198
тұтыну мен жинақтауға кетпейді. Олай болса, ҰТ-тан жеке табыс
көрсеткіші алынады.
ЖТ – ел тұрғындары мен фирмалардың салықтық төлемдерді
төлегенге дейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ЖТ-ты табу
үшін ҰТ-тан әлеуметтік сақтандыру жарналарын, корпорацияның
бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс салығын алып тастап
трансферттік төлемдерді қосу керек.
ҚБТ – ел азаматтарының барлық салықтық төлемдерді төлегеннен
кейінгі тапқан табыстарының жиынтығы. ҚБТ көрсеткішін есептеу
үшін ЖТ-тан салықтық төлемдерді алып тастау қажет. ҚБТ
көрсеткішін соңында азаматтар екі мақсатпен жұмсайды, яғни оның
бір бөлігі тұтынуға кетеді, ал қалған бөлігі жинақталады.
Сонымен, ҰШЖ-гі аталған негізгі макроэкономикалық көрсеткіш-
тер жиынтық өнім мен жиынтық табыстың сандық нәтижелерін баға-
лап көрсетеді. Сандық көрсеткіштермен қатар сапалық көрсеткіштерді
де атап өткен жөн. Мәселен,
жан басына шаққандағы ЖІӨ, таза
Достарыңызбен бөлісу: