. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық мәдениеті, оқу-ағарту саласы, өне- рімен қанаттаса отырып даму бары- сында «бірыңғай ағым» теориясы,
«тұрпайы социологизмдерге» қарсы күресте шынықты. Жеке дарын иелері мен қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармасын зерттеуде осы күрес қандай жағдайда, қандай сипатта болғаны тереңірек әңгімелеуді қажет етеді.
Белгілі бір дәуірдегі көрнекті қалам қайраткерлерінің шығармасын зерттеу, оның әдебиеттегі орнын белгілеу дегеніміз – сол дәуірдегі әдебиеттің кескін-келбетін анықтау, тарихына барлау жасаумен тығыз байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуіріндегі ғылыми ойдың өсуіне өзек болған ұлы Абай шығармашылығы еді. Абай мұрасының зерттелуі, абай- танудың әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде қалыптасу жолы




бірнеше зерттеу мақалалар мен ең- бектерде, докторлық, кандидаттық диссертацияларда арнайы ғылыми сөз болды. Бұлардың ішінде Абай шығармасының басылуы мен зерт- теудің қазақ әдебиет сынының қа- лыптасуына жетекші роль атқар- ғанын жан-жақты ғылыми тексерген ғалым Т. Кәкішев, абайтанудың жеке ілім саласы ретінде қалыптасуын, әуезовтану проблемаларын жан- жақты зерттеген ғалым М. Мырзах- метовтің еңбектерінде терең қарас- тырылған.
Соғысқа дейінгі дәуірде қазақ әдебиеттану ғылымында сын мен ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің сөз етер нысанасы әдеби мұра болып, қазақ әдебиетінің тарихын жасауда бірлесе қызмет еткенін байқаймыз. Сондықтан да әдеби мұраны зерт- теуде, жеке ақын-жазушылар шығар- маларына әдеби-тарихи, әдеби-тео- риялық тұрғыдан баға беруде жо- ғарыдағы зерттеулерді орынсыз қай- таламас үшін басты назарды зерттеу- де болған қате концепциялардың бол- мысын ашу жолындағы ізденістерге аударуды жөн санадық.
Қай ұлттың болсын әдебиетта- нуының жеке ғылым саласы болып қалыптасу жолына назар аударатын болсақ, әдеби мұраны игеру, зерт- теу жұмыстарының аса зор маңызы бар екенін аңғарамыз. Оның ішінде классикалық мұраны зерттеу арқылы сол әдебиеттің ғылымдық тарихын
жасау, дәуірге бөлу арқылы даму жо- лын анықтау, көрнекті өкілдерінің шығармашылық өмір жолын тексеру, әдебиет тарихындағы орнын белгі- леу жұмыстары осы ұлттық әдебиет туралы ғылымнан әдеби-теориялық, әдеби-тарихи, сыншылдық ой-пікі- рінің ғылыми сипатқа айналуына ті- келей байланысты. Дамудың бұл са- тылары мен жолын қазақ әдебиеттану ғылымы да бастан өткереді.
Туып, өркендеу жолы 1920-1930 жылдарға дәл келгендіктен сол ке- зеңдегі әдебиеттану ғылымында орын алған бұрмалаулар мен қате теориялар бұған да тән болды. Негізі- нен алғанда, пролеткультшылдық ни- гилизм мен «тұрпайы социологизм» теориясы осы классикалық мұраны игеру, пайдалану, одан үйрену және зерттеу проблемасына байланысты пайда болды. Бұл қате көзқарастар қазақ әдебиеттану ғылымында хал- қымыздың талантты ұлдары, ағарту- шы-демократтары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, С. То- райғыров, т.б. творчествосы төңіре- гінде 1920 жылдардың орта кезінде- ақ айтыла бастады.
Қазақ әдебиеттану ғылымында ғылыми сипаттағы мақалалар Абай творчествосы жайында жазылған болса, қате көзқарастағы ой-пікірлер де осы төңіректен басталып, әдебиет майданындағы үлкен айтысқа айнал- ды. «Шын үлкен талант қана өрелі ойларды, салиқалы пікірлерді туғыза




алатыны әдебиеттің бұзылмас заңы» екенін ескертетін болсақ бұл орын- ды да еді. Пролеткультшылардың ниглистік көзқарасының ұлы Абай төңірегінде қатты өріс алуына жана- ма себептің болғанын да ашып айтқан дұрыс. Бұл 1920 жылдары қазақ әдебиеттану ғылымында жеке ақын- жазушылар творчествосын зерттеуді сөз еткенде ықтияттылықпен қарап, басын ашып алуды қажет ететін күрделі де мәселе.
Ол – қазақ мәдениеті мен әде- биетіне ерекше еңбек еткен қазақ интеллигенциясының бір тобына –
«ұлтшыл-алашордашыл» деген атақ тағылып, әдебиет майданында олар- ға қарсы аяусыз күрестің басталуы. Бұл күрес белгілі бір жағдайларда әдебиет тарихын зерттеуге өз әсерін тигізбей қалмады. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С. Садуақасов, Ж. Ай- мауытов, Х. Досмұхамедов секілді әдебиеттің өзекті салаларына қалам тартып, қазақ әдебиетінің тари- хын, классикалық мұраны зерттеу- де алғашқы мақалалар, еңбектер жазған, жинақтар шығарған, қазақ мәдениеті мен халық ағарту саласын- да көп еңбек сіңірген осы қазақ зия- лыларына «ұлтшыл-алашордашыл» атақ тағылуының себептері тарихи тұрғыда айқындалды. Қазақ әде- биеттану ғылымында осы «ұлтшыл- алашордашыларға» қарсы күрес соңғы кезге дейінгі 70 жылға тарта уақыт бойы бір толас таппай жүріп
келді. Бір кезде «Абай туралы кім не айтпады» десек, енді «бұлар ту- ралы кім не демеді» дейтін дәрежеге жетіп отырмыз. Айтпайын деген жоқ, айтқызбады, айтса ұлтшылдықтың қамытын киіп кете беруі оп-оңай бол- ды.
Қазақстанда әдеби мұраға деген пролеткультшылдық пен «тұрпайы социологизм» көзқарасының өте қат- ты өріс алуына осы «ұлтшылдыққа» қарсы күрес дем беріп, қосарланып отырды. Себебі, қазақ зиялылары- ның әдеби мұраға деген көзқара- сында сол кездегі әдебиеттану ғы- лымына тән болған «бірыңғай ағым» теориясының кейбір белгілері орын алды. Халық ауыз әдебиеті үлгі- лерін жинау, жариялаудың прак- тикалық, ғылымдық мәнін жақсы түсінген олар бұл жұмысқа белсе- не араласып, көптеген мұраларды жарыққа шығарды. Қазақ поэзия- сының дәстүрлігі мен тарихи са- бақтастығының жаңа әдебиет жа- саудағы әсерін тап басып танып, өткен дәуірдің ақындарынан, әсіресе Абай поэзиясынан үйренуге ша- қырып, Абай шығармаларын жинау, жариялау жұмыстарына ерекше на- зар аударды. Әдеби мұраны игеру, пайдалану саласындағы жүргізілген бұл игі істер қазақ пролеткультшыл- дарына қатты сенімсіздік туғызды. Олардың «Алаш» партиясында бол- ғаны үнемі есте ұсталып, «бұлар өткенді көксейді, үстем тап идеоло-




гиясын жырлайтын шығармаларды өздерінің ұлтшылдық пікірін жасы- рын насихаттау үшін пайдалануда» деген қате ұғым орын алып, әдеби мұраны жариялауда бірталай еңбек еткен «Шолпан», «Абай» журналда- ры ұлтшылдықтың ұйымдық орга- ны ретінде танылды. В. И. Лениннің мәдени мұра туралы қағидаларын басшылыққа алып, өздерін «жаңа мәдениет, жаңа пролетарлық әдебиет жасаймыз» деген пролеткультшыл- дар классикалық мұраны, Абайды жоққа шығарды. «Олар Абайды өз- дерінің идеялық көсемі ретінде көтерді, одан үйренуге шақырады» деген сияқты пікірлер айтып, әдебиет тарихын зерттеудің кең өріс алуына кедергі келтірді.
Классикалық мұраны зерттеуде- гі жұмыстарға пролеткультшылдық нигилизмнің әсерін сөз еткен- де, С. Мұқановтың сол кездердегі мақалаларына соқпай өте алмаймыз.
«Жаңа дәуір ұсынған ұлы идеяларды жүзеге асыруда талай бұралаңдар кездесті. Әсіресе, әдеби-мәдени мұ- ра саласында «дөрекі социологизм» мен пролеткультшылдық дәуірлеп тұрғанда, Николайдың «малайы» – Пушкин, граф Толстой, «қарашек- пенді Ресейдің ақыны» – Есенин, нәзік жанды Блоктардың бізге керегі жоқ, оларды тарихтың қоқысына тас- тау керек» деп жатқан көзқарастан ешкім де, оның ішінде С. Мұқанов та сырт қала алған жоқ». С. Мұқановтың
«Қара тақтаға жазылып қалмандар, шешендер», «Көркем әдебиет тура- лы», «Қазақ әдебиеті туралы қо- рытынды пікірім», «Әркім өзінше ойлайды» атты мақалаларында «ұлт- шыл-алашордашыларға» қарсы кү- рестің салқынымен нигилистік жә- не «тұрпайы социологизм» көзқа- расында пікір білдірді. Автор «қазақ әдебиеті өзін-өзі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ» деп халықтың, оның да- рынды өнер иелерінің әдеби мұрасын жоққа шығарды. Абай поэзиясының ағартушылық, жаңашылдық, сын- шылдық сипатын дұрыс бағалай отырса да, «Абай – байшыл таптың ақыны» деген қорытынды жасайды.
С. Мұқановтың пікірлерінде про- леткультшылдық солақай сыншыл- дық басым болғанда ғылыми-зерттеу әдісі, тәжірибенің жетіспеуі, көпте- ген әдеби-тарихи проблемалардың жаңа көтеріліп жатқаны айқын се- зіліп тұрды. Ғылыми зерттеушілік ой-пікірдің ұлт әдебиетінің тари- хи даму жолын зерттеуге ұмтылып жатқан шағында, яғни «Дүниені тү- лен түртіп, аударылып-төңкеріліп жатқанда алашшылдар болсын, төң- керісшілдер болсын сөзден де, істен де тартынбай, әрқайсысы өз керегін айтты, жазды. Төңкерісшілдер өкі- меттік билікке ие болған қоғамдық- әлеуметтік күштерге арқа сүйей оты- рып, маркстік-лениндік түсініктің үдесінен шығуға, бұлжытпай орын-




дауға жан салғаны – тарихи шын- дық». Маркстік-лениндік ілім, В. И. Ле- ниннің әдебиет саласындағы саяса- ты төңкеріске дейінгі әдебиеттану- дағы халықтық ұғымын әдебиеттің таптығы мен партиялығымен бірлікте қарап, еңбекші тап мүддесіне сай тар шеңберге сиғызды. Сондықтан маркстік-лениндік әдіснамаға сүйене отырып жазылған зерттеулердегі халықтық ұғымын олардан бөлек қарауға болмайды. Сол себептен де С. Мұқанов, Ғ. Тоғжанов, Е. Беке- нов және тағы басқа төңкерісшіл бағыттағы әдебиетшілердің еңбек- теріндегі халықтық ұғымын сөз ет- кенде, оның әдебиеттің таптығы, партиялығы принциптерімен аста- сып жатқанын есте ұстау қажет. 1925 жылы 11 маусымда құрылған ҚазАПП классикалық мұраны иге- ру, зерттеуде, жеке ақындар твор- чествосын тексеруде нигилистік көзқарасты «тұрпайы социологизм- мен» ұштастырып әкетіп, қазақ зия- лыларына қарсы күресті күшейтіп жіберді. Егер пролеткультшылдар пролетарлық жаңа әдебиетті клас- сикалық мұрадан айырып, оның де- мократиялық озық дәстүрлерін ни- гилистікпен жоққа шығарса, ҚазАПП ақын-жазушыларды таптық тегіне қарап қана алу идеясын ұстанды. Күні бүгінге дейін ҚазАПП қызметіне баға бергенде «Әдебиет пен мәдениет саласындағы буржуазияшыл-ұлт- шылдықпен күресу және онын жеріне
жете әшкерлеу міндетін ойдағыдай шеше алғандығы» ерекше атап көр- сетіліп келді. Ал бүгінде «Идеоло- гия мен ғылыми саласында қит етсе,
«буржуазияшыл», «буржуазияшыл- ұлтшыл», «ұлтшыл-уклонист» деген атаулар өте жиі қолданылды. Осы- ның бізге қатысы мүлде жоқ де- мей-ақ қояйын, қисыны тіпті келің- кіремейтінін неге ескермегенбіз. Бур- жуазияда буржуазияшыл ұлтшыл- дық та тек капиталистік қоғамға тән ұғым, ал біздің Қазақстанда пат- риархалдық-феодалдық, тіпті өсіріп айтқанда, феодалдық қарым-қатынас жайлағанын ескерер болсақ, онда ай- тып-жазып келгеніміздің шындығы қайсы» деген секілді пікірлер айты- лып жатыр [41]. Шынында осы екі пікірдің шындығы қайсы? Бұл әрине, арнайы зерттелетін проблемалық сұ- рақтардың бірі. Оны кеше «буржуа- зияшыл-ұлтшыл», «алашордашыл» атанан қазақ зиялыларының әдебиет тарихындағы орнын алып берген бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. КазАПП С. Мұқановтың мақала- сынан кейін классикалық мұраны, Абай шығармашылығын зерттеуді тұрпайы социологиялық позицияда бағалаған бірнеше мақалалар жария-
ланды.
КазАПП О. Исаевтың «Ескі мә- дениеттік мұра туралы» (1931) хат- тарына жауап бергенге дейін әдеби мұраны зерттеуде теріс көзқараста болып келгені белгілі. Бұған басты




себептердің бірі «ұлтшылдыққа» қарсы күрес болғандықтан, КазАПП платформасын жақтаушылар сыңар- жақ солақай сын мен тұрпайы со- циологизмді ұзақ уақыт қару ет- кендігінен еді. Осы пікірталаста жалпы көркем әдебиет, қазақтың пролетарлық әдебиеті туралы өз көзқарасын білдірмеген ақын-жа- зушылар, әдебиетшілер аз. Бұл жа- рияланған мақалаларда көркем әдебиет мәселелері «кімнен үлгі алу керек» деген сұрақты шешу қа- зақтың классикалық мұрасына, оның көрнекті өкілдеріне тығыз бай- ланыстылықта қарағандықтан ав- торлар ұлттық әдебиеттің тарихын зерттеу жайында пікір білдірмей тұра алмады. Сол себептен олар қа- зақ әдебиеттану ғылымында әдеби- тарихи зерттеу бағытындағы ғылыми ой-пікірдің тереңдей түсуіне де әсер етпей қалмады.
Олардың көпшілігі «Қазақстанда көркем әдебиет бар ма? Бар болса, ол қай таптың әдебиеті? Пролетар- лық әдебиетті кімдер жасайды?» деген секілді проблемалық сұраққа әр түрлі пікір айтса, Абай, Ыбы- рай, Нарманбет, Шәңгерей творче- ствосына келгенде, олардың өнер- паздық тұлғасын бағалауда, олар- дан үлгі алу, үйренуде дұрыс пікір білдіре отырса да, «тұрпайы со- циологизмге» іш тартып, үстем тап қоғамында өмір сүргендіктен, ата тегі сол таптан болғандықтан
«байлар табының ақындары» деген қорытынды жасайды. КазАПП пен қазақ оқығандарының арасындағы осы айтыс классикалық мұраның та- рихи мәні мен көркем шығарманың әлеуметтік тақырыбы, идеясы, көр- кемдігі сияқты мәселелерді шешіп алуына көмек жасады.
Негізінен алғанда, қазақ әде- биеттану ғылымында өнерді, көр- кем творчествоны сыншылдық-эсте- тикалық тұрғыдан түсінуде Ж. Ай- мауытовтың 1925 жылы жазған «Мағ- жанның ақындығы туралы» атты көлемді мақаласының орны бөлек. М. Жұмабаев поэзиясы туралы айты- ла бастаған әр қилы бағаларға қарсы жазылған бұл еңбек Ж. Аймауытов- тың білімді, білікті әдебиетші болға- нын анық танытады. Оған заман тала- бына сай дүниені материалистік тұр- ғыдан түсінуде Гегель мен Маркстің көзқарастарын салыстыра отырып түсіндіруі, әдебиеттің таптығын сөз еткенде Луначарскийдің пікірін са- бақтауы және ақын поэзиясына әдеби-теориялық, тіпті кейбір әдеби- тарихи талдаулар жасауы – айқын дәлел. Ж. Аймауытовтың мақаласына қарсы сол кездің білгір сыншысы атанған Ғ. Тоғжановтың «Мағжан- ның ақындығы, Жүсіпбектің сыны»,
«Көркем әдебиет туралы марксшілер не дейді, Жүсіпбек не дейді?» ат- ты жауап мақалалары жарияланады. Осы екі автор да М. Жұмабаев шы- ғармашылығына сол кездегі дәуір та-




лабына сай маркстік-лениндік мето- дология тұрғысында талдау жасауға талпынғандарымен, қорытынды пі- кір білдіруге келгенде алшақ кеткен. Ж. Аймауытов Мағжан поэзиясына заман, дәуір өзгерістерінің әсерін тап басып, объективтік баға беруге ұмтылса, Ғ. Тоғжанов пікірлерінен
«тұрпайы социологизмнің» сол кез- дегі буржуазияшыл-ұлтшылдарға қар- сы идеологиялық күреспен қалай ұштасып жатқаны сезіледі. Ж. Ай- мауытов Мағжанды үстем тап ақыны демейді, «заман туғызған көшпелі дәуірдің ақыны, ескіні жырлаған, жаңаны әлі мойындап болмаған ақын... Мағжан терең күйдің ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны» (Бұл жерде халықшыл ақын деген мағынада. – Ж. С.) деп бағалайды [42]. Ал Ғ. Тоғжанов бұл пікірдегі «ескіні жырлаған, кедейдің ақыны еместі» тілге тиек етіп «кү- ні өткен таптың ақыны, ұлтшыл ақын» деген сыңаржақ тұрпайы социологизмге сүйенген пікір ай- тып «буржуазияшыл-ұлтшыл ақын Мағжан поэзиясының идеялық- көркемдік ерекшілігіне назар ауда- рып, ескішіл ақынның жат идеясын әшкерелейді» (Бұл Тоғжанов мақа- ласына берілген қате баға. – Ж. С.). Жалпы осы «буржуазиялық ұлтшыл- дыққа, алашордашылдыққа» қарсы күрес Ғ. Тоғжановтың сын-зерттеу еңбектерінде «тұрпайы социоло-
гизм» теориясынан қолдау тауып, ұзақ уақыт қателесуіне әсер етті. Қа- зақ әдебиеттану ғылымы 1930 жыл- дардың басында Абайды халық ақы- ны, классик ақын деп тануға бет алып жатқан кезде де Ғ. Тоғжанов:
«Қазақ буржуазиялық әдебиеттің көшбасшысы А. Құнанбаев болып табылады. Оның ісін Байтұрсынов, Дулатов, Қүдайбердиев, О. Қарашев жалғастырып келеді... Жастар ара- сынан олардың ізін басып М. Жұ- мабаев, С. Дөнентаев, А. Маметов, Б. Өтетілеуов, С. Сейфуллин, Б. Май- лин сияқты ақындар және басқалары шықты. Олардың творчествосын- дағы негізгі сарын дарашылдық, ұлт- шылдық пен исламшылдық», – деп жазады [43, 5]. Егер сол кезде қазақ зиялыларына Ғ. Тоғжанов берген осы бағаның, С. Мұқанов және басқалар айтқан қате пікірлердің Сталиннің жеке басына табыну дәуіріне, кейін тоқырау заманына дейін жалғасып, 1989 жылы 9 желтоқсандағы Ко- миссияның шешіміне дейін қайта- ланып келгенін ескерер болсақ, қа- зақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу кезеңдеріне, қазақ әдебие- ті тарихының толық зерттелуіне тигізген кері әсерінің салмағы ауыр- лай түсері анық.
Ж. Аймауытов пен Ғ. Тоғжанов- тың мақалаларының қазақ әдебиет- тану ғылымының туу кезеңі үшін маңызы зор жаңашылдық сипаты да болды. Бұл жерде мәселе – М. Жұ-




мабаев творчествосының дұрыс не қате бағалануында емес. Бұл жерде мәселе – әдебиеттің әдеби-тарихи дамудың өзіндік заңдылықтарын, көркем творчествоны ғылыми-тео- риялық тұрғыда зерттеуге қазақ әдебиеттану ғылымында мәнді қа- дамның жасалуында. Осы екі ма- қала қазақ әдебиеттану ғылымын маркстік-лениндік әдіснама негі- зінде болса да Чернышевский, Бе- линский, Луначарскийлердің сали- қалы ойларымен байытуға ұмты- лып, әдеби-тарихи бағыттағы ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің тео- риялық деңгейін көтере түсті. Ал практикалық мәніне келсек, сын мен зерттеуде сыңаржақ солақайшыл- дық пен «тұрпайы социологизмді» қару етіп жүрген ақын-жазушылар, сыншы-әдебиетшілер әлі көп еді. Міне, осылар мен жалпы әдебиет сүйер қауымның әдеби білімін, әсіресе классикалық мұраны танып- білуге деген ықыласын көтерудегі маңызын атап айтқан жөн.
Осындай кезеңде ғылыми-зерт- теушілік ой-пікір қазақ әдебиетін басқа халықтарға да танытып қалуға ұмтылыс жасады. 1928 жылы Мо- сквадан шыққан «Жас Қазақстан» (Молодой Казахстан) деп аталатын әдеби жинақ осы мақсатта жарық көрді. Оны құрастырып, орыс тіліне аударған және әдеби-тарихи шолу мәніндегі алғы сөз жазған Смағұл Садуақасов еді. Алғы сөзде ауыз
әдебиетін, жазба әдебиеттің өткен жолы мен бүгінгісін тарихи тұрғыда таныстыруы ғылыми-зерттеушілік мән берген. Көлемі шағын болса да алғы сөздің біз үшін маңыздылы- ғы – онда сөз болған ақын-жазушы- лар шығармашылығын сөз еткен- де, сол кездегі қате теориялардың бағытындағы көзқарастағы пікірдің орын алмауында. Алғы сөз жаз- ба әдебиеттің негізін салушы деп Абайды таныстыра келе, оның ақын- дық дәстүрін жалғастырушылар ре- тінде Ахмет Байтұрсынұлы, М. Жұ- мабайұлы, М. Дулатұлы, Ғ. Қарашұлы, С. Торайғырұлы, Б. Күлейұлының шығармашылығына тоқталып өткен. Қазақ әдебиетін өркендету жолын- да жемісті еңбек етіп жүргендер деп жинаққа шығармалары топтас- тырылған М. Әуезов, Б. Майлин, Ж. Аймауытовтарды көрсетеді. Не- гізінен алғы сөзде, автордың 1919 жылы жарияланған «Қазақ әдебиеті очеркіндегі» ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің жобасы сақталынған.
Қазақ әдебиеті тарихын әдеби шолу түрінде болса да таныстырған осы алғы сөз – бұл ақын-жазушылар- дың 1929 жылдан бастап шыға бас- таған «Әдебиет энциклопедиясы- ның» І томында да ғылыми дұрыс бағалануына әсер еткені сөзсіз. Алғы сөз бен энциклопедиядағы мақалалар
«тұрпайы социологизм» теориясы- ның да, маркстік-лениндік әдіснама- ның ұлтшыл-буржуазияшыл әдебиет




туралы көзқарасының да ықпалынан таза болды. Д. Қамзабекұлының айту- ына қарағанда, сол кезде әдебиет сын- шысы ретінде танылған Ә. Байділдин ҰХҚ архивінде сақталған «Алаш- ордашылар мен оңшыл коммунис- термен күресімнің нақты айғақта- ры» аталған жазбасында бұл жинақ пен энциклопедия «ұлтшыл, алаш- шыл» атанған ақын-жазушыларға мызғымастан ескерткіш соқты» деп айыпталған. Бұлар ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірдің ғасыр басынан бері келе жатқан таза ғылыми кес- кін-келбетін сақтап, қате теория- лар мен жаңа заман идеологиясына беріле қоймай жазылған еңбектер еді. Өйткені «ұлтшыл-алашорда- шыларды» әшкерелеу басталған 1930 жылдың басынан бастап бұл сипаттағы мақалалар сиреп кетті, енді туа бастаған қазақ әдебиеттану ғылымында маркстік-лениндік әдіс- нама толық үстемдік алып кетті.
Осы мақалалар көтерген жаңа бастаманы «тұрпайы социологизм- ге» қарсы бағытта жазып, қазақ әде- биеттану ғылымындағы ғылыми- зерттеу принциптерін меңгеріп қал- ғанын дәлелдейтін, классикалық мұраға лениндік қағидаларға сай баға беруді насихаттаған бірталай мақалалар жалғастыра түсті. Тари- хи шындық тұрғысынан келсек, маркстік-лениндік әдіснама негізін- де жазылған алғашқы зерттеулердің қазақ әдебиеттану ғылымының туу
процесінде өзіндік мәні де бол- ды. Олар ғылыми-зерттеушілік ой- пікірді қате теориялар мен концеп- циялар жетегінде кетіп, ұзақ уақытқа қателесуден сақтап қалды. Сондықтан 1920 жылдардың орта шенінен бас- тап жазылған зерттеулерді сөз еткен уақытта оларды «бірыңғай ағым тео- риясы» ықпалындағы, «тұрпайы со- циологизм» көзқарасындағы, маркс- тік-лениндік әдіснама негізіндегі және таза ғылыми-зерттеулер деп төртке бөлеміз. Бұлардың алғашқы үшеуін анықтау қиын болмағанмен, соңғысын тап басып тану, әрине күрделі болмақ. Өйткені алғашқыда маркстік-лениндік ілімнің догмалық қағидалары мен жаңа заман идея- ларына ашық қарсы шығып мо- йындамағандар бар да, кейінірек зорлықшыл идеологияға жасар еш шарасы болмай, ұлттық әдебиеттану ғылымы мен сынын дамыту жолын- да оны бет перде ретінде ұстай оты- рып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгендер бар.
С. Мұқановтың және басқа да
«тұрпайы социологизмді» жақтау- шылардың пікірлеріне қарсы дәлелді де дәйекті ой айтқан Қ. Кемеңгер- ұлы «Көркем әдебиет туралы» атты мақаласында өнердегі дәстүр мен тарихи сабақтастық туралы Луна- чарский пікірін негізге ала отырып, қазақ әдебиетінің үлгі алар арнасы өткен дәуірдің классикалық мұрасы мен орыс әдебиеті деген қорытынды




жасайды. «Тұрпайы социологизм» теориясының сол кездегі ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдегі зиянды көз- қарасын сынап, орыс әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттан үй- ренуді ұсынады. Ақынды шыққан тегіне қарап емес, творчествосының идеялық бағыттарына, жыр еткен әлеуметтік тақырыптарына қарап ба- ғалаудың қазақ әдебиетінің тарихына ғана емес, қазіргі көркем әдебиетіне тигізетін пайдасын баса айтады.
«Орыстың бұрынғы жазушы- ларында Достоевский мен Феттен оң пікірлі жан өтпейді. Осы күнде оларды далаға тастап отырған жоқ. Ақсүйек Тургеневті осы күні қалай дәріптен отырғанды, Пушкин, Тол- стойды қалай құрметтейтінді ақын Сәбит жақсы білу керек. Осылардың жақсы жағын марксшіл сын, сын- шылар көрсетіп отыр. Орыстар ес- кі жазушыларының, ақындарының жазғандарын таңдап алып басып жатқанда, бізде кең бұқарашылдық рухында жазылған кітаптардың ба- сылғанына Сәбит неге ренжиді. Қазақ әдебиетіне тойып секіретін күн әлі туған жоқ» [44]. Автордың бұл пікірінде сол дәуірдегі әдеби өмір- дің шындығы, қазақ әдебиеттану ғылымының маркстік-лениндік ме- тодология бағытына бой ұрудағы ізденістері мен «тұрпайы социоло- гизм» теориясына қарсы күресінің шындығы жатыр.
Қ. Кемеңгерұлы көркем әдебиет- тің тарихи даму жолы, әр түрлі әдебиет ағымдары болатыны туралы қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі үшін тың ойларды қозғай келе, классикалық мұраны «марксшілдік жолмен дұрыс-бұрысын сынға алу керек» деген қорытындыға келеді. Осы мақалаға үн қоса «Екеудің» (А. Байтасов пен Д. Ысқақов) ой- пікірі жарияланды. Авторлар өт- кендегі қоғамдық құрылыс пен қа- зіргі дәуір шындығының көркем әдебиетте суреттелуін айта келіп:
«кейбір жазушылар романтизмге, символизмге айналдырып отыр. Кей- бір жазушылар ұран мен үгітке не
«жалаңаш порнографияға» айнал- дырып отыр. Осы күнге дейін реа- лизммен жазылған Бейімбет өлеңде- рі (мұның да біразы – үгіт, насихат, ұран) шын реализмнен қоныс теп- пеу себебі не?» деп мәселе қоюының өзі сол кездегі ғылыми-теориялық ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсетуге көрсеткіш болғандай. Шынында да, 1920 жылдары романтизм, симво- лизм ағымдары жайындағы пікірлері мен социалистік реализм принципте- рін игеру барысында көрінген фу- туризм, натурализм бағыттарының кейбір белгілері туралы қазақтың ғылыми-зерттеушілік ойларының сол кездің өзінде айтылуын ғылыми жақ- сы қадам деп бағалау керек.
1920 жылдардың екінші жарты- сындағы пікірталаста қазақтың көр-




кем әдебиеті, оның классиктері ту- ралы талғамды да толымды пікір айтқан С. Садуақасовтың «Әдебиет әңгімелері» атты мақаласы болды. Автор қазақтың көркем әдебиеті та- рихын «табанды зерттеуді әлі ешкім жазбағанына» көңіл аудара отырып, бұл саладағы жұмыстың жандануына солақай сыншылдықтың әсері тиіп отырғанына Ғ. Тоғжанов, С. Мұқанов, Ә. Байділдиндердің мақалаларын мысалға алады. Классикалық мұра жайына келгенде: «Анда-санда әйте- уір Абайды көрінен бір аударып қоямыз, онда да жүре салды. Ал Сұл- танмахмұт, Берниязды кім біледі? Қай сыншы бұлардың табысын зерт- теп қорытынды шығарды. Шындыққа келсек, бұл екі ақынның екеуі де ірі кісі», – деп әдебиет тарихын зерттеуді қолға алу мәселесін сөз етіп, бұған кедергі келтіріп отырған «тұрпайы социологизмді» маркстік-лениндік әдіснама тұрғысынан қатты сынға алады [45]. «Қазақстанның еңбекші табының тілегі мен қазақ елінің ұлттық тілегі бір жерден шығады» деген тұжырымын дәлелдеуде ол анық байқалады.
«Ескіден қалған мұраға біз ие бо- ламыз ба, жоқ болмаймыз ба?» де- ген көкейкесті сұрақты Абай твор- чествосына байланысты өрбіте келіп: «Абай да – ескі мұра, бірақ Абайдан қалған мұра ескірген жоқ. Әлі де қазақ ақындары Абайдан шеберлікке үйренуі керек» деген
тұжырым жасайды. Автор қазақ совет әдебиетінің кейбір өкілде- рінің шығармаларындағы әсіре тап- шыл, солақайшылық, ұраншылдық, футуристік сипатты сынап, үйрену, үлгі алу, шеберлікті, көркемдікті же- тілдіру мәселесінде С. Мұқановтың:
«біз орыс әдебиетінен ғана үлгі ала- мыз» деген нигилистік көзқарасы- на қарсы шығып: «Орыс әдебиеті- нен үлгі алу керек, бірақ өзіміздің қазақтың (әдебиетінің. – Ж. С.) тари- хынан да жиренуге болмайды. Қазақ тарихы бізге үлкен үлгі» деп өзінің қорытынды ойын айтқан.
Жоғарыда қарастырған мақалалар секілді бұл еңбек те қазақ әдебиетта- ну ғылымының туу дәуіріндегі әде- би-тарихи және сыншылдық ой-пікі- рінің кемелдене, нақтылана, зерттеу- шілік сипатының тереңдей түскенін көрсетеді. Оған Мағжан, Мұхтар, Жүсіпбек, Сәкен шығармаларына және Бейімбеттің Мырқымбай об- разына жасаған талдаулары мен ғы- лыми бағасы айқын дәлел. Автор әдебиетті ғылыми тұрғыдан тану проблемасымен қоса, өз кезеңіндегі әдебиеттің даму жолындағы бағыт- бағдары туралы да толымды пікірлер білдіреді. «Тұрпайы социологизмді» жақтаушылар «бізде үлгі аларлық әдебиет жоқ» деп даурығып жат- қанында, «қазақ әдебиеті балалық күйінен асып, есеюге бет алды» де- ген кесімді тұжырым жасауы ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің сол




кезеңдегі өресін танытатыны анық. Бірақ мақала қазақ әдебиеттану ғы- лымына дендеп еніп келе жатқан маркстік-лениндік әдіснаманың қағи- далары мен партиялық идеология- дан да сау қалмаған. Сөзіміз дәлелді болу үшін автордың мына бір пікірін келтіре кетейік. «Біздің мәдениетіміз жалпы адам баласының мәдениетінің санаулы бір мүшесі болмақ. Жалпы мәдениет базарына біз өзіміз жаса- ған мәдениет бұйымымен бармақ- пыз. Біз олардан алсақ, олар бізден де алмақ. Интернационализмнің негізі – мәдениеттің сыртқы түрін (ұлттық кескінін) бір түсті қылу емес, ішкі маңызын бір тілектен шығару. Қазақ әдебиетінің сыртқы сипаты қазаққа ұқсаса, ішкі мазмұны жалпы адам баласының қызметіне жұмсалу ке- рек. Сондықтан біздің әдебиет – тап әдебиеті, еңбекші таптың әдебиеті». ҚазАПП сыншы-әдебиетшілері қа- зақ ақын-жазушыларын тапқа және әр түрлі топқа бөліп, «қазақтың про- летарлық әдебиетін тек еңбекші тап- тан шыққандар ғана жасайды» деп, ақын-жазушыларға «ұлтшылдар» және «жолбикелер» деген атақ тағып жатқанда С. Садуақасовтың бұлай жазбасқа амалы қалмаған болуы ке- рек. Әрине заман талабы солай бол- ды ғой деп ақтап алуға да, екі жақты көзқараста болды деп даттап тастау да орынсыз. Бұл ғылыми-зерттеуші- лік ой-пікірдің 20-жылдардың соңына қарай әрі-сәрі халде тұрғысынан ха-
бар бергендей. Ұлттық әдебиеттану ғылымының туу процесі өте қиын да күрделі кезеңде өткеніне бұл да бір дәлел.
Бұл пікірталастағы Қ. Кемеңгер- ұлы, «Екеу», С. Садуақасов және тағы басқаларының мақалаларында көрінген ғылыми-зерттеушілік ой- пікір әдебиет тарихын зерттеуді қол- ға алу, әдеби мұраны игеру жолын- да оны «тұрпайы социологизмді» жақтаушылардан қорғап қалу мақ- сатында заман ыңғайына қарай ең- бекші тап мүддесіне орайластыра ой айтқанымен, саясатта да, әдебиетте де, сында да «ұлтшылдыққа» қарсы күрес өрши түсті. Әдебиет сынын- да солақай сыншылдық белең алып,
«тұрпайы социологизм» позиция- сын қолдап шықты. Бұл туралы ғалымдар Т. Кәкішев пен Д. Ыс- қақовтың еңбектерінде егжей-тег- жейлі айтылғандықтан тоқталып жату артық. Ғ. Тоғжанұлының «Әде- биет және сын мәселелері» (Қызыл- орда, 1929), Е. Бекенұлының «Көр- кем әдебиет туралы кім не үшін күреседі» (Жаңа әдебиет, 1929, №2) және «Еңбекші қазақта» жариялан- ған Ә. Мұсаұлының «Көркем әде- биет мәселесіндегі айтыс туралы» (1929, 17 сәуір), Ғ. Мүсірепұлының
«Әдебиет айтысына» (1929, 4 тамыз), Ә. Тәжібайұлының «Әдебиеттегі
«смағұлшылдық» (1929, 2 қазан), С. Мұқанұлының «Әдебиет тура- лы ашық хат» (1929, 18 желтоқсан)




секілді мақалаларында әдебиет та- рихын ғылыми тұрғыда тануды сөз еткен әдебиетшілердің көзқарасы
«ескілікті көксеу, абайшылдықты, ахметшілдікті тудырғысы келу, «ұлт- шылдық-байшылдық» пиғыл» болып түсіндірілді. Бұл ғылыми-зерттеу- шілік ой-пікірдің әдебиет тарихын зерттеуге деген ұмтылысына, әдебиет туралы ғылымның туу процесіне белгілі бір дәрежеде тұсау салды. Осындай сипаттағы мақалаларды партия саясаты мен идеология қол- дап-қолпаштап қана қоймай, кейде ушықтырып отырды. Осыдан соң іле-шала «ұлтшыл-алашшыл» атал- ған қазақ оқығандарының басына сталиндік зұлмат төнді де, әдебиет тарихын зерттеу ісі саябыр тарта бас- тады.
Алайда, әдебиет тарихын зерттеу проблемасын көтерген мақалалар жоғарыда сөз еткендермен шектеліп қалмайды. Олардағы классикалық мұраны игерудегі көзқарасты қуат- таған басқа да мақалалар шыққан бо- латын. Оларда классиктердің әдеби дамудағы дәстүрдің ықпалы, әсіресе Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт, Ма- хамбет творчествосының жаңа дә- уір әдебиетінің дамуына әсері тура- лы дұрыс қорытынды жасай білді. Бұл мақала авторлары пролетар- лық әдебиеттің болашағына сенім- сіздікпен қарап, көптеген ақын-жа- зушыларды ұлтшыл, жолбике сана- ғандықтан және ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікірі жағынан өрелі биікке көтеріле алмағанымен, классикалық мұраға жаңашылдықпен қарауды на- сихаттап отырды. Мысалы, Ы. Мұс- тамбаев «Абай қазақ үшін Пушкин- мен пара-пар. Оның өлеңдері – зор мағыналы тарихи уақиға. Біздің ен- шімізде қалған ескірмейтін мұра», – деп бағаласа, Ғ. Тоғжанов әдеби- мәдени мұра жөніндегі сол кездегі әдебиеттану ғылымында талап етіл- ген маркстік-лениндік қағиданы тү- сіндіріп, ауыз әдебиеті үлгілерін де, классик ақын-жазушылардың шы- ғармаларын да, орыс әдебиетінің ықпалын да жаңа әдебиеттің қажетіне жарата білуге үндеді.
Қорыта келгенде, жиырмасын- шы жылдарда қазақ әдебиетінің классикалық асыл мұрасын тарихи тұрғыда сөз етуге ұмтылған мақа- лалар осы кезеңдегі әдеби-теория- лық, әдеби-тарихи негізде тексеру бағытындағы ғылыми-зерттеушілік және сыншылдық ой-пікірдің жүйе- лі түрде айтылуын қалыптастыр- ды. Сол арқылы қазақ әдебиеттану ғылымының тууына, әдеби сынның қалыптасуына ықпал жасады. Со- нымен қатар, ғылыми-зерттеушілік сипатымен ғана емес, нигилистік көзқарас пен тұрпайы социоло- гизм теориясына қарсы полемика- лы өткір пікірі мен талдауларында әдебиет туралы ғылымның жалпы методологиялық мәселелерін де кө- тере білді.




Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің бұл табысы 1930 жылдардың орта тұсында сын мен әдебиеттану ғы- лымында эстетикалық-социология- лық зерттеу әдісінің игерілуімен тереңдей түсті. Сол себептен көп- теген ақын-жазушылар мен әде- биетші-сыншылар классикалық мұраны бағалауда заман талабына сай маркстік-лениндік ілім қағи- даларына орай зерттеуге бағыт алып кетті. Әдебиеттің тарихи даму процесіне үлкен таланттың, ірі да- рын иесінің шығармашылығы ерек- ше ықпал жасайтынын ескерер бол- сақ, әдебиет туралы ғылымдағы ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің тез қанаттанып, ғылымдық мәндегі кең арнаға түсуіне әдебиет тарихындағы осындай ірі тұлғалардың зерттелуі көп әсер етері сөзсіз. 1930 жылдардың орта шенінде ғылыми-зерттеушілік және сыншылдық ой-пікірдің басты зерттеу нысанасы – Абай шығарма- шылығы болу да сондықтан.
1920 жылдардағы әдебиет май- данында болған пікірталастан кейін, оның ішінде Абай мұрасы туралы көзқарас тұрпайы социологизм те- ориясынан арыла бастап, ақынды дұрыс бағалаған мақалалар көптеп жарияланды. Ғалым Е. Ысмайы- лов айтқандай «Абайды ғылыми жолмен зерттеу кезеңі» басталды. Ұлттық классикалық мұраны зерт- теуге бүкілодақтық көлемде жүр- гізілген екі шараның әсері қатты
сезілді. Оның бірі – ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру ту- ралы» қаулысы, екінші – кеше ғана
«патшаның малайы», «үстем тап- тың жыршысы» аталып жүрген орыс классиктерінің бәрі» тарихи шын- дықта деңгейінде қайта қаралып, мүшелді мерекелерінің өткізіле бас- тауы», – деген пікір шын [31, 92].
Міне, осы екі шара қазақ әде- биеттану ғылымында да Абай шы- ғармашылығын зерттеуден басталып, классикалық мұраны ғылыми жол- мен тексеру саласындағы жұмыс- тарға қозғау салды. Қазақстан Жазу- шылар одағының ұйымдастыруымен Абайдың өлгеніне 30 жыл толуын атап өтуге дайындық басталды. Абай мұрасына деген оң көзқарастың бір жүйеге түсе бастауына Қазақстан көлемінде болған тағы бір себепті атап өтпеуге болмайды. Ол кеше ғана
«ұлтшыл-алашордашылар» атанған бір топ қазақ зиялыларының тү- гелге жуық идеологиялық күрестің құрбаны болып жер аударылып сот- талуы, атылуы еді. Осыған байланыс- ты әдебиет майданында оларға қарсы күрес саябыр тауып, солақай сын- шылар мен тұрпайы социологизмді ұстанушылар классикалық мұраға деген көзқарасын өзгерте бастады. Жоғарыда тұрпайы социологизмнің қатты өріс алуына «ұлтшылдарға» қарсы күрестің әсері болды деуіміздің себебі де сондықтан.




Абайға байланысты осындай мә- дени іс-шараға арнап таңдамалы өлеңдер жинағын шығару мен ғылы- ми ғұмырнамасын жазу ісі қолға алынды. Мерзімді баспасөз бетінде ақынның өмірі мен шығармашылы- ғына арналған мақалалар, естелік- тер көптеп шығып, «Әдебиет май- даны» журналы өзінің екі санын бірдей Абайға арнады. Осы кезден бастап Абайдың ғұмырнамасын, шығармашылығын, өнерпаздық тұл- ғасын, қазақ әдебиетіндегі алатын орнын жан-жақты зерттеу жұмысы басталды. Бұл мақалаларда Абайдың ғылыми өмірбаяны, новаторлығы, дүниетанымы, әлеуметтік көзқарасы, поэзиясының нәр алған арналары, поэтикасы, реализмі және тағы басқа да ерекшеліктері ғылыми тұрғыда сөз бола бастады.
Әрине, Абай сияқты ұлы тұл- ғаны бірден зерттеп кете қою қиын да еді. Сол себептен сөз еткен та- қырыбына тереңдеп бара алмай, әр түрлі ойлар ауанында артық-кем айтылған пікірлер де кездесті. Абай- дың өнерпаздық тұлғасын үлкен танымдық білгірлікпен «Абай – қа- зақ әдебиетінің классигі», «Абай – халық ақыны» деп бағалау да осы мақалаларда ғылыми тұрғыда дәлел- денді. Абайды ғылыми жолмен иге- рудің жолбасшылары саналатын осы сыншылдық, әдеби-теориялық, әдеби-тарихи бағыттағы зерттеу ең- бектердің маңызы М. Әуезовтің
«Абайтанудан жарияланбаған ма- териалдар» (1988) жинағындағы, М. Мырзахметовтің «Абайтану» (1988), «М. Әуезов және Абайта- ну мәселелері» (1988), «Абай және Шығыс» (1997), «Абайтану тарихы» (1994), Т. Кәкішевтің «Оңаша отау» (1982) монографияларында және тағы басқа еңбектерде жан-жақты да терең қарастырылған. 1930 жылдар- дағы ғылыми-зерттеу ісінің кескін- келбетін танытатын бұл ізденістер мен басылымдар абайтанудың жеке бір ілім саласына айналу процесінен қазақ әдебиеттану ғылымының туа бастаған шағындағы үлкен жеңісі де болды.
Абайдың асыл мұрасын ғылыми тұрғыда жүйелі зерттеу проблемасын көтерген алғашқы көлемді зерттеу еңбек те осы тұста жазылды. «Абай творчествосының бар проблемати- касын әңгімелеген, көбіне оңтайлы жауап берген ғылыми-эстетикалық еңбек емес, социологиялық арқауы басым монографиялық очерк», бол- са да Ғ. Тоғжановтың 1935 жылы шыққан «Абай» атты зерттеуі бо- лашақ зерттеушілерге ой саларлық біраз мәселелер төңірегінде пікір өрбітіп, ұлы ақынның новаторлығына айрықша көңіл аударады. Автордың ұғындыруынша, Абайдың «бірінші жаңалығы – көркем сөзге, поэзия- ға жаңа, биік талаптар қойғанды- ғы, екінші жаңалығы – қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас




болғандығы, үшінші жаңалығы – орыс әдебиетінің үлгілерін алуы, төртінші жаңалығы – қазақтың тіл байлығын ұқсата, жетілдіре білуі, бесінші жаңалығы – өлеңнің жаңа түрін жасағандығы».
Абайдың қайтыс болғанына
30 жыл толуына байланысты жа- зылған жоғарыда біз көрсеткен мақалалардағы ой-пікірлер мен ғы- лыми-тұжырымдарды ескере отырып
«в главах «Реализм Абая», «Влия- ние русской культуры на Абая»,
«Поэтика Абая» автор сумел ска- зать новое слово о творчестве по- эта в целом». Бірақ, Абайдың халық ақыны, классик екенін мойындай отырса да, «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалынан шыға ал- май пікір қайшылығына ұшыраған.
«Абай сықылды үлкен талантты ақынды қазақ еңбекшілері (астын сызған біз. – Ж.С.) өткен өмірдің бізге тастап кеткен үлкен байлығы, асыл мұрасы деп бағалайды» дей отырса да, Абайдың шыққан ортасы қанаушы тап, сондықтан ол «бай- лар тобының мұңшысы, ұлтшыл ақындардың басы» деген тұжырымға ден қояды. Осы секілді тағы да бас- қа теріс ой-көзқарастары бола тұр- са да Ғ. Тоғжановтың бұл еңбегі – классикалық мұраны маркстік-ле- ниндік әдіснамаға сай ғылыми-мо- нографиялық сипатта зерттелуде жа- салған алғашқы қадамдардың бірі.
1920-1930 жылдары қазақ әде- биеттану ғылымында классикалық мұраны, әдебиет тарихын тексеру жұмыстары тек Абай творчествосы төңірегінде жүрді десек қателесер едік. Абайды зерттеу деңгейіне жете қоймаса да қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын басқа да ақын- жазушылар, олардың өмірі мен твор- чествосын ғылыми тұрғыда сөз етуге алғашқы қадамдар жасаған мақа- лалар көптеп жарияланды. Атап айт- қанда, халқымыздың күрескер жыр- шысы, патриот ақыны М. Өтемісов туралы Х. Досмұхамедовтің, А. Мә- метұлының «Исатай-Махамбет», Қ. Жұ- малиевтің «Махамбет ақын», «Ма- хамбет поэзиясының тілі», Ә. Үсе- новтің «Елеулі ақын» атты мақа- лалары шықса, алғашқы педагог, қазақ прозасының негізін салушы Ы. Алтынсарин жайында «М» де- ген автордың «Ы. Алтынсарыұлы», С. Сейфуллиннің «Ы. Алтынсары- ұлы», Т. Асқаровтың «Қазақтың пе- дагог ақыны», Ә. Тоқмағамбетовтің
«Ы. Алтынсарин» деген мақалалар мен алғы сөздер жарияланды (195). Сол сияқты үлкен дарын, талант- ты ақын С. Торайғыровқа арналған, Н. Ысмағұловтың «Сұлтанмахмұттың өлгеніне 5 жыл», С. Дәукеновтің
«С. Торайғыров», Б. Кенжебаевтың
«С. Торайғыров», Ә. Марғұлан- ның «Сұлтанмахмұтты еске түсіру»,
«Тұңғыш ғалым Шоқан туралы» деп аталатын ғылыми-биографиялық,




әдеби-анықтамалық сипаттағы зерт- теу мақалалар жарық көрді.
Қазақ әдебиеті тарихының сан түрлі қойнауларында әр түрлі бар- лау жасаған М. Жұмабаевтың «Ба- зар жырау», Ә. Тоқмағамбетовтің
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және Шортанбай», Е. Ысмайыловтың
«Нарманбет ақын», «Ел баласы» де- ген автордың «Сыншылдық туралы» (Шернияз жайында), Ә. Лекеровтің
«Қазақ әдебиетінің тарихы туралы», Н. Фатовтың «Қазақ әдебиетін тек- серу мәселелері» атты мақалалар ұлттық әдебиетіміздің өкілдерін сөз ету арқылы оның тамыры тереңде жатқаны туралы ой қозғайды. Ұлы Отан соғысына дейінгі дәуірдегі жеке ақындар туралы ғылыми-ғұмырнама, анықтамалық-зерттеушілік сипатта- ғы мақалаларды салыстыра қарасақ, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бергі әдебиет өкілдері көбірек сөз болғанын аңғарамыз. Оған ілгеріде сөз болған еңбектерден басқа М. Жұ- мабаевтың «Ақан сері», Н. Манай- ұлының «Шәңгерей ақын туралы»,
«Кітапшы» деген автордың «Шәң- герей», С. Сейфуллиннің «Ақмолла- ның өмір тарихы», Ө. Тұрманжа- новтың «Молда Мұса», белгісіз ав- тордың «С. Көбеевтің өмірі мен жазушылық қызметі», Ә. Марғұ- ланның «М. Ж. Көпеев», Р. Жаман- құлұлының «Таныстыру» (С. Дөнен- таев туралы) деген сияқты мақала- лары айқын дәлел.
Бұл ақындардың өмірі мен твор- чествосын зерттелуі барысында сол кезеңдегі ұлттық ғылыми-зерт- теушілік және сыншылдық ой-пі- кірдің өсу жолына маркстік-лениндік әдіснама принциптері ықпалы, ни- гилистік көзқарас және «тұрпайы социологизм» теориясының әсері тимей қалған да жоқ емес. Әсіресе, 1920 жылдардағы көптеген мақала- ларда пролеткультшылдық ниги- лизм қатты орын алды. Біз ол ма- қалалардың бәрін келтіруді орынсыз көріп, «тұрпайы социологизмге» сай ұшқары пікірлер кездессе де, ғылыми-зерттеушілік және әдеби- тарихи талдау жасау сипаты айқын мақалаларға ғана тоқталдық. Жаңа туып келе жатқан қазақ әдебиеттану ғылымында классикалық мұраны, көрнекті дарындар творчествосын ғылыми тұрғыда зерттеуде «адамзат қоғамының тарихы – тап тартысының тарихы» деген тұжырымды догмалық түрде қабылдау талай ерсіліктерге жол ашты. «Бір кезде В. И. Ленин- нің пролеткультшілдердің «бұрын- ғы мәдениеттің бәрін жойып жа- ңадан жасаймыз» деген әсіре бел- сенділігіне қарсы шығып, адам- заттың сан ғасырлар бойында жи- наған ілім-білім қазынасын толық меңгергенде ғана жаңа қоғам құ- руға болады деген қағидасы сөз жүзінде мойындалғанмен, нақтылы іс-тәжірибеде жаңсақ кетушілік жиі орын алған еді». Міне, осы




жаңсақ кетушілік жоғарыда аталған ақындардың творчествосын тексеру- де біршама орын алды.
Әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бергі әдебиеттегі ақын- дарды «Қазақстанда жаңа өркендеп келе жатқан қоғамның, яғни буржу- азиялана бастаған қазақ байлары- ның өкілі» деген көзқарастағы ұғым қалыптасты. «Егер ақын өзі өмір сүріп отырған феодалдық қоғам- дық құрылысты сынаса, ол жаңа өсіп келе жатқан буржуазия та- бының көзқарасымен сынады» де- лініп, ақындар шығармаларындағы халықтық, сыншыл реалистік си- патты феодализм және капитализм арасындағы қайшылыққа сайып жі- берілді. Бұған, әсіресе ата-тегі «тұр- пайы социологизм» теориясына келе қоймайтын кедей таптан шық- қан ақындар құрбан болды. Мы- салы, Шортанбай, Нарманбет, Ақ- молла, О. Қарашовтардың орыс патшалығы отаршылдық саясатын сынаған шығармалары жаңашыл- дыққа, қоғамға қарсы деген ұғымда түсіндіріліп, олар «ескі заманды хандық, бектік дәуірді аңсайтын кертартпа ақындар» болып кетті. Ал Ыбырайдың қазақ прозасының негізін салудағы, педогогтық-ағарту- шылық еңбектері мен жаңашыл су- реткерлігі дұрыс бағалана отырса да
«Ыбырай шығармаларының мәні, сапасы негізінен билер (феодал- дар) табынікі» деп бағаланды. Осы
сипаттағы пікірлер Ы. Алтынсарин туралы шыққан мақалалардың көбіне тән десе де болады.
Классикалық мұраны зерттеуде қазақ әдебиеттану ғылымындағы қате пікірлер мен «тұрпайы социо- логиялық» тұжырымдардың қатты өріс алуына 1932 жылғы «Сталин жолдастың хатына байланысты Қа- зақстанда теория майданындағы кү- рес міндеттері туралы» түсіндірме хат әсер етті. Сталиннің «Большевизм тарихының кейбір мәселелері ту- ралы» хатының ықпалында жасалған бұл нұсқау құжат «халық фолькло- рының көптеген шығармаларының, революцияға дейінгі кезеңнің аса көрнекті бірқатар ақындарының твор- чествосын жөнсіз жазғыруды кү- шейтіп, сол кездегі маңдай алды әде- биетшілерді (А. Байтұрсынов, С. Сей- фуллин, М. Жұмабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Б. Май- лин және басқалары) қуғындауды өршітті, олардың көпшілігін ке- йіннен репрессияға ұшыратты». Со- лақай сыншылдықтың дауылы қай- та көтеріліп, жоғарыда аталған да- рындардың мұрасын ғылыми сөз ете бастаған мақалалар «өткір сынға алынып, оларға феодалдық-рулық құрылысты марапаттады, өткен кезең ақындарының творчествосына тап- тық емес көзқараста болды деген айып тағылды». Осы қаулы класси- калық мұраның либерал-буржуа- зиялық немесе билік-феодалдық бо-




