Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет149/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Өндіріс факторлары нарықтарының игіліктер нарығынан 
айырмашылығы қандай?
2. Өндіріс факторлары нарықтарында сұраныс пен ұсынысты кімдер 
қалыптастырады?
3. Туынды сұраныс дегеніміз не?
4. Еңбек нарығының ерекшеліктері қандай?
5. Жалақының түрлері мен нысандары қандай?
6. Капитал нарығының ерекшеліктері қандай?
7. Пайыздың түрлері қандай?
8. Жер ресурстары нарығының ерекшеліктері қандай?
9. Жер рентасының түрлері қандай?
10. Жердің бағасын қалай анықтауға болады?
Тәжірибе сабағының жоспары: 
Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, 
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап 
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы 
жүргізілуі тиіс. 
Мақсаты: өндіріс факторлары нарығын және ондағы сұраныс 
пен ұсынысты, факторлық табыстардың қалыптасу ерекшеліктерін 
қарастыру. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып бойынша мынадай 
сұрақтардың мәнін ашу керек:
9.1. Өндіріс факторлары нарығына жалпы түсінік. Туынды сұра-
ныс;
9.2. Еңбек нарығы және жалақы;
9.3. Капитал нарығы және пайыз;
9.4. Жер нарығы және рента.
Студенттің өзіндік жұмыстары
Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік 
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен 
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей 
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.


183
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны;
Капитал және оның түрлері;
Қазақстанда жер ресурстары нарығының даму ерекшеліктері.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Жалақы мөлшерлемелерінің ерекшеленуі.
2) Дисконттау және дисконтталған құн.
3) Капитал бойынша уақытаралық таңдау мәселесі.
4) Жер рентасының түрлері: монополиялық рента, экологиялық 
рента, т.б.
5. Есептер:
1. Айталық, сіздің университетте оқудың келесідей төлемақысы 
бекітілді: сіз жылына 2 мың доллар төлейсіз, бірақ қалған үш жылда 
оқудың ақысы жыл сайын 200 долларға өсіп отырады. Университет 
әкімшілігі оқудың төлемақысын үнемдеу үшін студенттерге 
бірден төрт жылға 8 мың доллар төлеу жөнінде ұсыныс жасайды. 
Әкімшіліктің айтуынша студенттер бұл жерде 1200 доллар үнемдей 
алады:
2-ші жылы 200 доллар;
3-ші жылы 400 доллар;
4-ші жылы 600 доллар.
Егер сіздің ата-анаңыз осындай ақша алу үшін өз компаниясының 
жылына 12% дивиденд түрінде табыс әкелетін акциясын сату туралы 
шешім қабылдаса, онда сіз осы ұсынысты қабылдайсыз ба?
2. Айталық, жер телімі 300 мың теңгеге сатылады. Сіздің ойыңыз ша, 
бұл жерді жалға бергенде ол жылына 25 мың теңге көлемінде рента-
лық табыс әкеледі. Осыған байланысты, 300 мың теңге табысыңызды 
максималдауға ұмтыласыз, банктік пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Сіз 
жерді сатып алу жөнінде шешім қабылдайсыз ба?
3. Белгілі бір отбасының алдында мынадай мәселе тұр: кір жуатын 
машинаны сатып алу немесе кір жуу қызметін пайдалану. 
Кір жуу қызметі аптасына 200 теңгеге тең. 
Кір жуатын машинаның бағасы 30 000 теңге.
Коммерциялық банктің пайыз мөлшерлемесі 10%-ға тең.


184
Кір жуатын машинаны қолданудың басқа да шығындары 
(амортизация, электроэнергия) 100 теңгеге тең.
Анықтаңыз, отбасыға кір жуатын машинаны сатып алған дұрыс па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет