Әдебиет және өнер мәселелері бойынша 30-жылдар кезеңімен 40-50-жыл- дардың басында қабылданған қаулы-қарарлар жөніндегі Қазақстан Компартия- сы Орталық Комитеті комиссиясының қорытындысы //Социалистік Қазақстан, 1989, 9 желтоқсан.
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы. 1998.
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы. 1974.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 томдық. 6 кітап. – Алматы: Ғылым, 1960- 1967.
Ысқақұлы Д. Сын өнері. –Астана, 2001.
Исмайылов Е., Бекқожин Қ., Айтмұқанов С., Сейітов С. Қазақ совет әдебиеті. Орта мектепке арналған оқу құралы. 4-бөлім, 10 класс үшін (Редак- циясын басқарған Е.Исмайылов). – Алматы: ҚБМБ, 1942. – 191 б.
Исмайылов Е. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, ҚБМБ, 1946. – 220 б.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. 8-9 кл. үшін оқу құралы. Орта мектепке арналған. 2 бөлім. – Алматы: ҚМБ, 1941. – 160 б.
Ысмайлов Е. Қазақ әдебиеті.Оқу құралы. Алматы: ҚБМБ,1941. – 120 б.
Кәкішев Т. Ескірмейді естелік. – Алматы: Жазушы, 1994. – 432 б.
Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1958. – 512 б.
Нарымбетов Ә. Қазақ совет әдебиеті. Әдебиеттану мен сынның биб- лиографиялық көрсеткіші. – Алматы. 1 том. 1970, 2 том. 1986. 3 том. 1997.
Жұртбаев Т. Бесігіңді түзе. Алматы, 1997. – 350 б.
ану ғылымының қалыптасу жолдары
ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиетт
2-ТАРАУ. 1956-1970 жылдар аралығындағы қазақ әдебиеттануындағы ізденістер мен іркілістер
Ұлы Отан соғысы басталғаннан бергі жылдарда даму мен дағдарыс- ты басынан қатар өткізген қазақ әдебиеттану ғылымы СОКП-ның XX съезінің шешімдерінен туын- даған жаңару, жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Бұл съезд Сталиннің жеке билігі басталған 1925 жыл- дан бергі мәдениет, өнер, ғылым салаларындағы орын алған көптеген қателіктердің бетін ашып, сын тезіне салып таразылай бастады. Ол ұлт- тық әдебиеттануда да соны серпіліс туғызды, өткен жолында орын алған өрескел бұрмалаушылықтары мен тұрпайы социологизм ықпалында қағидаға айналып бара жатқан кем- шіліктері түзетіле бастады. Қазақ әдебиеті тарихын орыс сыншылары- нан бастауға дейін барған және қазақ эпостарының санаулы үлгілерін ғана қалдыруға дейін құлдыраған ғылыми- зерттеушілік ой-пікір алдында жаңа мүмкіндіктер туды. Партия саясаты мен идеологиясының тар шеңберлі құрсауынан босай бастаған ғылыми- зерттеушілік ой-пікір ғылыми арнаға
бет бұрды. Оның негізгі себептері сәл кезінде-ақ: «Ең алдымен, қазақ әдебиетінің профессионалдық ар- намен өркендеп, одақтық, дүниежү- зілік сахнаға шығуы болса, екінші жағынан тарихи ХХ съезден кейін сын-зерттеу еңбектерін ғылыми не- гізде жүргізуге жағдай туғандығы, үшіншіден – әдебиеттануға жалпы мәдени дәрежесі көтеріңкі, эсте- тикалық талғамы қалыптасқан кадрлардың көптеп келуі, арнау- лы ғылыми мекемелердің, баспасөз орындарының ашылуы. Осындай обьективтік жағдайлар арқасында әдебиеттану мен сынның жалпы өресі биіктеп, алымы молайды», – деп атап көрсетілді. Ой өзегінде сол кездегі дәуір шындығы жатқанымен, бұл пікір заман талабына сай айтылған еді. Өйткені қазақ әдебиеттануы идеологиялық қыспақтан құтылып жаңа серпіліспен дамуға көшті, өресі биіктей бастады дегенде, маркстік- лениндік әдіснаманың ықпалынан біржола қол үзіп, ұлттық мүддеге сай зерттеуге басты бағыт алып кетті
деген ұғым тумауы керек. СОКП өзінің ХХ съезінен кейін «халық жа- уларына» байланысты 1937 жылғы,
«буржуазияшыл-ұлтшылдыққа» орай 1952-1953 жылдардағы қуғын- сүргінді қателік деп тапқанымен, ұлт республикаларының еркіндік алуына бастайтын «ұлтшылдық» туралы ұлы орыстық шовинизмге негізделген отаршылдық саясатты жалғастыра беретін көзқарасын өзгерткен жоқ. Қайта халықтар достығы идеясын желеу етіп, ұлттық мүддеге тартатын, халықтың өз тарихи тамырын та- нып білуге апаратын кез келген жаңа қадамды жойып жіберіп отырды. Осыдан жеке ұлт республикаларын- дағы ғылым-білім, өнер бір орта- лықтан басқарылды, жеке адам құ- қығы аяққа басылды. Еркін ойлауға шектеу салынып, кеңестік идеология шығармашылық жұмыстарда ғана емес, ғылыми-зерттеуде де өз билі- гін жүргізді. Бұл келді де қазақтың фольклорлық және классикалық мұ- расын зерттеуге болатын және бол- майтын деп екіге бөліп тастады. Осы саладағы басты бағыттар мен талап- тарды ҚКП Орталық Комитеті өзінің
«Қазақ халқының әдеби поэзиялық және музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан пайдаланудың жайы мен оны жақсарту шаралары туралы» (1957 ж.) қаулысы арқылы бекітіп берді. Онда төңкеріске дейінгі әдеби мұраны да, кеңес дәуіріндегі ақын- жазушылар шығармашылығын да
лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларына сай ғана тексеруді басшылыққа алу қатты ескертілді. Сын мен ғылыми еңбектерде осы принциптер негізінде талдау жа- сау мен бағалау басты талап болып қойылды. 40-жылдары назардан қа- ғыс қалған социалистік реализм қай- та дәріптеліп, теориялық тұрғыда негізделе бастады. Соның нәтижесін- де төңкерісті, оның жеңістерін дәріп- теуге арналған, еңбекші халықты ғана жырлаған таптық позициядағы шығармалар көптеп жазылды. Не бірыңғай тап тартысы идеясынан, не тартыссыздық теориясынан тұратын шығармаларға кең жол ашылды. Жеке басқа табынудың зардапта- рын әшкерелей отырғанымен, кеңес өкіметі мен партиялық басшылық жаңғыру дәуірі деп атап отырған бұл кезеңде осындай бағыттағы жаңа са- ясатын жүргізуге көшті.
Қазақ әдебиеттануының ХХ съез- ден кейінгі жылдардағы осындай талаптарға сай даму жолы ғылыми еңбектерде біршама сөз болды және айтылып та жүр. Алғашқыда қазақ әдебиеті тарихының көп томдығының 1967 жылғы ІІІ томының екінші кітабында ғылыми шолу дәрежесінде көрінді. Одан кейін бұл мәселеге барған ғалым Т. Кәкішев болды. Ғалым қазақ әдебиеті сыны тарихын зерттеуде әдебиетші-ғалымдардың ғылыми және сыншылдық ой-пікір-
ге қосқан үлесін көрсету мақсатында қарастырды. Ал бертінде ғана шық- қан «40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті» (1998) атты еңбектегі, сол кездегі әдебиеттану мен сын тура- лы тарауды жазған Д. Мыңбаев та осы ізбен кеткен. Сол себептен де болар, ұлттық әдебиеттану ғылы- мының осы жаңару дәуірі деп атап отырған кезеңнен бастап жүргізген ізденістері мен іркілістері жүйелі сараланбай қалған. Бүгінгі таңда- ғы көзқараста жаңаша пайымдау- мен қоса, әдіснамалық мәселелеріне байланыстылықта қарау қажеттігі айтпаса да түсінікті. Біздің ойымыз- ша, ұлттық әдебиеттану ғылымы мен сынының сол кезеңде қол жет- кізе алған табыстары мен әдеби мұраның таптығы және халықтығы көзқарасына сай қағидалар әсерінен амалсыздықтан бұрмалай түсіндір- ген тұсаулы қадамдарын басты-бас- ты келелі мәселелердің төңірегіне топтастыра жинақтай сөз еткен дұ- рыс болмақ. Сонда біз осы пробле- маларды шешу арқылы әдебиеттану ғылымы өзінің қалыптасу жолын- да қай салада қиындықсыз жетіліп, қай арнада сүрінгенін, ол жолда маркстік-лениндік әдіснаманың әсе- рі қандай болғанын ғылыми тұр- ғыда саралай аламыз. Қазірде ай- тылып жүргендей, барлық кінәні партиялық саясат пен идеологияға жауып қаралай беретін болсақ, онда керісінше айтылған «тұрпайы соци-
ологизм» теориясының ықпалында кетеріміз анық. Сондықтан ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің өсу эволю- циясын ғылыми әдіснаманы игеру жолдарына қарай қарастырған жөн болады деп ойлаймыз.
Қазақ әдебиеттануының съезден кейін-ақ айрықша құлшыныспен кіріскен саласы – әдебиет тари- хын зерттеу мен дәуірлеу мәселесі. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің алғаш назар аударғаны 1920-1930 жылдардағы кеңес дәуіріндегі әде- биет болды. Ол заңды да еді. Себебі, жеке басқа табынудың зардабы- на іліккен С. Сейфуллин, І. Жан- сүгіров, Б. Майлин секілді қалам- герлер шығармашылығы ақталып, ғылыми тұрғыда зерттей бастауға мүмкіндік туды. Бұған дейін осы кезеңдегі әдебиеттің тарихи және көркемдік даму жолы санаулы ақын- жазушылармен сыдырта баянда- лып, ал одан кейін Жамбыл бастаған халық шығармашылығы өкілдері- мен толықтырылып келгені жалған емес. Хронологиялық тәртіппен қа- рағанда, ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің 1920-1930 жылдар әдебие- тіне жаңаша көзқараста қарай бас- таған барлаулары 1956 жылғы осы мәселені батыл көтерген бірнеше ғылыми мақалалардан бастау ала- ды. Бұл жолдағы бағыт-бағдарды алғаш көрсеткен республикалық партия жарияланым болып санала- тын «Социалистік Қазақстандағы»
«Әдебиеттану ғылымы мен сыны- ның дәрежесі жоғары болсын» (1956,
22 наурыз) атты бас мақала мен
«Казахстанская правда» газетіндегі М. Қаратаевтың «Нужна подлин- но научная история қазахской ли- тературы» (1956, 14 қазан) деген мақаласы болды. Оларда партияның көркемөнер иен ғылым саласын- дағы жаңа саясаты түсіндіріле келіп, әдебиеттану мен сындағы орын ал- ған кемшіліктерді түзету мен жаңа- ша зерттеуде лениндік әдіснаманың қағидаларын басшылыққа алудың жолдары методологиялық тұрғыда негізделді. Бұл «Қазақ әдебиеті» газетінің «Әдебиет және әдебиеттану ғылымы» аталатын бас мақала- сында кеңірек сөз болды да, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау мәселесі нақты қойылды. Осы секілді жаңаша көзқарастан қуат алған ұлт- тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір бұған дейінгі өткен жолындағы бар- жоғын түгелдеуге батыл кірісті. Р. Бердібаевтың «Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері» («ӘжИ», №2), Ә. Дербісалиннің
«Байсалды зерттеуді қажет ететін мәселе» («Қ. Ә.», 4 мамыр), М. Дүйсеновтің «20-жылдардағы қазақ совет әдебиеті», С. Сейітовтің
«Казахская советская литерату- ра периода довоенных пятилеток» (1956, ҒА-ның Хабарлары, V кітап), Б. Кенжебаевтың «Қазақ совет әде- биеті кезеңдері жөнінде» («Қ. Ә.»,
7 желтоқсан), Ә. Қоңыратбаевтың
«Сынның сырқаулары» («Қ. Ә.», 3 ақпан) секілді мақалалары ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің әрі-сәріде тұрған кезіндегі алғашқылығымен ғана емес, жаңа арнаға бастайтын батыл барлаулар жасай алуымен құн- ды. Ең бастысы, тұрпайы социоло- гиялық көзқарастағы бағалаулардың әдебиеттің таптығы қағидасын асы- ра дәріптеуден туғандығының сы- ры ашыла бастады. Бұл – бір. Екін- шіден, 1920-1930 жылдардағы әде- биетті іштей бірнеше кезеңдерге бөлу жолындағы алғашқы түсініктер қалыптасты. Орыс әдебиеттануының осы бағыттағы қадамдарына сүйене отырғанымен, Б. Кенжебаев өзінің 1941 жылғы «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» атты кітапшасындағы қа- зақ әдебиетін дәуірлеу туралы көз- қарасын жалғастыра отырып, оның
«Совет әдебиеті» деген бесінші кезеңін енді «Қазақ совет әдебиеті» деп атады. Оны іштей «қазақ совет әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі»,
«соғысқа дейінгі бесжылдықтар дә- уіріндегі әдебиет», «Ұлы Отан со- ғысы кезіндегі әдебиет», «соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет» деген кезеңдерге бөлуді ұсынды, ғылыми- зерттеу жұмыстарды осы жүйеде жүргізуге шақырды. Осының бар- лығы 20-30-жылдардағы әдебиеттің туып-дамуына үлес қосқан ақын- жазушылар шығармашылығының жаңаша бағалана бастауына, зама-
на талабымен артық-кем айтылған пікірлердің түзетіле бастауына әкел- ді. Оған мысал ретінде тек осы 1956 жылы ғана жарық көрген Т. Ах- тановтың Ғ. Мүсірепов, М. Сармұр- зинаның, С. Қирабаевтың Ғ. Мұс- тафин, А.Нұрқатовтың Ғ. Мұстафин, М. Әуезов, С. Мұқанов туралы әдеби-сын очерктері мен мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ре- тінде шыққан еңбектерін атасақ та жеткілікті. Сонымен қатар, орта мектеп бағдарламаларының шығуы, солардың негізінде мектепті жаңа оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстарының қолға алынуы тың ізденістер болып жатқанын хабар- лағандай еді. Мысалы, С. Қирабаев, З. Қабдолов, А. Нұрқатовтардың ІХ класқа арналған «Қазақ әдебие- ті» (1956) оқулығы таптық көзқа- расқа негізделген социологиялық арқауы басым талдаулардан көрі, ғылыми-зерттеушілік ой-пікір бұ- рынғы ой ауанынан біржола ары- лып кете қоймағанымен, әдеби- теориялық тұрғыда қарастыруға ойыса бастағанын байқатты. Бұл ай- тылғандарды қазақ әдебиеттану ғы- лымның қоғамдық ой-пікірде нақты айтыла бастаған жаңа өзгерістерге іштей дайындала бастаған талпы- ныстары деп ұғу қажет секілді.
Осы сипаттағы жаңашыл ұмты- лыстар айқын көрініс таба бастаған уақытта Сәкен, Ілияс, Бейімбет- тер толық ақталды да, ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің кеңес дә- уіріндегі әдебиетті зерттеуіне кең өріс ашылды. Баспасөз олардың шығармаларын молынан жарияла- ды, естеліктер, деректер жазылды, әдеби мұралары қайтадан бүкіл ха- лықтың рухани азығына айналды. Жазушылар Одағы осы үш тұлғаның шығармашылығына арналған кеш- тер өткізіліп, тұсаулы ой толқынында жүрген күдікшіл көңілді сергітті. Шығармаларын басып шығару ісі қолға алынды, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің нысанасына айналды. Бұны ұлттық әдебиеттанудың өз даму жолында жетілген әдіснама арқылы қиын күресте қол жеткізген жеңісі еді деп бағалауға болмас. Қанша талпынғанымен ұзақ жылдар бойы құрсауда ұстап келген ленин- дік әдіснама ырық бермегендіктен, жеткілікті деңгейде дайындалып та үлгере алмады десе де болады. Әдеби- теориялық тұрғыдан жақсы деңгей- де болғанымен, осы қаламгерлердің әдебиет тарихындағы орнын ғылыми тұрғыда әділ бағалауда өз пози- циясын қорғай алмады. Оған дәлел – академик-жазушы С. Мұқанов ау- зымен айтылса да «С. Сейфуллин – қазақ совет әдебиетінің негізін қа- лаушы» деген тұжырымды бірден қабылдаттыра алмай, ұзақ жылдар әуре сарсаңға салуы. Осы тарихи талассыз шындықты ғылыми-зерт- теушілік ой-пікір сол кездегі иде- ология хатшысы Н. Жандилдин
тарапынан болған әпербақандық- тан сақтай алмады, қарсы күреске шыға алмай қорғаншақтай берді.
«Ұлтшылдық» айыптың таяғын жеп беті қайтқан аға буын әдебиетші- ғалымдар да белсенділік танытпа- ды. Соның кесірінен С. Сейфуллин кеңес дәуіріндегі әдебиеттің не- гізін салушыларының бірі ретінде төмендетіліп, бұл көзқарас алғаш- қыда зерттеу мақалаларда айтылып, кейін оқулықтар мен монографиялық еңбектерде ғылыми негізделе баста- ды.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір Сәкен, Ілияс, Бейімбет мұралары жайында белсенділік танытқанымен, солармен қатар құрбандыққа ұшыра- ған басқа сыншы-әдебиетші, жа- зушылар туралы зерттеу жұмыста- рын қатар алып жүруге де асыға қоймады. Тек сталиндік қамаудан аман оралғандардың өздерімен тағ- дырластар туралы бірді-екілі мақала жазғаны болмаса, әдеби жиындар- да жалпылама сөз болып, олардың мұрасын жинау-жариялау және зерт- теу жағына құлшыныс білдіргендер аз болды. Ол 1920-1930 жылдардағы әдеби-мәдени процестің даму жолын жүйелі тексеруге, тарихи шындықтың барынша ашық айтылмауы әсерін тигізбей де қалмады. Оның себептері де жоқ емес еді. Сәкеннен бастап жиырмадан астам қазақ әдебиетінің талантты өкілдерінің тұп-тура жи- ырма жыл бойы әдеби, ғылыми ор-
тадан аласталуына айыптаулар ай- тыла бастаған кезде, әдеби сынның кінәлілер іздеп ожарлыққа басқан тұстары да болмай қалмады. Бірақ, ащы шындықтың айтылуы әлі алыс еді. Себебі, жазықсыз төгілген қан- ға, талқаны шыққан тағдырларға құ- ныкерлер ашық айтыла бастаса, ба- сты айыпкер өзі болып шығатынын түсінген жергілікті партия ұйымы, оның идеологиясының оған жібер- меуі сол кезеңде заңды құбылыс еді.
«ХХ съезден соң Коммунистік пар- тия басшылары ел басындағы ауыр ахуалды түзетуге талпынғандай кө- рінгенімен, өздері біте қайнасқан қоғамдық жүйенің шеңберінен шыға алмады. Одақ орталығы Мәскеуде Б. Назаров пен О. Гридневаның
«Вопросы литературы» журналы- на шыққан мақалаларын, ақындар О. Бергольц пен К. Симоновтың сұхбатын, В. Дудинцевтің «Не хле- бом единым» романын «ауа жайыл- ды», «Социалистік мұраттарға жат пікірлер айтты» деп ұр да жық сын- мен төпеледі» [84, 128]. Орталықтың ашық таратып жатқан бағыт- бағдары мен үлгісі осындай болған шақта (халықтан жасырын берілген нұсқауларды айтпағанда) Қазақстанда 1937 жылдың лаңына ұшыраған Ғ. Тоғжанов, Қ. Кемеңгеров, М. Дәу- летбаев, С. Камалов, О. Беков, Ж. Шанин және тағы басқалар тура- лы зерттеушілік ойдың кідіре берге- ніне таң қалуға болмайды.
Негізінен әдебиет тарихының белгілі бір кезеңін санаулы адам- дар ғана жасамайтыны – тарихи шындық. Үлкенді-кішілі әр дарын қадір-халінше қызмет етеді. Сол ар- қылы өз кезеңіндегі әдеби дамудың көркемдік процесіне, әр жанрдың өсуі мен кемелденуіне үлес қосады. Ғылыми зерттеулерде олардың бар- лығы қамтылғанда ғана сол дәуір әдебиетінің барлық болмыс-бітімі ашылады. Бұл тұрғысынан келгенде, Сәкен, Ілияс, Бейімбет мұралары- ның алды кітап болып шығып, шығармашылығы зерттеу нысана- сына нақты алына бастаған шақта, ғылыми-зерттеушілік ой-пікір осы кезең әдебиетін жан-жақты тексеру- ге ұмтылыс жасап бақты. Міне, осы мақсатта, яғни 20-30-жылдардағы қазақ әдебиеті тарихын ғылыми тұрғыда сөз етуге тұрарлық барлық өкілдерін қамти отырып жүйелі тексе- ру деген жаңаша бағытта ой қозғаған Б. Кенжебаевтың «Өтелмеген парыз» мақаласы (1957, 25 қаңтар) кеңестік идеологияның саяси айып таққан ауыр соққысының астында қалды. Оны жариялаған «Қазақ әдебиеті» газеті жазаланды. Шындығында мақалада совет өкіметінің ірге та- сын қозғайтындай ешқандай саяси немесе ұлтшылдық пікір жоқ еді. Тіпті 1937 жылғы «ұлтшыл-фашист» атанғандардың бір де бірінің аты- жөні де аталмаған. Керісінше, осы кезеңдегі кеңестік идеология та-
лаптарына сай шығармалар жа- зып, қудалауға ілікпей, өз ажалы- нан өлген немесе соғыста оққа ұшқан Ш. Иманбаева, Е. Бекенов, А. Сегізбаев, С. Ерубаев, Б. Бұлқышев, А. Жұмағалиев, Р. Малабаев секілді ақын-жазушылар шығармашылығын зерттеу, қалдырған мұрасын жа- риялау, әдебиет тарихында алатын орнын белгілеу секілді дәуір талап етіп отырған проблема көтерілген еді. Бірақ, бұлардың қатарында
«алашордашылардың жақтасы бол- ған, кеңес өкіметіне қарсы үгіт жүргізгендіктен саяси сенімсіздікке ұшыраған» С. Садуақасовтың да аталуы қырағы көздердің назары- на бірден ілікті. Кеңестік идеоло- гия бұл мақала үшін бұрынғыдай дау-дамай ұйымдастырып қаулы қабылдамағанымен, авторға қатаң ескерту жасап, газет редакциясын жазалауы арқылы әдебиеттану мен сынға тым еркінси бермеу керектігін мықтап ескертіп, тізгіндеп қойды.
Өз өсу, қалыптасу жолында та- лай құрбандықтарға бара алған қазақ әдебиеттануы өкілдері қыз- меттен шығару секілді «жеңіл» жазаларға дайын еді. Өз арыста- рын танып-білуге ұмтылған халық тілегі, ұлттық мүддеге тамыр тарта бастаған ұлттық сана мен қоғам- дық ой-пікір 1920-1930-жылдардағы ақын-жазушылардың барлығы бірдей ақталуын талап етті. Кеңестік идео- логия қанша қаралағанымен, халық
оларды ұмытқан да жоқ, айыптағанда жоқ болатын. Осындай талап-тілек
«ұлтшыл-алашшыл» атанған ұлт зи- ялыларын да ақтау мәселесін шұғыл көтерді. Ол бір жағынан 1920-1930 жылдардағы қазақ әдебиетін тұтас бірлікте зерттеу ниетінен туса, екін- шіден, Сәкендердің ақталуынан басталған жаңашыл бағыт туғызған мүмкіндікті пайдаланып қалуға де- ген ұмтылыстан көрініс тапты. Олардың азаматтық тұрғыдан ғана ақталып, шығармаларын жариялау мен зерттеуге тиым салынуында көп сыр бар. «Расын айтайын, солардың шығармаларын жүзеге асыруға жо- ғарғы жақтан үзілді-кесілді қарсы- лық жоқ болған да емес. Ал ғылым иесі адамдарға ғалымдарымыз қарсы, әлгіндей ақын-жазушыларға ақын- жазушыларымыз қарсы болды», – дейді Ғ. Мүсірепов Т. Кәкішевке бер- ген сұхбатында [85, 293]. Бұл пікірде үлкен шындық жатыр. 1958 жылы Жазушылар одағы мен Ғылым ака- демиясы арнайы комиссия құрып, қайта оралған арыстарымыздың шығармаларын жариялауға шешім де шығарылды. Бірақ, жүзеге аспа- ды. Оның себебін түсіну үшін Ғ. Мү- сіреповтің мына пікірін толық кел- тірелік. «Бір кезде мен Одақта отырғанда М. Жұмабаевтың, Ж. Ай- мауытовтың мәселелерін қойып, тіпті комиссия да құрғанбыз. Іріктеп алу- ға жауапты бір редколлегия құрып, түсіндірмелермен, алғы сөздермен
басқымыз келіп еді. Оған тиісті жоғарғы орындар ризашылық та берген. (астын сызған біз. – С. Ж.). Соны жүзеге асыруға келгенде, баяғы өзіміздің тарапымыздан, жазушылар тарапынан көлденең тұрушылар көп болды, яғни жазушыларымыздың бір жағы басамыз десе, енді бір жағы құбыжық көріп қарсы шықты (оның шындығы ашылар күн алыс емес.
Ж.С.). Сонымен бөгеліп қалған бір жағдай бар. Екінші жағдай, сон- дай жаңалықтың хабарын естіп, абырой-атақ ала қояйық деп КазГУ- дің жігіттері даурықтырып жіберді. Жоғарғы жақ бір қаулы алса, солардың дегенімен алғандай етіп көрсетпек- ке тырысты. Сол бір қырсық бол- ды», – дей келе, А. Байтұрсынов мұрасы туралы сұраққа: «Бұған ға- лымдарымыз қарсы. Тілшілер қар- сы. Өйткені, шындап алғанда тілші- лердің пайдаланып отырған есімдік, етістіктері, негізгі терминдердің бар- лығы Ахметтікі ғой. Ахметтің өзіне қайтарып берсең оларда не қалады? Сонсын, бұл оның соңғы жазған кітабы болатын. Оның қолжазбасын өзімнің қолымнан алып кеткен. Кітаптың аты – «Қазақ тілінің теория- сы». Жарық көрмеген», – деп жауап береді. Ендеше «ұлтшыл» атанған арыстарымыздың ақталмауын партия басшылығынан, идеологиядан көру негізсіз. Әрі-беріден соң 1958 жылы ССРО Прокуратурасы Шәкәрімді, 1960 жылы Түркістан әскери трибу-
налы Мағжанды толығымен ақта- ды. Ғ. Мүсіреповтің жоғарыда «оған тиісті жоғары орындар ризашылық та берген» деуінің себебі осында. Сондықтан М. Базарбаевтың: «бір таңқаларлық нәрсе, бұл жөнінде ко- миссия мүшелеріне де, не Жазушы- лар одағы мен ғылыми мекемелерге де хабарланбаған, қорытынды шешім айтқан әдебиетшілер де, басқа ма- мандар да ештеңе білмеген. Жұмбақ сыры сол кездегі басшылардың: бұл саяси ақтау емес, бар болғаны азаматтық жағынан ақталу деген үстірт, жаңсақ түсінігінен екені енді мәлім болды», – деп кінәні басқаға аударуы ешбір шындыққа жатпайды. Қайта өз пікіріне өзі қарсы шығып,
«өкініштісі сол шешімдерді осылай ұғындырып, өңін теріс айналды- руға күш салған белгілі мәдениет қайраткерлері де болды» деп жауыр- ды жаба тоқи айтқаны, Ғ. Мүсірепов сөздеріндегі шындыққа сабақтасып жатыр.
Сөз болып отырған ақын-жа- зушылардың ақталуына орай көп- теген шындықтың беті ашылатын- дықтан, халықтың ашу-ызасынан қорыққан, ащы ақиқаттың айты- луынан сескенген бір топ ғалымдар мен ақын-жазушылар оларды тағы да құрбандыққа шалды, әдеби- ғылыми мұрасын қайта құру дәуірі басталғанға дейінгі ұзақ жылдар бойы тар қапаста ұсталуына себепші болды. Кейініректе болмаса, тура
сол кезде кеңестік идеологияның да, лениндік әдіснаманың да олардың жарыққа шықпауына еш қатысы жоқ екенін қайталай айтқымыз ке- леді. Біздің ойымызша, Ш. Құдай- бердиевтің «Қазақ әдебиетінде» (1959, 9 қаңтар) үш өлеңінің жари- ялануына орай қарасартовшылдық іс-әрекетті әдебиеттану ғылымының болашағынан көрі өз жеке басының қамын күйттеушілер мен «тұрпайы социологизм» теориясының ықпа- лынан айыға қоймағандар мақсатты түрде әдейі ұйымдастырды. Себебі, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кірдің жаңашыл бағыттағы ұмты- лыстарын жоққа шығару үшін, әсіре тапшылдық сипатта саяси астар бе- ріп айғай-шуға ұластыру тұрпайы социологизмнің үйреншікті дағдысы еді. Сол арыстарымыздың қайта ора- луына кедергі келтіргендер кейінде олар біржола ақталғанда, өз кінәларын заманға, кеңестік идеологияға жауып тағы да көлгірсіді, естеліктер айтты, кейбірі мақалалар, алғы сөздер жаз- ды. Кезінде өзі жіберген қателіктерді түзету мақсатында ғылыми еңбек жа- зып, атақ-абырой алып жатқандары да бар. Ал кейбірі өзі өмір бойы на- нын жеген қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына қарсы шығып, абы- ройсыз өлді. Ащы ақиқат, қатал үкім айтып отырғанымызды білеміз. Білсек те ұлттық әдебиеттану ғылымының ізденістері мен іркілістерін әділ са- ралау үшін, бізге шындық қымбат.
1920-1930 жылдардағы қазақ әде- биетінің толық та жүйелі зерттел- мей қалуының себебін ашу үшін – бұл жағдайларды тереңірек сөз етіп отырғанымыз да сондықтан.
Бұдан шығатын қорытынды сол – ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кір жаңару кезеңіне аяқ басқан тұс- та әдебиеттану ғылымына үлкен өзгерістер әкелетін өз позициясын қорғай алмады. Жазықсыз жазаланып
«ұлтшыл-алашшыл» атанған ақын- жазушылар мұрасын ғылыми тұрғы- да дәйекті қорғауда табандылық та- нытпады. Ұлттық әдебиеттану өзінің қалыптасу кезеңіне қадам басты дей отырғанымызбен, ғылыми зерт- теу жұмыстарында ұлттық мүддені бірінші орынға қоюға әлі де болса дайын еместігін байқатты. Өз ішінде осы ұлттық мүддеге бастайтын бір бағытта болмауынан жалған догма- тиктерге қарсы күреске шығудың орнына, жоғары жаққа жалтақтауы- нан арыла алмады. Нақты айтқанда, қазақ әдебиетші-ғалымдары арасы- нан тың игеру науқанына байланыс- ты қазақ жерінің тағдыры талқыға түскенде «портфель кетті, алайда ел қалды» деп халық мүддесін қор- ғап қалған Жұмабай Тәшенов секіл- ді тұлғалар шықпады. Ал тұрпайы социологизмдік көзқарас басқа тү- гіл партиялық құжаттардың өзінде сынға ұшырап жатқанымен, өз пози- циясынан оңай айрылғысы жоқ еді. Кеңестік идеологияның екі жүзді са-
ясатына сүйенген бұл теория көркем әдебиетке ауыз салып, тап тартысы анық көрініс таппаған туындылар- дан ұлтшылдық іздеуін қоймады. Д. Мыңбаев «Қазақ әдебиетіндегі»
«Бір семьялы әдебиет» (1957, 25 қаңтар), «Социалистік Қазақстан- дағы» «Қазақ әдебиетінің мәде- ниетін көтере берейік» (1957, 29 қаң- тар) секілді бас мақалалардың Қа- зақстандық идеология басшылары- ның нұсқауымен жазылғанын орын- ды атап өтеді [84, 217]. Оған Н. Жан- дилдин сияқтылар «Ұлт мәдениетін өркендетудің кейбір мәселелері ту- ралы» («Қазақстан коммунисі», 1957,
№7) деген нигилистік көзқарасқа негізделген мақалаларымен бағыт- бағдар беріп отырды. Халықтар достығы идеясын, ссоциалистік өмір шындығын жырлауда социалистік реализм әдісінің талаптарынан та- была бермейтін шығармалардан ұлтшылдық пиғылды іздеп табуды мақсат еткен мақалалардан тұрпайы социологизмнің салқынын аңғару қиын емес. Солақай сыншылдықты арқау еткен С. Бейсенбаев дегеннің В. Бюраковпен бірігіп «Известияда» жариялаған «У писателей Казах- стана» (1957, 22 наурыз) мақаласы, оның «Қазақ әдебиетінде» өз атымен шыққан. «Халық өмірі сәулеттірек суреттелсін» (1957, 29 наурыз) атты нұсқасы осының айғағы. Таптық қоғамның қайшылықтарын ғана жырлауды талап еткен, шығармадан
өткенді көксеу мен ұлтшылдық са- рынды іздеген тұрпайы социоло- гизм СОКП Орталық Комитетінің 1958 жылғы «Ұлы достық», «Бог- дан Хмельницкий» және «Шын жү- ректер» операларын бағалауда жібе- рілген қателіктер түзету туралы» қаулысынан кейін, қайта атқа мінер- дей сыңай танытты.
Тұрпайы социологизмдік пиғыл- дар мен нигилистік көзқарас Н. Жан- дилдиннің «К вопросу о критическом использовании куль-турного насле- дия прошлого» деген мақаласынан кейін әдеби мұраға байланысты да көрінбей қалмады. Оған мы- сал көп. Біз біреуін ғана келтірелік. М. Ақынжановтың «Қазақтың те- гі» деген кітабына байланысты Е. Ысмайылов «Коммунизм таңы» газетінде «Қазақтың тегі туралы» деген (1956, 7 қантар) рецензиялық мақала жазып, халық тарихының келелі мәселелеріне барып, ұлт бо- лып қалыптасу жолын зерттеудегі сәтті ізденістерін атап өткен болатын- ды. Еңбек пен рецензияға қарсы К. Акишев, С. Ибрагимов, Е. Агеева дегендер «Неудачная монография» деген атпен мақала жазып, тұрпайы социологиялық көзқараста «қа- зақтарды ұлттық оқшаулануға апа- ратын ұлтшылдық көзқарастағы кі- тап» деп тапты. Маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы мен халықтығы принциптерінің асыра дәріптелуі – тұрпайы социологизмді
өрістететінін тәжірибеден білетін. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті өзінің 1957 жылғы қаулы- сында көрсеткен бағыт-бағдар мен талаптарға сүйене келе, көркем әдебиет, ғылым саласындағы билікті мықтап қолына алды.
Бір қуанарлық жағдай, ғылыми- зерттеушілік ой-пікір лениндік әдіс- наманың әдебиеттің таптығы, ха- лықтығы, партиялығы қағидаларын басшылыққа ала отырғанымен, ке- ңестік дәуірдегі әдебиетті зерттеуде
«тұрпайы социологизмге» ырық бер- мей кетті. Шынын айтқанда, қазақ әдебиеттануы уақыт, заман талабы- на тез бейімделіп, оған маркстік- лениндік ілімге сай әдіснамалық, теориялық және сыншылдық жағы- нан дайын болды да, тез игеріп әкетті. «Маркстік-лениндік теорияға сай әдебиет қоғам өмірінің, таптық күрестің айнасы деген қағидасы, Лениннің бір ұлттың ішінде екі мәдениет барлығы, пролетариат мә- дениеті бұрынғы феодалдық, капи- талистік қоғамдар жасаған мәде- ниеттің заңды жалғасы, оны сын көзімен қарап пайдалану, әдебиет- тің партиялығы, халықтығы тура- лы қағидалары қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі идеялық арна- сы» болып алынғандықтан, тұрпайы социологизм көзқарасында бұра тартушылыққа орын қалмады [1, 24]. Егер қазақ әдебиеттануының даму жолына әдіснамалық тұрғыдан
қарасақ, тұрпайы социологизм ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің ұлт- тық мүддеге сай бағыт-бағдар ал- ған ізденістерінің айқын көрінген кездерінде ғана бой көрсетіп отырған екен. Алғашқыда Алаш арыстары- ның зерттеу еңбектеріне қарсы ҚазАПП-тың солақай демого- гиясы дәрежесінде көрінсе, екінші рет 1930-жылдардың екінші жар- тысында Абайды халық ақыны деп танудан басталған жаңа қадамдар тұсында ұлтшылдықты әшкере- леу, «халық жауларын» табуға бай- ланысты науқанмен тіл табысып кетті. Ал үшінші рет, ерекше және жан-жақты өріс алған тұсы – қазақ әдебиеттануының қырқыншы жол- дардағы барлық табысын түгел жоққа шығаруға дейін жеткен 50-жылдардың басындағы кезеңі. Және ол ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің жаңа, тың бағыттағы қа- дамдарын міндетті түрде бірыңғай ағым теориясымен байланыстырып отырған. Осы тұрғысынан келген- де, қазақ әдебиеттануында бірыңғай ағым теориясы ерекше орын алды дегенге күмәндана қарамасқа бол- майды. Оны мүлде болмады деп үзілді-кесілді жоққа шығарудан аулақпыз. Кейбір белгілерінің, яғни ақын-жазушылардың бәрін классик деп бағалаудың болғаны шындық. Бірақ, ол соңғы кезге дейінгі ғылыми еңбектерде ерекше назар түсірі- ліп айтылған «біздің әдебиеттану
жұмысымызға бірталай зиянын ти- гізіп келген – «бірыңғай ағым» тео- риясы... 30-жылдардың ақыры мен 40-жылдардың бас кезінде жазылған біздің әдебиеттану еңбектеріміздің бірқатарында Бұқар мен Махамбет те, Шортанбай мен Алтынсарин де, Абай мен Мұрат та, Сұлтанмахмұт пен Шәңгерей де, Дөнентаев пен О. Қарашев та – барлығы да ағар- тушы, демократ, сыншыл реалист, тіпті халық ақыны етуге дейін асы- ра дәріптеу орын алды. Ал фольклор мұралары да ешбір жіксіз, мінсіз бірыңғай мақтаумен болды, батыр- лар жыры мен тарихи жырлардың арасында шек жойылды. Жеке ақын, жазушылардың творчествосындағы идеялық қайшылықтар ашылма- ды», деген секілді тұжырымды пікір айтуға негіз бола алмайтын еді [1, 38]. Өйткені, жоғарыда сынала айтылған ақындар ағартушы-демократ болма- ғанмен, сыншыл реалист, халық ақыны болғаны жалған емес, бүгінгі таңда ол дәлелденіп те жатыр. 1947 жылғы және 50-жылдардың басындағы қаулы-қарарларда «тұр- пайы социологизмге» негізделе ай- тылған осы айыптаулар зерттеу ең- бектерде өзгеріссіз қайталанып, «ол қателіктерді партия әділ көрсетіп бергені» ғылыми дәлелдене баста- ды. Әуелде 1958 жылғы «Қазақ со- вет әдебиеті тарихының очеркінде» айтылса, осы жылғы әдеби мұра- ны зерттеу туралы конференцияда
кеңірек сөз болып, ақыры 1960 жыл- дан шыға бастаған көп томдықта тұжырымдала пайымдады. Қазақ әдебиеттануының өткен жолын та- разылап, алдағы бағыт-бағдары мен міндеттерін белгілеу жолында ұлт- тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір ұлттық мүддеге сай табыстарын жоққа шығарып, біржақтылықпен бағалауға жол беріп алды. Әрине, өз ықтиярымен немесе әдіснамалық және ғылыми теориялық тұрғыда өресі жетпегендіктен емес. Маркстік- лениндік әдіснама, кеңестік идеоло- гия оны осыған баруға мәжбүр етті. Бұл жерде отаршылдық пиғылда- ғы ұлы орыстық шовинизмді және еуропацентристік көзқарасты, одан қуат алған ұлттық нигилизмнің әсерін де жоққа шығаруға болмайтыны өз- өзінен түсінікті. Қазақ әдебиеттануы бірыңғай ағым теориясына байла- нысты осындай негізсіз айыптау- дан тек «40-50 және 60 жылдардағы Қазақ әдебиеті» (1998) атты еңбектегі проф. Т. Кәкішев, Д. Мыңбаев жаз- ған «Әдебиеттану және сын» тарау- ларында ғана құтылды.
ХХ съезден басталған жаңа кезеңде қазақ әдебиеттану ғылы- мының өткен мақтанудан көрі даттауы басым осындай айыптау- лар мен бағалар айтылып жатқан тұста, маркстік-лениндік әдіснама қағидаларын басшылыққа алуды насихаттаған партияның өнер, ғы- лым саласындағы саясаты мен иде-
ологиясы кеңес дәуіріндегі әде- биеттен зерттеуге болатын ақын- жазушыларды жіктеп көрсетіп бер- ді. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір оларды тексеруге құлшына кірісті. Монографиялық сипатта тексеруді мақсат тұтқан көптеген мақалалар жазылды. Оларда жаңа талап бой- ынша қоғамдық өмірмен тығыз бай- ланыста қараудан тарихилық сипат, жанрлық және әдеби-теориялық тұр- ғыда талдау жасауға деген ұмтылыс айқын көрініс тапты. Оны айтқан уақытта ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің шын мәнінде алғырлық, жұмыла жасауда парасаттылық тап- қанын атап өту керек. Екі-үш жыл ішінде көрнекті қаламгерлер туралы әдеби-сыни және монографиялық очерктердің шығуы, «Қазақ әде- биетінің кейбір мәселелері» (1957),
«Қазақ совет әдебиетінің мәселелері» (1957) сияқты әдеби сын-зерттеу мақалалар жинағының жарық көруі, С. Сейітовтің «Қырық жылда» (1957) атты әдеби очеркі, М. Қаратаевтың
«Туған әдебиет туралы ойлар» (1958), М. Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» (1959) еңбектері, Е. Ысмайыловтың
«С. Сейфуллин», М. Қаратаевтың
«І. Жансүгіров» туралы кітапшала- ры шығуы кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетін зерттеудегі жақсы ізде- ністердің нышаны еді. Сонымен қа- тар, ұлттық әдебиеттануға, оның туу, даму жолына бағалаушылық мәнде көңіл аударыла бастады. Бұл
бағытта «Әдебиет және әдебиетта- ну ғылымы» («Қ.Ә.», 17.VІІІ.1956),
«Әдебиеттану ғылымы мен әдеби сынның дәрежесі жоғары болсын» («С. Қ.», 28.VІІІ.1956) секілді бас мақалаларда, М. Базарбаевтың «Әде- биеттану ғылымы өрлеу жолында» («Қ. Ә.», 25.Х.1957), Т. Кәкішевтің
«Әдебиеттану ғылымы туралы бірер сөз» («Жұлдыз», №9, 1958), Х. Сү- йіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің зерттелу жолы» («Жұлдыз», №5, 1958), Е. Ысмайыловтың «Әдебиет- танудың негізгі міндеттері» («Жұл- дыз», №7, 1959) секілді мақалалар жарияланды. Оларда негізінен жеке басқа табынудың ғылыми жұмыс- тарға тигізген зардаптары мен 1947-1953 жылдар аралығындағы тұрпайы социологизм ықпалындағы бұрмалаушылықтар сынала келе, алдағы уақытта маркстік-лениндік әдіснаманың партия құжаттары көрсетіп берген қағидаларын бас- шылыққа алу насихатталды. Өткен- дегі мұраны идеялық және саяси бағытына, таптық сипатына қарай сұрыптау қажеттігі ерекше сөз бо- лып, ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кірдің ұлттық негізде дамуына ба- ғыттайтын тың мәселелер көтеріле қойған жоқ. Оған заман талабы мүм- кіндік бермегені, әрбір жаңашыл ұсыныс қырағы қадағаланып оты- рылғаны айтпаса да түсінікті. Со- лай дей отырғанымен, бұл да болса жақсылық нышаны еді. Өйткені, қазақ
әдебиеттануы өзінің өткен жолына
«партиялық сын» тұрғысынан көз салып, бар-жоғын түгелдеп алуымен бірге, ендігі кезеңінде, яғни маркстік- лениндік әдіснама қағидаларына біржола мойынсұнғаннан басқа ама- лы қалмағанында, алдағы бағыт- тарын белгілеп алуы қажет еді. Бұл
«Қазақстанда әдебиет ғылымы, яғни көркем әдебиет туралы, оның тео- риясы мен тарихын жасайтын, оның заңдылықтары мен даму жолдарын ғылыми тұрғыдан талдап отыра- тын ғылым жасалды» деген секілді пікірлердің айтыла бастауына се- беп болды. Енді ұлттық әдебиеттану ғылымының табысы ретінде таны- латын еңбектер жазып шығару күн тәртібіне шұғыл қойылды. Соның нәтижесінде 1958 жылы «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институты Орталық Коми- тет нұсқаулары мен жұртшылықтың көптен бергі тілегін өтеу мақсатымен осы «Очеркті ...» жазып шықты» (астын сызған біз. – С. Ж.). Яғни, кеңестік дәуірдегі әдебиетке арналған
«Қазақ совет әдебиеті тарихы очеркі» жарық көрді [86, 7].
Алғы сөзінде М. Базарбаев атап жазғандай, еңбек «Қазақстан Компартиясының Орталық Комите- ті республикадағы әдебиет зерттеу ғылымының міндеттерін айқындай келіп, қазақ әдебиетінің совет дәуірі тұсында өсуін көрсететін, әдебиет- те болған түбірлі өзгерістер мен
жаңалықтарды маркстік-лениндік эстетика тұрғысынан қарап, баян- дап беретін күрделі еңбек жазы- луын бірнеше рет атап көрсеткен» талаптарынан туғандығына және
«әдебиеттану ғылымының, әдебиет сынының өсіп, дамуы нәтижесінде ғана мұндай күрделі қорытынды пікірлер айтуға мүмкіндік алғанына» көңіл аудармасқа болмайды. Себебі, ол әдебиет туралы ғылымның партия сынынан қорытынды шығарып, өз
«қателіктерін түзеткенін», маркстік- лениндік әдіснаманың «ғылыми сара жолын», кеңестік идеологияның өнер мен ғылым жөніндегі саясатының
«жасампаздығын» одақ көлемінде алғаш дәлелдеп берген еңбек бол- ды. «Қазақ совет әдебиетінің очер- кін» Москва ғалымдары Қазақс- танның әдебиеттану ғылымы жо- лындағы зор табысы деп жоғары бағалады. Методологиялық дұрыс негізге құрылған бұл очерк басқа республикалардағы осындай очерк- тердің ірі кемшіліктері ескере жа- зылып, Қазақстан әдебиетшілері өз заманындағы совет әдебиеті мәсе- лелеріне баса назар аудара білген- діктерін дәлелдеді» [67, 399].
Бұл очерк маркстік-лениндік әдіс- нама қағидаларын басшылыққа ала отырып жазылғанымен, ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің азды-көпті жинаған тәжірибесіне сай бар мүм- кіндігін көрсете алған еңбек екенін жоққа шығаруға болмайды. Жаңғыру
кезеңіндегі талаптарға сай кеңестік дәуірдегі төңкерісшіл бағыттағы әдебиеттің жанрлық және көркемдік даму процесі біршама жүйеленді, идеялық-творчестволық қалыптасу жолын әдебиеттің таптығы және партиялығы принциптеріне орай қарастыруда алғашқы қадамдар жа- салды. Оны қазақ әдебиеттану ғы- лымының жаңа бағыттағы ізде- нісінің жемісі деп бағалағанда, ке- ңестік дәуірдегі әдебиеттің даму жолы іштей төрт кезеңге жіктеліп, әрқайсысына шолу берілуі мен 13 ақын-жазушының монографиялық тұрғыда зерттеу нысанасына алыну- ын айту керек. Әдебиеттің партия- лығы мен таптығына сай талдау жасау басым түсіп жатқанымен, олардың қазақ әдебиеті тарихында- ғы орны белгіленді, шығармашылық жолының басты сипаттары ашылды, әдеби жанрлардың өсіп-кемелденуіне қосқан жаңалығы мен үлесі ғылыми сараланды.
«Очеркте» төңкерістен бастап еңбек шыққанға дейінгі әдебиет тарихын «Қазақ совет әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі, соғысқа дейінгі бесжылдықтар дәуіріндегі әдебиет, Ұлы Отан соғысы ке- зіндегі әдебиет, соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет» деп бөлуде шарттылық пен жалпыламалық ба- сым. Орыс әдебиеттануы кеңестік дәуірдегі орыс әдебиетін «Азамат соғысы (1918-1920), шаруашылықты
қалпына келтіру (1921-1925), инду- стриализациялау (1926-1929), кол-
лективтендіру (1930-34), социалис- тік қоғамды құруды аяқтау (1935- 1941), соғыс кезіндегі әдебиет (1941- 1945), соғыстан кейінгі жылдар әдебиеті» деген жүйеде қарастырып жатқан болатын. Бұған қарағанда
«Очерктегі» дәуірге бөлу тек бар- лау міндетін атқарғанын байқаймыз. Осы дәуірлерге бөлуге сай жазылған шолудың ғылыми танымдық сипа- ты мен зерттеушілік ой-пікірді тың арналарға бастайтын проблемаларды нақты көтере алуының маңызы зор. Ол мәселелердің ең өзектісін Б. Кенже- баев жоғарыда айтылған «Өтелмеген парыз» мақаласында көрсеткен еді. С. Садуақасов есіміне байланысты күдікпен қарау орын алғанымен, әдебиеттану мен сын бұл салада батыл барлаулар жасап, ғылыми мақалалар жариялап та үлгерген еді. Ш. Иманбаева туралы М. Дүйсенов, Ә. Қоңыратбаевтың, Б. Ізтөлин ту- ралы С. Мұқанов, Т. Кәкішевтің, С. Ерубаев туралы Т. Кәкішев- тің мақалаларындағы ғылыми ой- пікірлер шолуды жазу барысында ескеріліп отырылған. Бұлардан басқа Қ. Әбдіқадыров, Ө. Тұрманжанов, Ж. Тілепбергенов секілді ақын- жазушылардың шығармашылығы әдеби даму процесіне байланыстыра таныстырылуы мен бағалануы кеңес дәуіріндегі әдебиеттің өсу жолы ту- ралы жүйелі түсінік беру ниетінен
туғандығы анық. Ол 1920-1930 жыл- дар әдебиетін ғылыми тексеру- де аталған ақын-жзушылардың да монографиялық тұрғыда зерттелуіне тың жол ашылғанын көрсетті. Со- нымен қатар, бұрын-соңды ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің нысана- сына түсе қоймаған Ж.Саин, Ә. Сәр- сенбаев, Д. Әбілев, А. Жұмағалиев, М. Хакімжанова, Ғ. Сланов секілді ақындар туралы шағын танысты- рулар берілуі жаңа ізденістер ны- шаны еді. Бұл бұрын-соңды сөз болмаған басқа да қаламгерлер ту- ралы алғашқы зерттеу мақалалардың жазыла бастауына әсер етті. Бұл қазақ әдебиеті тарихын тек көрнекті дарындармен ғана танысу белең алған тұстағы кемшіліктердің түзеле бастағанын да байқатты. Алайда, осы шолуда монографиялық сипатта сөз болып отырған он үш қаламгердің шығармашылығына ойыса беру де орын алған. Бұл еңбектегі қазақ әдебиеттануының ғылыми деңгейіне баға берсек, енді ғана ақталған Сәкен, Ілияс, Бейімбет шығармашылығын кең және терең сөз етуге уақыт тарлық еткені сезілсе, зерттеушілік және сыншылдық ой-пікірде көбірек сөз болып келген М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мұстафиндер жайында молырақ айтылған. Ғылыми-зерттеушілік ой- пікір әдеби теориялық талдау жаса- уда өлең сөздің теориясын бірша- ма меңгергені байқалса, прозалық шығармаларды талдауда мазмұндап
кету секілді кемшілікке душар бол- ғаны айқын көрінеді. Қалай деген- мен де «Очерк...» дәуір алға тартқан талаптар үдесінен шығуға ұмтылған жаңа қадам болғаны даусыз. Ол бір жағынан орта мектепке арналған оқу құралдарының жаңа мазмұнда шығуына негіз болса, екіншіден, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің та- рихи және теориялық тұрғыда тың ұмтылыстар жасауына жол ашты.
Кеңестік дәуірдегі әдебиетті зерт- теудегі олқылықтардың орны осын- дай сипатта тола бастап, бұл бағыт- тағы еркіндікті сезінген әдебиеттану ғылымы төңкеріске дейінгі әдебиет тарихын тексеруде күні кеше ғана қате деп табылған ізденістерін қайта жалғастыруға ұмтылды. Бұл кезде
«ұлтшыл-алашшыл» атанғандар ту- ралы жаңа көзқарас ақын-жазушылар мен ғалымдар тарапынан екіге жары- лып, ақтау туралы ұсыныс жоғарыдан қолдау таппай, ресми түрде айтылма- са да тыйым салынатыны айқындалып қалған да болатын. Содан болар ғылыми-зерттеушілік ой-пікір наза- ры өткен дәуірдегі әдеби мұраны иге- ру мәселесіне ауды. Оған алғашқыда мерзімді баспасөз бетінде әр түрлі сипаттағы қарама-қарсы пікірлер ай- тылуы арқылы барлау жасалды. Шы- нын айту керек, қазақ әдебиеттануы бұл бағытта бұрынғыдай көз жұмбай ерлікке бара алған жоқ. 1957 жылғы қаулы талаптары мен республикалық партия ұйымы нұсқауы мен жазылып
жатқан мақалалар «өткендегі әдеби мұраны сын көзімен қарап пайдала- ну және зерттеу керек, оның өзінде маркстік-лениндік әдіснама қағидала- рына сай қоғам өміріне байланысты қайшылықтарын ашу керек» деген тезисті бетке ұстай отырып, ерекше сақтықта жазылды. Амал жоқтықтан орыс халқымен достыққа кір келті- ріп алмас үшін отаршылдыққа ашық қарсы болған ақын-жыраулардың реалистік шығармаларына «ескішіл, керітартпа» көзқараста болды деп та- рихи шындықтан ауытқи, бұрмалай түсіндіру белең ала бастады. Бірақ, сайып келгенде оларды әдебиеттің таптығы тұрғысынан қарап, сын көзбен бағалап пайдалану және зерт- теу қажет деген ұсыныстарға да ден қойылды. Осыған сай төңкеріске дейінгі әдеби мұра туралы бірта- лай ғылыми мақалалар жариялан- ды. Олар көтерген мәселе біреу ғана болғанымен, екі түрлі сипатта кө- рінді. Бірі – бүкіл әдеби мұра мен әдебиет тарихының мәселелерін сөз еткен жалпылама мақалалар болса, екіншісі – жеке ақын-жырау шығар- машылығына ғана арналған зерт- теулер. Сөзіміз дәлелді болуы үшін ғана емес, ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің қол соза алған арналарын байқату үшін де атап көрсете кетелік.
«Қазақ әдебиетінде» М. Қаратаев
«Қайта қарауды қажет ететін мәселе» (10.08.1956), Ғ. Мұсабаев «Әдеби мұраны бұрмалаушылыққа қарсы»
(13.06.1956), Қ. Тұрғанбаев «Тағы да әдеби мұра жайында» (3.08.1956), С. Бәйішев «Әдеби мұраларды зерттеу мен пайдалану жайында» (4.07.1959),
«Жұлдыз» журналында М. Дүйсенов
«Әдеби мұра және оны зерттеу» (№3, 1959), М. Базарбаев «Қазақ халқының әдеби мұрасын зерттеу туралы» (№2, 1959), А. Нұрқатов пен Қ. Ибрагимов «Әдебиет тари- хын зерттеу жайында» (№4, 1957), Ғылым академиясының «Хабаршы- сында» М. Базарбаев «Әдеби мұра және оны зерттеу» (№12,1958) және тағы басқа да сыншы-әдебиетшілер әдеби мұраны игеру проблемасын көтерген мақалалар жарияланды. Бұларға қоса әдебиет тарихының белгілі бір дәуірін зерттеуді нақты сөз еткен Б. Кенжебаевтың «Лениншіл жастағы» «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы» (13.VІ.1959) мақаласын да атай кету керек. Бұлардағы түпкі айтылар ойдың
«Социалистік Қазақстандағы» 1957 жылғы қаулыны тарамдата баяндаған
«Әдеби мұра мұқият зерттелсін» (24.07.1957) атты бас мақаладан өрбіп жатқанын аңғару қиын емес. Аталған мақалаларға жекелеп тоқталу мұрат емес және ғылыми-зерттеушілік ой- пікір бір ғана мақаладан көрінбей- тіні тағы бар. Сондықтан жинақ- тай айтуға тура келеді. Төңкеріске дейінгі әдебиет тарихын зерттеуде- гі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің әдіс-тәсілін әдебиеттің таптығы
мен халықтығына қарай икемдей бастаған бұл мақалалардың ұлттық әдебиеттану үшін құндылығы әде- биет тарихын тұтас бір жүйеде зерт- теуді басты мәселе ретінде қоя білуі еді. Ұлттық әдебиетті қай кезеңнен бастаймыз, қандай дәуірлерге бө- леміз, маркстік-лениндік әдіснама- ға сай қалай бағалаймыз деген се- кілді мәселелер төңірегінде әр түрлі сипаттағы ой-пікір ортаға түсті.
«Тұрпайы социологизм» теориясы- на апаратын көзқарастан, сәл бұрын ғана қателік деп табылған ұлттық мүддеге сай ізденістеріне «кінәлі»
«бірыңғай ағым» теориясынан сақ- тандыру, бұл жолда партиялық қаулы- қарарлар нұсқап отырған сара жолды басшылыққа алу негізделе бастады.
Бұл сипаттағы көзқарас жекеле- ген ақын-жырауларды сөз еткен ма- қалаларға да ауысып, әр автор өзі қа- растырып отырған шығармашылық мұраға идеялық жағынан дұрыс, ғылыми жағынан терең, партиялық жағынан әділ баға беруге ұмтылды. Оны «Қазақ әдебиеті» газетіндегі Ә. Көпбаевтың «Нарманбет ақын» (7.12.1956), Ы. Дүйсенбаевтың
«Шортанбай ақын шығармалары» (2.08.1957), Т. Нұртазиннің «Шор- танбай шығармалары жайлы» (28.12.1957), Ғ. Мұсабаевтың «Шор- танбай шығармалары туралы» (4.06.1958), Ә. Қоңыратбаевтың
«М. Ж. Көпеев лирикасы» (19.07.1959), Ғ. Малдыбаевтың «Шал
ақын кім?» (28.11.1958), Ғылым академиясының «Хабаршысындағы» З. Ахметовтың «Шәңгерей ақын» (№3,1959), А. Нұрқатовтың «Ақан сері» (№1,1959), Х. Сүйіншәлиевтің
«Дулат ақын» (№3,1959), Қ. Жұ- малиевтің «Ш. Жарылғасұлы» (№10,1959), «Халық мұғалімі» жур- налындағы Қ. Мұқаметхановтың
«М. А. Құнанбаев» (№1,1957), Т. Әб- дірахмановтың «Б. Өтетілеуовтің әдеби мұрасы жайында» (№9,1959) секілді мақалаларынан көруге бо- лады. Заман талабына сай маркстік- лениндік әдіснама басшылыққа алынғанымен, бұл мақалалардың 50-жылдардың басында «реакци- яшыл, керітартпа» деп табылған ақындар мұрасын зерттеуді қайта көтеруі құптарлық құбылыс еді. Басты мақсаттары «сын көзімен қа- рап қайшылықтарын ашу» арқылы әдебиет тарихынан орын алып қалуына қол жеткізу еді. Ол жол- да артық-кем айтылып, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда тарихи шындықтан алыс жатқан тұжырым- дар да жасалды. Мысалы, Шор- танбай туралы мақалаларды алсақ, авторлардың бір-біріне қарама-қай- шы келгені байқалады. Ғ. Мұса- баев «Шортанбай діншіл ақын емес, оның шығармасындағы дін сөздері кітап шығару барысындағы Қазан молдаларының жамап-жасқауы бо- лар» деп ақынды қорғаштайды, ал Т. Нұртазин «Сөз жоқ, бұл
мистик-ақырет ақыны» десе, С. Нұ- рышевтың «Шортанбайдың «Бала зары» туралы» («Қ.Ә.», 19.07.1957) мақаласында «тұрпайы социоло- гизм» теориясының салқыны басым түскен. Өткендегі әдеби мұраны зерттеудегі осындай қаламдар өз нәтижесін бермей қалған да жоқ емес. Б. Кенжебаевтың «Қазақ баспасөз та- рихынан мәліметтер» (1956), «Жур- налист М. Сералин» (1957) атты кітапшалары, С. Қирабаев пен бірге жазған «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1957) аталатын көмекші оқу құралы, «С. Торайғыров» (1957) зерттеуі, С. Қирабаевтың «С. Көбеев» (1958) деген еңбегі ғасыр басындағы әдебиет өкілдері туралы ой-пікірдің біршама жүйеленіп қалғанына дәлел. Әсіресе С. Торайғыров шығармашы- лығы туралы зерттеулер артық-кем айтылған пікірден арылып, ғылыми тұрғыда нақтыланды.
Міне, ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің төңкерістен бұрынғы әдебиет тарихын тексеру жолындағы әр түрлі деңгейдегі осындай ұмтылыстарды әдеби мұраны зерттеу мәселесіндегі әр қилы көзқарастарды бір арнаға салудың қажеттігін көрсетіп берді. Бұл 1959 жылы қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияны ұйымдастырып өткізуге басты се- беп болды. Сонымен қатар, «Біз әлі күнге қырық жыл ішінде Бұқар кім, Шортанбай кім – соны бір байламға
әкеле алмай келеміз. Осы неліктен? Жақын арада шолып қарасам, Шор- танбай туралы жиырма бес мақала, Бұқар туралы отыз екі мақала басылғанына кездестім. Айналасы
250 жол өлеңі бар Бұқарды тануға осынша уақыт неге кетіп жүр. Бұл халық ақындарының еңбектерін тек- серуге советтік ғылымның өресі жетпей жүргендіктен емес, өлі ақын- ға да, тірі ақынға да партиялық обьективті көзқарасымыз бірікпей жүргендіктен» деген секілді пікір- лер әр түрлі сипатта айтыла бас- тағандықтан, әдебиетші-ғалымдар- дың идеялық көзқарасын біріктіруге кеңестік идеология да мүдделі бол- ғанын ашып айту керек [67, 368].
Бұл конференцияның қазақ әде- биеттануының қалыптасу тарихын- дағы маңызы туралы пікір айтқан- дардың барлығы да ғылыми-зерттеу жұмыстарына кедергі болып келе жатқан көптеген мәселелердің бе- ті ашылғанын, біраз ілгері басу болғанын, қазақ әдебиеті тарихын жүйелі тексерудің жолға қойылғанын атап көрсетеді. Негізінен дұрыс бол- ғанмен партиялық-әкімшілік жүйе кезінде айтылған ойды қайталау бар. Бұл жерде біз конференцияның фольклорлық мұра мен әдебиет тари- хын тексеруде соны қадам болып та- былатын табысын жоққа шығарайын деп отырған жоқпыз. Мәселе – осы бағалауларда қазақ әдебиеттану ғы- лымының бұдан былай маркстік-
лениндік әдіснаманың жаңа кезеңге лайықталған қағидаларының ықпа- лына біржола түскенінің ашып ай- тылмауында. Мысалы, тіпті беріде ғана шыққан еңбекте Д. Мыңбаев конференциядағы Е. Ысмайыловтың:
«Әдебиет тарихының негізгі проб- лемалық мәселелерін жан-жақты шешіп зерттеуде бір тарихшылдық принципті, яғни әдеби құбылыстарды тарихи даму процесінде, әрбір ақын- ды өзінің туған тарихи-қоғамдық ор- тасына нақты байланыста алып тек- серу принципін қолданамыз» дегенін сындарлы пікір деп табады [84, 219]. Егер тереңірек үңіліп қарасақ, ғалым бұл пікірді идеялық қайшылығы бар деп дау-дамайға түсіп жүрген ақындарды таптық қоғамның өкі- лі ретінде бағалау қажеттігін негіз- деу мақсатында айтып отыр. Жалпы алғанда конференцияның маркс- тік-лениндік әдіснаманы, оның әде- биеттің таптығы, халықтығы, пар- тиялығы қағидаларын ғылыми жұ- мыстарда түпкілікті орнықтыру мүддесін ұстағаны тарихи шындық. Сондықтан оған баға берген уақытта егемендік алғанға дейінгі қазақ әдебиеттануының ұлттық мүддеге та- мыр тарта алмаған, өткендегі мұраны тарихи ақиқат тұрғысынан бағалай алмаған кемшіліктерінің барлығы осы конференциядан басталғанына көңіл аудару қажет деп ойлаймыз.
Конференциядағы жасалған не- гізгі баяндамалардың тақырыптық
және мазмұндық сипатынан фоль- клорды және төңкеріске дейінгі әде- биет тарихын дәуірлерге бөле оты- рып қарастыру арқылы, басты-басты проблемаларын шешіп алу мақсаты қойылғанын байқау қиын емес. Нақты айтсақ, ол «Дәстүрлі және кеңес дәуіріндегі фольклорды зерттеудің негізгі мәселелері» (Н. С. Смирно- ва), «XVІІІ ғасыр соңы мен ХІХ ға- сырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетін зерттеу мәселелері» (Қ. Жұмалиев), «ХІХ ғасырдың 50-70-жылдарындағы қазақ әдебиетін зерттеу мәселелері» (Ы. Дүйсенбаев),
«ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы қазақ әдебиетінің негізгі тенденци- ялары мен бағыттары» (М. Силь- ченко), «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы» (Б. Кенжебаев) де- ген сипаттағы жүйеде көрініс тапқан. Ал кеңестік дәуірдегі әдебиеттің талқыға салуға ұсынатын өзекті мәселелері М. Базарбаев (негізгі ба- яндама), М. Дүйсенов, М. Қаратаев, С. Сейітов, Т. Сыдықовтар жасаған қосымша баяндамаларда сөз етілді.
Біздің ойымызша, конферен- цияның басты бағыт-бағдары мен әдіснамалық жүйесі идеялық тұр- ғыдан дұрыс, партиялық тұрғыдан әділ болуы жоғарғы жақпен ақыл- дасып бекітілген. Оны С. Бәйішевтің
«Халқымыздың әдеби мұраларын зерттеу мен пайдалану жайында» аталған кіріспе сөзінің және Е. Ыс- майыловтың «КПСС ХХІ съезі қа-
рарларына байланысты қазақ әде- биеттану ғылымының негізгі мін- деттері» атты баяндамасының мазмұнынан көруге болады. Екеуі де маркстік-лениндік әдіснамаға сүйене отырғанымен, С. Бәйішевте кінәлау жағы басым түскен де, Е. Ысмайыловта ғылыми зерттеу жұмыстарында жіберіліп отырылған
«кемшіліктердің» себебін ашып ақталу жағы көп. С. Бәйішев өз сөзінде қазақ әдебиеттануының теориялық деңгейі төмен дәрежеде екенін айтқан уақытта әдеби теориялық талдау жасаудың әлсіздігін көрсетіп отырған жоқ. Керісінше, лениндік теорияны толық меңгермегендіктен, әдеби мұраны игеруде қателіктерге ұшырап отырғанына байланысты- ра қарайды. Оны дәлелдеу үшін ғылыми-зерттекшілік ой-пікірдің кеңес дәуіріндегі әдебиеттен көрі бұрынғы әдеби мұраға, Бұқар жы- раудан бастап М. Ж. Көпеевке дейінгі ақын-жырауларды зерттеу- ге көп көңіл бөліп жүргенін, соның кесірінен импералистік жаулардың шабуылын әшкерелей алмайты- нын, әдебиет тарихын партиялық тұрғыдан әділ бағалау басты міндет екенін шегелей айтумен шектелген. Сол арқылы әдебиеттану ғылымы
«коммунизм құру жолындағы мықты идеологиялық құрал» екенін дәлелдеп шықты. Е. Ысмайылов қазақ әдебиеті халықтың тарихи қоғамдық өмірінің, таптық күрестерінің жемісі деген
тұжырымды және В. И. Лениннің екі түрлі мәдениет туралы қағидасын басшылыққа алғанымен, «дүние тану мен көркем шығармашылықтың ара қатынасы, қазақ әдебиетінде реализм дәстүрінің қалыптасу жолдары дүние тану мен көркем творчествоның ара қатынасы, қазақ әдебиетінде реа- лизм дәстүрінің қалыптасу жолда- ры, қазақ әдебиетінің ғылымдық та- рихын жасау жолдары, жанрлардың өсіп-өркендеуі, ұлт әдебиеттерінің байланысы және өзара ықпал жа- сау процестері, аса көрнекті ақын, жазушылар туралы монографиялық еңбектер жазу, бүгінгі әдебиеттің творчестволық мәселелерін зерттеу- дегі әдебиет сынының рөлі, қазақ әдебиеті мен фольклорының үлгілері мен деректерін жинап-зерттеу» се- кілді әдебиеттану ғылымының ал- дында тұрған міндеттер теңірегінде ой қозғады [1, 24]. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда баяндаманың ең жаңашыл жері - қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау мәселесін сөз етуіне орай ұлттық әдебиеттану ғылымының өткен жолына баға берілуі дер едік. Ғалым «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы- на көз жіберсек, оның негізінен екі кезеңді бастан кешіргенін байқауға болады. Бірінші – үйрену, идеялық, творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Бұл революцияның алғашқы кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді қамтиды. Екіншісі – соғыстан ке-
йінгі дәуір, яғни қалыптасып даму дәуірі», – деп көрсетеді [1, 35]. Бұл – біз ғылыми қарастырып отырған та- қырып туралы бірінші айтылған пікір. Алғашқы кезеңінде фольклор мен әдебиет тарихының материалдарын жинау-жариялау процесін өткергені, оны зерттеуде айтыс-тартысқа да баруға тура келгені, оқулықтар жа- сау тәжірибесін бастан кешіргені, ол жолда маркстік-лениндік тео- риямен қарулана отырып, зерттеу жұмысында іс-тәжірибе жинақтауда ұлтшылдық-буржуазияшылдық көзқарастарға соққы беру арқылы жүзеге асқанын дәлелдеу мақсатында айтылғанымен, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің ізденістері мен іркілістері тұңғыш рет сын таразысына түсті. Әсіресе осы ұлтшыл-буржуазия- шыл көзқарастың зиянды әсерін ашу Е. Ысмайыловқа «Тұрпайы со- циологизм» мен «бірыңғай ағым» теорияларының қазақ әдебиетта- нуында орын алуын кеңірек сөз етуге мүмкіндік берген. Конферен- цияда партияның көрегендік саяса- ты арқасында деп табылғанымен, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой- пікір «тұрпайы социологизмнің» бет- пердесін ашуға қол жеткізді. Өйткені, партия мен кеңестік идеология өз қаулы-қарарлары мен нұсқауларын- да «тұрпайы социологизмді» қазақ халқының ұлттық мүддесіне қарсы шеберлікпен пайдаланып отырға- ны даусыз шындық. КазАПП-тың
әпербақандығы тұсында да, 1937 жылдың зобалаңы мен 1950 жылдың басында да «тұрпайы социоло- гизм» маркстік-лениндік әдіснама- ның әдебиеттің таптығы, халықтығы қағидаларын бетке ұстап, ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің жақсы із- деністерін үнемі жоққа шығарып келгені оған дәлел. Бұған қоса конфе- ренцияда сынға ұшырағанымен, Ду- лат, Шортанбай, Шәңгерей және тағы басқаларының мұрасын бағалауда тағы да «тұрпайы социологизмнің» пайдаланылып отырылғанын айтсақ, сөзіміз дәлелсіз емес. Рас, баянда- мада бұл теорияның ықпалындағы көзқараста болғандардан М. Қайып- назаровтан басқасының аты аталып, түсі түстелмесе де ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірдің дамуында, әдебиет тарихының жан-жақты зерттелуінде жасаған бұрмалаушы- лықтарына тұңғыш рет баға берілді. Сонымен қатар буржуазиялық көз- қарастағы теория ретінде «бірыңғай ағымға» алғаш анықтама беріліп,
«принципті түрде» сыналды. Ұлттық әдебиеттанудың туу, даму жолында осы теорияның орын алғандығынан,
«жеке ақын-жазушылар шығарма- шылындағы идеялық қайшылықтар батыл әшкереленбей келгендігіне» ерекше тоқталынды. Е. Ысмайы- лов «партиялық сын» тұрғысынан қарап, бұл теорияның М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенже- баев және тағы басқалардың, тіпті
өзінің де еңбектерінде орын алғанын атап көрсетті. «Біз ешқайсымыз да осы теорияға әдейі, мақсат етіп барғамыз жоқ, әйтеуір әр халық, әр ел өзінің әдебиет тарихын жасап отыр ғой, біз сондай әдебиет тари- хын қомақты етіп жасайық деген ізгі ниетпен кіріссек те қателесіп кеттік» деп ақталуда үлкен мән жатыр [1, 39].
«Тұрпайы социологизмді» сы- науда таяқтың бір ұшы партияның көркемөнер мен ғылым саласындағы саясатына тиіп жататынын ескер- сек, ол Е. Ысмайыловтың туған әдебиет туралы ғылым болашағы үшін ерлікке пара-пар ғалымдық парасатының арқасында ғана ай- тылды. Өйткені, басқа баяндама- лар мен жарыссөзде сөйлеушілер бұл мәселеге тереңдеп бармаған, ал өз тақырыбына байланысты сөз ете қалса, ондағы ой өрісі осы ба- яндамадан тарап жатқанын аңғару қиын емес. Е. Ысмайылов «бірыңғай ағымға» баға беруде біржақтылыққа ұрынды, бірақ, маркстік-лениндік әдіснама мен кеңестік идеология осыны талап етіп отырған шақта басқа амалы да жоқ еді. Әрі-беріден соң қазақ әдебиеттануының өткен жолы әдіснамалық сипатта алғаш сөз болуының өзі бір қадам алға басқандық еді. Әдеби мұра тура- лы маркстік-лениндік теорияға не- гізделген партиялық сын мен идея- лық көзқарастардың бағыт-бағда- ры С. Бәйішевтің кіріспе сөзі мен
Е. Ысмайылов баяндамасында «ғы- лыми» анықталғандықтан, қалған баяндамашылар мен жарыссөздегі әдіснамалық тұрғыда айтылған ой өзегі осы төңіректен ұзай қойған жоқ. Өткен дәуір мұрасын баға- лауда көркем шығарманың қоғам- дық өмірмен байланысын, идеялық мазмұнын, таптық сипатын ашу басты міндет саналды, ұлттық ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірде мол орын теуіп қалған «тұрпайы со- циологизм» оларға сүйене оты- рып, өз позициясын қорғап қалуға ұмтылды. Бұл, әсіресе, ХІХ ғасыр әдебиеті туралы баяндамалар мен жеке ақындар шығармашылығына арналған қосымша баяндамалар- дан байқалды. Көрнекті ақын-жы- раулар шығармашылығының әділ бағалана алмауы заман ағымынан болды дей тұрғанымызбен, ғылыми- зерттеушілік ой-пікір әдіснамалық тұрғыда толық жетілмегендіктен де өзінің жаңа бағытын қорғап шы- ғуға дайын еместігін көрсетті. Маркстік-лениндік әдіснама өзінің әдебиеттің халықтығы мен таптығы қағидаларына арқа сүйеген «тұрпайы социализмді» тағы да қазақтың ұлттық мүддесіне қарсы шеберлікпен пайдаланды да, ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дәрменсіз қалды. Отар- шыл Ресейдің зорлық-зомбылығын әшкерелегендері, заман шынды- ғын жырлағаны, әдебиет тари- хында үлкен орын алатыны, тағы
да басқа ерекшеліктері тілге тиек етіліп баққанымен, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шәңгерейлер мен осы ғасыр басындағы феодалдық- клерикалық, буржуазиялық-либе- ралдық бағыттағы ақын-жазушылар атанғандарға ғылыми-зерттеушілік ой-пікір ара түсе алмады. Ашығын айтар болсақ, В. И. Лениннің екі түрлі мәдениет туралы қате қағидасының ықпалынан шыға алмай қалды. Содан да болар «ұлтшылдық» атақтың таяғынан беті қайтқан М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Б. Кен- жебаев, Қ. Жұмалиев және тағы басқалары белсенділік танытпады. Ал ғылым мен сынға енді ғана ара- ласа бастағандардың батылдықтары жетпеді. Ешқайсысының ұлтшыл атанғысы келмеді. Өткендігінің бә- рін мансұқтай беруден аулақ болу көзқарасын ұстана отырғанымыз- бен, осы конференцияда қазақтың әдебиетші-сыншы ғалымдарының ең құрығанда туған әдебиет ту- ралы ғылым болашағы үшін бір- ауыздылықта болмауы, талқыға түскен мәселелердің көп жағдайда біржақтылықта шешіліп кетуіне үлкен әсер етті. Соның салдары- нан ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір әдеби мұраны ұлттық мүд- деге сай бағалап алуда туған жаңа мүмкіндікті пайдалана алмай қалды, маркстік-лениндік әдіснама жете- гінде кетті. Бұл қазір айтуға жеңіл болғанымен, сол шақта кеңестік
дәуір орнағаннан беріде қалыптасып қалған ой көзқарасты бұзып-жарып шығу қиынның қиыны еді. Кеңестік идеологияның осы конференция- ны ұйымдастырғандағы негізгі мақсатының өзі ғылыми ой-пікірді шашау шығармай маркстік-лениндік әдіснаманың қағидаларының шең- берінде ұстау болатын. Бұл мақ- сатына қиындықсыз жетті де. Ол конференцияның түйіні болып табы- латын қорытындысындағы бүгінгі күнгі көзқарас бойынша сәтсіздік болып табылатын төмендегідей кем- шіліктер сипатында көрініс тапты:
Фольклорлық мұраны зерттеудің заман талабына сай өзекті мәселеле- рі көтеріліп, маркстік-лениндік ілім қағидаларына орай тексерудің негізгі бағыт-бағдарлары анықталғанымен, 1947 жылғы қаулыдан кейін қате деп табылған жаңа ізденістері ақтал- май қалды. Қазақ фольклорының бұрын сөз болған жанрларын зерт- теу мәселесінің көтерілмеуін бы- лай қойғанда, тарихи жырлар тура- лы бірде-бір сөз айтылмауы идео- логиялық қателік жіберіп алмаудан сақтану ғана емес, конференцияда талқыға түсетін мәселелердің алдын ала белгіленіп берілгенін байқата- ды. «Основные проблемы изуче- ния фольклора» деген тақырыпта негізгі баяндама жасаған Н. Смир- нова қазақ фольклорының зерттелу тарихын термелей келе, оның өзінде орыстың ориенталист, фольклорист
ғалымдарының еңбектеріне көбі- рек көңіл аудара отырып, кеңестік дәуірдегі фольклордың мәселелерін көбірек сөз етіп кетті. Оны мәскеулік В. Сидельников: «Доклад Н. Смир- новой имеет програмный характер. В нем намечены вопросы. кото- рые қазахские фольклористы будут разрабатывать в ближайшее вре- мя», – деп атап көрсетті де [1, 307]. М. Ғабдуллин жарыссөздегі сөзінде батырлар жырының шығу төркіні мен тарихқа қарым-қатынасын анықтау мәселесінен әріге бара қой- маса, Б. Адамбаев шешендік сөз- дерді зерттеудегі кемшіліктер бол- ғанын көрсете келіп, әдеби мұраның халықтығы мен таптығы қағидасына табан тіреп, шешендік сөздер би- шешендердікі емес, еңбекшіхалықтікі деп тапты. Жалпы алғанда, конферен- ция алда жазылып шықпақшы қазақ әдебиеті тарихының көп томдығының фольклорға арналған кітаптарында қамтылатын негізгі мәселелер мен жанрларды және оларды тексерудегі әдіснамалық әдіс-тәсілдер мен бағыт- бағдарды бұлжымастай етіп бекітіп берді.
Ұлт әдебиетінің тарихын ежел- гі дәуірдегі жазба ескерткіштерден бастау керек деген Б. Кенжебаевтың үлкен білгірлікпен ұсынған жоба- сы қабылданбай қалды да, ХVІІІ ға- сырдың ІІ жартысынан, яғни Бұқар жырау шығармашылығынан бері қарай ғана қарастыруды дәлелдеп
баққан Қ. Жұмалиевтің концепция- сы негізге алынып кетті. Қайта-қайта сөз алып, өз ұсынысын ғылыми тал- қыға салуға шақырған Б. Кенжебаев- ты қолдаушылар шыға қоймады. Тіпті М. Әуезовтің өзі қорытынды сөзде бұл мәселені айналып өтіп, қағыс қалдырды. Тек В. Сидельни- ков қана ғалым көтерген мәселенің дұрыс екенін атай келе, шығыс славяндардың ертедегі мұрасының белорус, украин, орыс әдебиеттеріне ортақ екенін, оны кезінде Бер- тельс көтергенін, Б. Кенжебаев дер уақытында қозғап отырғанын атап өтті. Бірақ конференция қабылдаған шешімде қазақ әдебиетінің тарихын ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы- нан бастап қана зерттеу керек деген тұжырым қабылданды. Алайда өз әдебиеттерінің тарихына Қ. Яссауиді бірде қосып, бірде қоспай жүрген өзбек ағайындар ғалым ұсынған дәуірге бөлу жобасын көкейлеріне мықтап түйіп әкетті де, көп кешікпей ұлттық әдебиетінің негізін ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен бері қарай зерттеу жұмысын ертерек қолға алды. Қазақ әдебиеттануы біраз уақыт ХVІІІ ғасырдан бергі дәуірді ғана қарастыруға душар болды, ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің ұлттық әдебиеттің қайнар бастауларына барлау жасауына шек- теу салынды. Қ. Жұмалиев концеп- циясын бекітіп берген конференция қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуді
осылайша шала-шарпы қалдырды. Оған маркстік-лениндік әдіснама мен кеңестік идеологияның қағидаға айналған бағыт-бағдары да өз әсерін тигізбей қалмады.
Ұлттық әдебиеттану конферен- циядағы осы дәуірге бөлген қазақ әдебиеті тарихы кезеңдерінің өзін тұтастай және толық түрде жүйелі зерттеуді жолға қоюға қол жеткізе ал- мады. ХІХ ғасыр әдебиетінен Шор- танбай, Дулат, Мұрат ақындардың шығармашылығы сын тұрғысынан қарау керек деп табылып, жоғарғы мектепке ағартушылық, халықтық әдебиеттің керітартпа, ескішіл-реак- цияшыл бағыттың осындай өкіл- дерімен күрес үстінде дамығанын көрсету үшін ғана алынды. Сол секілді Ә. Күдері, Н. Наушабаев, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен М. Қалтаев, Ш. Құдайбердиев, О. Қарашев, М. Ж. Көпеев шы- ғармашылықтары да әдебиет та- рихындағы қайшылықтарды жан- жақты ашып көрсету үшін ғана ата- лынып, шығармаларындағы идеялық мазмұн мен бағытты әлі де болса айқындау қажет деп атап көрсетеді. Бұл аталған ақындардың барлығын да орта мектепте оқыту қажетсіз деп табылды. Ағартушы-демократ ақын-жазушылардың мұрасы бір- шама зерттелгені ескеріле отыры- лып, керітартпа, діншіл бағыттағы ақындардың дүниетанымдық көзқа- растарындағы қайшылықтарын ашу
жолындағы зерттеу жұмыстары тез арада қолға алынсын деген байлам жасалды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әде- биетінің дамуына зор үлес қосқан алашшыл арыстардың шығармашы- лығы рухани және ғылыми ортадан мүлде аластатылды, зерттеу нысана- сына алыну мүмкіндігінен мүлде ай- ырылды. Оларға ұлтшылдықтың қара таңбасы мықтап басылды. Бұлардың өздерін ғана емес, шығармаларын оқығандарға да, ғылыми зерттеу еңбектерде қосымша қарастырған- дарға да ұлтшылдық қамытын кигізіп жіберетін қасіретті керағар түсінік қалыптасты.
Конференция социалистік реа- лизмді бүкіл кеңес әдебиетінде се- кілді қазақ әдебиетінде де ең бас- ты көркемдік әдіс болатынын тео- риялық тұрғыда негіздеп берді. М. Қаратаев өз баяндамасында бұл әдістің өзі түгіл атауы да жоқ болған 1920 жылдардағы сын- шыл реализм дәстүрінде жазылған шығармаларды социалистік реа- лизмге барар жолдағы ізденістер мен алғашқы қадамдар еді деп икемдей баяндауы осыны көрсетеді. Бұдан баяндамашы социалистік реализмді маркстік-лениндік ілімнің әдебиеттің партиялығы, халықтығы, таптығы секілді принциптерінің аясына қарай негіздеуді мақсат тұтты демеске лаж жоқ.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: ұлттық ғылыми-зерт- теушілік ой-пікір әдеби мұраны маркстік-лениндік әдіснаманың әлемдік ғылым дамуынан тыс, тота- литарлық жүйеге сүйенген құрсаулы қағидаларына, атап айтқанда, әде- биеттің таптығы, партиялығы, ха- лықтығына сай ғана зерттеуге бір- жола душар болды; В. И. Лениннің екі түрлі мәдениет туралы пікірі әдеби мұраны игеруде басшылыққа алынатын бірден-бір айнымас қағи- да болып тұжырымдалды; ұлттық мүддеге қарай тамыр тартатын жа- ңаша ізденістерінің барлық жолы кесілді; кеңес дәуіріндегі әдебиет ғана емес, бүкіл әдеби мұра тек осы қағидалар шеңберінде идеялық жағынан дұрыс, лениндік әдіснама жағынан ғылыми терең, партиялық тұрғыда әділ бағалануы қатаң ба- қылаумен орнықтырылды; қазақ әдебиеттану ғылымының ғасыр ба- сынан бері ұлттық таным-білікке сай жүргізілген соны табыстары- ның көпшілігі жоққа шығарылды; еуропацентристік пиғыл мен ұлы державалық шовинизмнен, нәсілдік менсінбеушіліктен де тартынбаған, тіпті қажет жерінде «тұрпайы со- циологизмді» де пайдаланып қа- лып отыратын маркстік-лениндік әдіснаманың толық билігі орнады. Қандай да болсын ұлт республика- ларында сол халықтың мүддесіне сай жаңа қадамын қырағы қадағалап
отырған бір орталықтандырылған отыршылдық-әкімшілік жүйе көр- кем әдебиеттегі кейбір рухани босаң- сулар мен ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдегі тың ізденістерді дер кезінде байқап үлгерді. Түрлі басқосулар мен жиындар, ғылыми талқылаулар ұйымдастырып, ауыздықтап қоюға шұғыл шаралар қолданды. Оларда К. Маркстің «Жеке ұлттардың руха- ни ісінің жемістері жалпының игілі- гіне айналады. Ұлттық сыңаржақтық пен томаға-тұйықтық бірте-бірте мүмкін болмайтын болады, сөйтіп толып жатқан ұлттық және жергілікті әдебиеттен бүкіл дүниежүзілік бір әдебиет құрылады» деген «көреген- дік» пікірі басшылыққа алына бас- тады. Мысалға 1960 жылғы 11-12 қаңтарда Мәскеуде өткен ұлттар әдебиетінің өзара байланысы мен бір-біріне әсері мәселесіне арналған жиынды атауға болады. «Осында сөз алған бірқатар мәскеулік шешендер кеңес әдебиетінде ұлттық сипаттың, ұлттық айырмашылықтың тезірек жойылуы – «қоғамдағы антогонистік элементтердің тамырына балта шаба- тынын даурыға айтты».
Конференция туралы пікірімізді дәл осылайша аяқтасақ, өткен та- рихтағы қол жеткізген барлық та- быстарды жоққа шығаруға, болмаса жаңаша сипаттағы «тұрпайы социоло- гизмге» бой алдыру болып шығар еді. Сондықтан қазақ әдебиеттануында кеңестік дәуірде маркстік-лениндік
әдіснаманың толық үстемдік ал- ған 1960 жылдардан басталатын ендігі кезеңіндегі ұлттық ғылыми- зерттеушілік ой-пікір үшін басты бағыт-бағдар мен нысана болып табы- латын және сол уақыт үшін жаңалық болып есептелген жетістіктерін де атап көрсету керек. Тарих қашан да болсын тарих болып қалады. Оны жамап-жасқауды уақыт ешқашан да көтермейді, шындық жеңіп шыға- тынын бүгінгі күн өзі дәлелдеп те отыр. Осыған сай ақиқатын айтар болсақ, конференцияның ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің жаңа ізде- ністері үшін нақты көтерген мәсе- лелері төмендегіше болады.
фольклортануда жеке жанрлар тарихын, поэтикасын, басқа халық- тар фольклорымен байланысын, ке- ңестік дәуірдегі халық творчество- сын ғылыми тереңдете зерттеу;
«тұрпайы социологизм» әсері- нен шеттетілген және бұрын жарық көре қоймаған халық ауыз әдебиеті үлгілерін басып шығару;
қазақ әдебиетін теориялық тұр- ғыда зерттеуге көбірек назар ауда- ру, көркемдік әдіс, дәстүр мен жа- ңашылдық, жанрлық даму және қа- лыптасу жолы, стиль мен көркемдік шеберлік мәселелеріне сай тексеру;
қазақ әдебиетінің социалистік мазмұны мен ұлттық сипатын, идея- лық-творчестволық мәселелерін, социалистік реализмнің принципте- ріне сай өсу жолын жаңа талапта қа- растыру;
ұлт әдебиетінің ғылыми тарихын жасау, оны дәуірге бөлу, әр кезең- нің тарихи және қоғамдық сипатын лениндік екі түрлі мәдениет туралы қағидаға сай анықтау;
шығармашылық мұрасы маркс- тік-лениндік әдіснама талаптары- на қайшы келмейтін Жанкісі, Шал, Үмбетай, Ақылбай, Мағауия, Біржан сал, Ақан сері секілді дарындарды зерттеу, әдебиет тарихындағы орнын белгілеу;
қазақ баспасөзінің туу және қа- лыптасу тарихын тексеру, олардың ағартушылық бағыттағы ой-пікірге қосқан үлесіне баға беру;
қазақ прозасы мен поэзиясының өсу, өркендеу жолын ғылыми сара- лау;
қазақ әдебиетінің орыс және басқа халықтар әдебиетімен байла- нысын тексеру.
Өкінішке орай, бұл айтылған жаңаша сипаттағы проблемалардың барлығы да маркстік-лениндік әдіс- нама қағидаларына сай қарасты- рылуы керек болды. Әділін айтсақ, бүкіл кеңестік әдебиеттануға негіз болып отырған осы секілді өзекті де келелі мәселелердің қойылуына кон- ференцияны ұйымдастырудың ар- қасында ғана қол жетті. Ол да болса қазақ халқының ұлттық мүддесіне байланысты айтылар барлық ой- көзқарасты тұншықтырумен келген заманның талабына сай бір қадам болса да алға басу еді. Тәуелсіздік
алғанға дейінгі кезеңде, осы конфе- ренция туралы айтылған пікірлердің денінде оның «қазақ әдебиеттану ғылымының кең арнада дамуына мүмкіндік тудырғаны» ерекше атала- ды. Бұны түгелдей жоққа шығаруға да, немесе қоштауға да болмайды. Біз конференцияның жоғарыда көрсеткен кемшіліктері мен жетістіктері тура- лы тұжырымымызға сүйене отырып бағаласақ, онда қазақ әдебиеттану ғылымы «бір адым алға, екі адым артқа» басты десек, аса қателессе қоймаймыз. Қалай дегенмен де бұл конференцияның әдебиет туралы ұлттық ғылымның қалыптасу кезеңі үшін айтарлықтай орны болғаны та- рихи шындық. Онда Е. Ысмайылов баяндамасында айтылған: «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы- на көз жіберсек, оның негізінен екі кезеңді бастан кешіргенін байқауға болады. Біріншісі – үйрену, идеялық творчестволық принциптерді игеру кезеңі. Бұл революцияның алғашқы кезеңінен соғысқа дейінгі дәуірді қамтиды. Екіншісі – соғыстан кейінгі дәуір, яғни қалыптасып, даму дәуірі» деген пікіріндегі екінші кезеңінің толық аяқталып қалғаны дәлелденді. Оны М. Әуезов өз қорытынды сөзінде: «Ал, міне, бүгін «Қазақ әдебиеті тарихы» деген келелі, ұзақ сөрелі әдебиеттану ғылымы туғанын көреміз. Сан алуан зерттеу, моногра- фиялар жалпы әдебиет тарихымен қоса сол жаңа ғылымның қатарын
күшейтіп, дамыта қосылып жатыр. Адам саны жағынан да қазақ әдебиетін орта мектептер мен ЖОО-ларда оқытатын маман оқытушылардың және ғылыми дәрежелері бар ғалым әдебиетшілердің мол отрядын жа- сап алдық. Кемшіліктері бола тұрса да біздің әдебиеттану ғылымымыз жыл санап даусыз өсіп келеді деп айта аламыз» деген оймен тұжырым- дады. Оның негізсіз айтылмаға- нын Е. Ысмайыловтың «Ақындар» (1957), М. Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» (1958), Қ. Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» (І том, 1958), Б. Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы де- мократ жазушылары» (1958), М. Әуе- зовтің «Әр жылдар ойлары» (1959), М. С. Сильченконың «Творческая биография Абая» (1959) секілді ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің ғылы- ми тереңдей бастағанын көрсететін монографиялық мәндегі еңбектердің шығуы да дәлелдей түскен болатын.
Біздің ойымызша, маркстік-ле- ниндік ілімге толықтай бетбұрыс жасаған бұл конференция әдебиет туралы ұлттық ғылымның қалыптасу кезеңіндегі зерттеу жұмыстарының осы әдіснама негізінде жинақтала айтылуына да басты себеп бол- ды. Оған дәлел ретінде 1960-1967 жылдар аралығында жарық көрген қазақ әдебиеті тарихының көп том- дығы ұлттық әдебиеттанудың әдеби
мұраны ғылыми игерудегі алғашқы қадамдарынан бері қарай ұзақ дәуір- ге созылған процесінің бір жүйеге түсіп нақтыланған қорытындысы болып табылады. Олардың қазақ әдебиеттану ғылымындағы маңызы мен ғылыми-зерттеушілік ой-пікір- де жаңа арнаға бастаудағы, ұлттық әдебиеттің тарихи курсын жасаудағы және оның орта және жоғарғы мек- тепте жүргізілуіндегі жетекшілік рөлі мен мәні туралы асыра айтыл- са да біршама пікір айтылды. Олар- ды қайталаудың немесе «жауырды жаба тоқып» сол ізбен кетудің енді жөні жоқ. Сондықтан ғылыми- зерттеушілік ой-пікірге қосылған табыстары мен бүгінгі күн талабы- мен қарағанда жетіспеушілік бо- лып табылатын жайларында атап көрсету керек. Оны айтқан уақытта жекелеген зерттеушілердің немесе көп томдықты шығарушылардың кемшілігі деп емес, ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірдің ұлттық әдебиет тарихына байланысты қандай да болсын мәселені маркстік-лениндік мұраттар тұрғысынан қарауға мәжбүр болғанын көрсету мақсатына қарай қарастырған дұрыс болмақ. Сонда біз көп томдықты және 1960 жылдардан бергі еңбектерді сөз етуде егемендік алғаннан кейінгі алғашқы жырлар- да өткендегінің бәрін мансұқтай бастаған жалған бағыттан да, дәл қазіргідей Сәкенді «ұлт сатқыны» деп жүрген тұрпайы көзқарастан да аулақ боламыз.
Көп томдықтың, яғни «үлкен қоғамдық мәні бар күрделі еңбек- тің аз ғана уақыт ішінде жасалуы – әдебиеттану ғылымының қанша- лықты өркен жайып өскеніне дәлел. Әдебиет тарихы көптеген ғылыми- зерттеу жұмыстары негізінде жа- салды. Бұған дейін жарық көрген еңбектердің бәрі және әр қилы себеп- сылтаумен әдебиеттанудың арнасы- на тартылмай келген әдеби мұра- лардың да қадір-қасиеті де ескеріл- ді». Бұл кезде фольклорлық мұраны зерттеудің лениндік теорияға сай әдіснамалық мәселелері қырғыз эпо- сы «Манас» туралы жиында (Фрунзе, 1952), «Қазақ эпосы туралы» айтыста (Алматы, 1953) СССР халықтары- ның эпосы туралы (Москва, 1954)
«Алпамыс» туралы (Ташкент, 1956) республикалық ғылыми мәжілістер- де бүкілодақтық дәрежеде бір жүйе- ге түсірілген де болатын. Сондықтан көп томдықтың 1960 жылғы бі- рінші кітабы 1948 жылғы «Қазақ әдебиеті тарихының» 1 томына бай- ланысты қабылданған партиялық құжаттардағы сыннан «қорытынды» шығара отырылып жазылды. Оған кеңестік фольклортану ғылымының мақсат-мұраттарына орай жазыл- ған М. Ғабдуллиннің 1958 жылғы
«Қазақ халқының ауыз әдебиеті» оқулығы мен басқа да ғылыми мақалалардағы таптық сипаттағы ізденістердің барлығы қамтылды. Осы кезге дейінгі әр түрлі ғылыми
еңбектерде әр сипатта болып кел- ген фольклорлық жанрлар мен оның түрлерінің ғылыми классификация- сы жасалды. Олардың жиналуы мен жариялануы және зерттелу тарихы туралы мол мәліметтің берілуі, әлі де болса ғылыми тұрғыда анықтайтын мәселелердің көрсетілуі, жеке жанр- лар мен шығарманы талдаудың әдеби-теориялық сипатының терең- дей түсуі, сөз жоқ, айтарлықтай та- быс еді. Әрине, бүкіл кеңес еліндегі фольклортануда басшылыққа алы- нып отырғандықтан, әдеби мұраның халықтығы және таптығына сай бағалаудан қалыс қала алмады. Әйт- се де саяси әсіре сақтықтың орын алуы салдарынан аңыз әңгімелердің ертегілер құрамында көрсетілуі, жұ- мысшы жырлары деген жаңа жанр- дың енгізілуін қателік деп есепте- меген күннің өзінде бұрын зерттеу нысанасына түсе қоймаған жанрлық түрлер туралы тың барлаулар жасал- май қалуын атап айту керек. Соны- мен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі қазақ фольклорының туу, даму жолына арналған тарау- лардың ғылыми жаңашылдығы бол- мағанмен, ғылыми әдіснамалық тал- даудан көрі шолу мәніндегі сипат басым түсіп отырған. Олар да қазақ фольклортануының қалыптасуында аса зор үлес болып қосылғаны- мен, тыйым салынған еңбектер- дің қамтылмауы – заман талабы- нан туғандығы айтпаса да түсінікті.
Ақиқатында 1 томның алғашқы кі- табының негізгі жобасы 1959 жыл- ғы конференция өтпей тұрып-ақ дай- ын болған еді. Оған тек конферен- ция шешімдеріне сай әдіснамалық сипаттағы түзетулер енгізілгенмен, аса көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Әйтсе де жекелеген жанрлар- дың поэтикасына баруы, эпикалық жырлардың тарихи-эволюциялық ге- незисіне және көп варианттығының ғылыми қарастырылуы – конфе- ренция ұсыныстары нәтижесінде жүзеге асқаны анық. Сол секілді ол фольклорлық мұраны зерттеудегі
«тұрпайы социологизм» мен «бі- рыңғай ағым теориясына» сай қа- теліктердің атап-атап көрсетілуінен де айқын сезіледі. Негізінен алғанда, қазақ әдебиеттануының үлкен та- бысы болып табылатын бұл еңбекті қалың жұртшылық жылы қабылдады, ол жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз етудегі аса зор міндетті атқару жүгін көтеріп әкетті.
Көп томдықты шығару ісіне жаңадан құрылған Әдебиет және өнер институты (1961) жұмыла кі- рісті, оған көптеген ғалым-әде- биетшілер тартылды. Соның нәти- жесінде 1964 жылы «Қазақ әдебиеті тарихының» екінші кітабы жарық көрді. Оның кеңес дәуіріндегі фольклордың даму жолы мен тари- хына, жанрларына және өкілдеріне арналуында заңдылық та жоқ емес еді. Ғасырлар бойы фольклор мен
жазба әдебиеттің бір-біріне ықпал жасай отырып өркендеуі көшпелі өмір салтына лайықталған және басқа елдерде кездесе қоймайтын ғажа- йып құбылыс еді. ХV-XІІІ ғасырлар- дағы ақын-жыраулар поэзиясының жазба әдебиет атқаратын міндетті көтеріп әкетуінде де терең сыр жа- тыр. 1920-1930 жылдары революция мен кеңес өкіметі жеңістерін жаз- ба әдебиетпен қатар жырлап шығу- да кейін қалмаған фольклордың да өрістеуінде бұрыннан келе жатқан осы дәстүрдің жалғастығы жа- тыр. Ұлттық шығармашылық зия- лы қауымды сталиндік зұлматтың кесірінен жау санаған кезде қазақ әдебиетін одақтық деңгейге дейін танытқан да, сол себептен ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің назары- на көбірек түскенде осы халық шығармашылығы еді. Міне, осын- дай келелі мәселелерге арналған бұл кітап кеңес дәуіріндегі фоль- клор туралы зерттеулердегі ғылы- ми ізденістерді бір жүйеге түсіріп, монографиялық тұрғыда қарастыр- ды. Маркстік-лениндік әдіснама қағидалары қатаң сақталғанымен, ұлттық әдебиеттанудың сол кезеңдегі деңгейі тұрғысынан қарасақ, фольк- лортанудағы соны қадам болып та- былады. Алайда, осы кітап туралы Д. Мыңбаевтың: «Рас, бұл зерттеуде кеңес дәуірінде туған дастан-жыр- ларды мадақтайтын, олардағы жалаң ұранды толғауларды шығарманың
үздік белгісіне балайтын кейбір ұранды тұстары ұшырасады. Бірақ мұндай танымның тамыры қоғам ұстаған идея – бағытта жатыр еді» деген бағасымен келіспеу қиын [84, 221]. Әсіресе халық ақындары шығармашылығындағы таптық көз- қарастың айрықша дәріптелуі қазақ поэзиясында:
«Деп шатыпты біреулер
Достарыңызбен бөлісу: |