лып бағалануына мұрындық болып, ғылыми-зерттеушілік жұмыста та- рихи ақиқаттың айтылуына тоқтау салумен бірге, жиырмасыншы жыл- дардағы «алашордашылыққа», «ұлт- шылдыққа» қарсы күресті қайта жандандырып жіберді. М. Қайыпна- заровтың ҚазАПП-тың бірінші съе- зінде жасаған «Қазақ пролетариат әдебиетінің жай-күйі мен алдағы міндеттері туралы» баяндамасында әдебиет пен зерттеу жұмыстарын- дағы ұлтшылдық идеологиямен кү- ресу қажеттігіне қатты көңіл ауда- ру талап етілсе, 1934 жылы өткен Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде де айтылмай қалған жоқ.
Голощекиннің бір-біріне қарсы қоюынан ыдырап, талай «шиналарға» жіктеліп қалған қазақтың ұлттық ин- теллигенциясынан ұлтшылдық мін іздеу, алашордашылық пен троц- кизмге «бүйрегі бұрғандығын» тіз- белеу, көркем шығармадағы бай- шылдық салт-сананың белгілерін сынау қауырт қолға алынып, соңы 1937 жылғы «халық жауларын» жап- пай әшкерелеу науқанының қанды қырғынына ұласты.
Осы кезде академик Д. С. Ли- хачев айтқандай «мәдени ой-өрісі қаншалықты тар әрі шектеулі, барша жаңалықтарға және барша көне мұ- раға солғұрлым жаны төзгісіз, өзінің әдетіне айналған ұғымның билі- гіне соншалықты тәуелді, барынша күдікті жандардың» тарихи ақиқат-
ты өрескел бұрмалап жала жапқан, қаралағыш мақалалары әдебиет та- рихын зерттеуге кесірін тигізбей қалған жоқ. Бұл мақалалардың ақыл- парасатқа тоқтау салып, гуманистік адамгершілікке қаяу түсіргені, қазақ интеллигенциясының ұсталып ке- туіне, қуғын-сүргінге ұшырауына се- бепкер болғаны қазір ашық жазылды да.
Қазақ әдебиеттану ғылымының ізашарлары саналатын С. Сейфул- линнің, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, Қ. Жұмалиевтің, Е. Ысмайыловтың, Ә. Қоңыратбаевтың, Ә. Маметова- ның еңбектері өткір сынға алынып, жөнсіз ғайбаттауға жол берілді. Со- нымен қатар, әдеби-тарихи, әдеби- теориялық ой-пікірдің дамуына ке- дергі келтірді де, әдебиеттану ғылы- мының туу процесіндегі ізденістерін аласапыранға айналдырып жіберді. Сөзіміз дәлелді болу үшін қысқаша тоқталып өтелік.
Халық жауларын әшкерелеу нау- қанына баспасөз орындары жұмыла кірісті. «Социалистік Қазақстанның»
«Буржуазияшыл ұлтшылдардың бі- рін қалдырмай әшкерелеп, жермен- жексен қыламыз» (22.09.1937), «Қа- зақ әдебиетінің» «Қырағылықты мейлінше күшейтейік» (29.01.1937),
«Лениншіл жастың» «Буржуазия- шыл ұлтшылдардың ұясын тас-тал- қан жасау керек» (16.10.1937) се- кілді бас мақалалары әсіре сақтық пен қырағылыққа шақырды. Осы




шақыруға үн қосқан І. Қабылов
«Қазақ большевиктерінің міндеті – қазақ ұлтшылдарына қарсы баса кү- ресу» мақаласында «ұлтшыл-алаш- ордашылыққа» қарсы күресу мә- селесін қайта көтеріп, оны қазір троцкий -зиновьевшілерді жақтаушы пантюркистік – рысқұловщина, «ұлт- шыл-контрреволюцияшыл» – қожа- новщина, меңдешовщина, садуақа- совщиналар қолдап отыр» деп ғылы- ми және әдеби интеллигенция өкіл- дерін Ф. И. Голощекин ізімен тағы да жік-жікке бөліп тастап, ұлтшыл- дықты батыл әшкерелеу міндетін қойды. Ал Үсенов пен Момыновтың
«Әшкереленген жау» деген мақала- сы әдеби мұраны зерттеу саласын- дағы «ұлтшылдықты» әшкерелеуге тікелей бағытталған. Пайдаланып жүрген оқу құралдарындағы жә- не әдебиет тарихын сөз еткен мақа- лалардағы М. Ж. Көпеев, Н. Орман- бетов, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қара- шев, Ш. Бөкеев сияқты ақын-жа- зушылардың зерттелуін, олардың әдебиеттегі орнын бағалаудағы тың тұжырымдарды «алашордашыл-кон- трреволюцияшыл» пікірді бүркеп өт- кізу» деп табады. Авторлар, әсіресе Ә. Мәметованың ІХ класқа арналған
«Әдебиет хрестоматиясына» қатты шүйіліп, «Шәкәрім – ой-өрісі биік, саналы халық ақыны, шығармала- рының сыры кісі бойлағандай те- рең» бағасын жоққа шығарады.
«Нарманбет пен Шәкәрім Абайдың
жолын қуушы деп дәріптейді. Ұлт- шылдығын әшкерелемейді» деген сияқты кінәларды таға келіп, ав- тордың Наркомпростағы жиналыста жұмыстан шығарылғанын хабарлай- ды. Сол секілді М. Ақынжановтың –
«Жаудың сыры жете ашылсын» ат- ты мақаласы революцияға дейінгі дәуірде қазақта тап болды ма, бол- са сол кездегі ақындар қайсысын жырлады деген мәселені көтереді. Әдебиет тарихымен айналысушы- лар кешегі алашордашылардың
«қазақта тап болған жоқ» деген пі- кірін жақтағандықтан көңіл аудар- май отыр, сондықтан олардың дұш- пандық әрекеттерін ашу қажет дей келіп, жаңа «халық жауларын» әш- керелеуге шақырады. Соның сал- дарынан Қазақстан Оқу Комисса- риаты 30-жылдарда жазылған оқу құралдары мен әдебиет хрестоматия- ларды жарамсыз деп тауып, қайтадан жазу керек деген шешім қабылдады.
1937 жылдың лаңы ғылыми- зерттеу мақалалардағы әдебиет та- рихын танып-білу жолында қалыпта- сып қалған бағытты жаңылдырып, бетін бұрып жіберді. 30-жылдардың соңында орыстың классик ақын-жа- зушылыры мен советтік дәуірдегі халық ақындарының, әсіресе Ж. Жа- баев шығармашылығы туралы мақа- лалардың көбейіп кетуінің де бір сыры осында жатыр.
1920-1930 жылдардағы класси- калық мұраны, жеке дарындарды




сөз еткен ғылыми мақалалар тура- лы ойымызды қорыта айтсақ, олар- дан қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңіндегі әдеби-теориялық, әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің ізденістер жолында іркілістерге ұшырай оты- рып өсу, ғылыми сипатқа көшу эво- люциясын анық байқаймыз. Қазақ әдебиетінің революцияға дейінгі та- рихындағы көрнекті өкілдердің шы- ғармашылығын бағалауда нигилис- тік көзқараспен, «тұрпайы социоло- гизм» теориясымен күресе отырып, таза ғылыми-зерттеушілік мәндегі ой-тұжырымдар мен пікірлер нақты айтыла бастады. Сонымен қатар, қа- зақ әдебиетінің ғылымдық тарихын жасау мәселесі де көтерілді. Ол, яғни қазақ әдебиетінің тарихи курсын жа- сау мен дәуірге бөлу проблемасының
ғылыми жүйеленуі, оқу құралдары мен әдебиет хрестоматияларда жү- зеге асты. «Қазақ халқымен талай ғасырдан бері бірге жасап, рухани байлығы болған ауыз әдебиетінің озық үлгілері мен жеке дарындар- дың, әсіресе, Абай сияқты даныш- пан ақынның шығармашылығын игеру барысында қазақ әдебиетінің сыны өсу дәуірінде екені танылып қана қоймай, қазақ әдебиеттану ғы- лымының туып, қалыптасып келе жатқаны аян болды» [31]. Яғни, Ұлы Отан соғысына дейінгі жылдар- да қазақ әдебиеттану ғылымының әдебиет тарихын зерттеу арқылы өзінің туу кезеңін бастан өткізіп, қалыптасу кезеңіне бет бұрудағы ізденістерінде ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалардың қосқан үле- сі айтарлықтай мол болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет