Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына



Pdf көрінісі
бет257/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

15.5. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына 
кіру мәселесі
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) бастапқыда Екінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім 
(ГАТТ)
7
ұйымы ретінде құрылып, кейіннен 1995 жылы өз атауын 
осылай өзгерткен. Қазір ДСҰ-ның құрамында 153 мемлекет мүше 
болып саналады. ДСҰ-ға мүше-елдердің үлесіне әлемдік жиынтық 
сауда айналымының 95%-ы тиесілі. 
ДСҰ өзін оған мүше-елдер арасындағы өзара сауда-экономикалық 
қарым-қатынастарды ұйымдастыру, кеңестер мен келіссөздер жүргізу 
арқылы ерікті түрде сауда-саттық рұқсаттарын беру үшін қажетті 
халықаралық форум ретінде жұмыс істейтін ұйым деп таниды. 
ДСҰ-ға мүше-елдер өзара сауда тарифтерін және импорттық кеден 
баждарын қысқартуға, тауарлар мен қызметтерді саудалау бойынша 
операцияларды жүзеге асыру кезінде тарифтік емес шектеулерді 
7
GATT – General Agreement on Tariffs and Trade.


322
қолданбауға міндетті. Бұл іс-әрекеттер оларға артықшылық береді, 
өйткені сауда кедергілерін қысқарту тауарлар мен қызметтердің 
арзандауына және сол арқылы ДСҰ-ға қатысушы елдер халқының әл-
ауқатын көтеруге жағдай жасайды, сонымен қатар ұйымның ережелері 
инвестицияларға деген қолжетімділікті де арттырады. ДСҰ қызметі нің 
негізінде жатқан тың идеялардың тартымдылығы, ондағы елдердің 
халықаралық саудадан ұтыс көру қалаулары соңғы уақытта, бірқатар 
елдердің осы ұйымға мүше болып қабылдану кезегінде тұрғандығын 
нақты айғақтайды. Ол кезекте әрине Қазақстан да бар. Ресей болса, 
2011 жылдың аяғында осы ұйымға мүше болып үлгерді.
Қазақстан қазіргі уақытта ДСҰ-ға кіру үшін екі жақты келіссөздерді 
белсенді түрде жүргізіп келеді. Келіссөздер негізгі төрт бағыт 
бойынша жүргізіліп жатыр:
1. Тауарлар нарығына жол ашудың келіссөздері ДСҰ-ға мүше-
елдермен импорттық кеден баждарын шектеудің максималды деңгейін 
анықтауды және мақұлдауды қарастырады;
2. Қызметтер нарығына қол жеткізу бойынша келіссөздер, 
олардың мақсаты болып қазақстандық нарыққа қызметтерді шетелдер 
тарапынан жеткізу шарттарын келісу табылады;
3. Ауыл шаруашылығы бойынша көп жақты арнайы келіссөздер. 
Бұл жөнінде ауыл шаруашылығын іштей қолдау көлемін, тарифтік 
қорғаудың деңгейін және экспорттық субсидиялардың шамасын 
қамтамасыз ету шарттарын қарастырады.
4. Жүйелі мәселелер бойынша келіссөздер. Бұлар арқылы ДСҰ-
ға мүше мемлекеттермен валюта жүйесі, төлемдер, инвестициялық 
тәртіп, мемлекеттік меншік және жекешелендіру, баға саясаты, 
бәсекелестік сияқты экономикалық саясаттың күрделі мәселелерін 
шешу қарастырылады.
Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру шығындарды да, пайданы да алып 
келеді, сондай-ақ оның мәселесімен қатар келешегі де зор болып 
табылады. Әлемдік шаруашылыққа, соның ішінде ДСҰ-ға әріқарай 
кірігу кезінде мүмкін болатын ықтимал тәуекелдерді төмендетуге 
қол жеткізу қажет. ДСҰ қызметінде неолибералдық жаһанданудың 
идеялары көлемді түрде жүргізіледі. Бұдан басқа, ДСҰ – бұл 
әлемді біртұтас нарыққа айналдырудың, кедендік тосқауыл-дарды 
төмендетудің және әртүрлі елдерде экономикалық заңдарды 
біріздендірудің аса маңызды құралы. ДСҰ капиталдың, тауарлар 
мен еңбек ресурстарының еркін қозғалысын білдіретін жалпы 
қабылданған бірыңғай қағидалары мен ережелері бар жаһандық 


323
экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуге қабілетті бүкіләлемдік 
еркін сауда аймағын құруға бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет