Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс және оны жою



Pdf көрінісі
бет190/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс және оны жою 
бойынша Қазақстан үкіметінің іс-шаралары.
Қазіргі дағдарыстың басталуына қаржы нарығында туындаған 
диспропорциялар себеп болды. Нақты секторда жүзеге асырылмай 
қалған үлкен қаржылық қорлар мен жинақтаулар өз бетінше өмір 
сүріп, әлемдік экономикаға айтарлықтай қауіп төндірді. 2008 жылдың 
ортасына қарай, барлық қаржылық құралдардың, соның ішінде 
әртүрлі бағалы қағаздардың жалпы құны 684 трлн. долларға жететін 
астрономиялық соманы құрады. Жасанды ақшаларды айналдыра 
берудің арқасында үлкен «көпіршіктер» пайда болды. 
Тұрақсыздық жағдайында ақшалардың өтімділігі жоғалып, олар 
енді сенімді қорларды іздей бастады. Экономикалық зиян болып 
табылатын ақшалардың ағылуы ипотекалық дағдарыстың тікелей 
жоғалтуларынан бірнеше есе асып кетті. Бұл зиян 3,8 трлн. долларға 
бағаланды. Ал дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы әлемдік көлемі 
9,2 трлн. долларға тең болып табылады. Өтімділіктің төмендеуі 
нәтижесінде несие ресурстарын кеңінен пайдаланатын экономиканың 
кейбір салалары, әсіресе, құрылыс саласы ақшасыз қалды. Ипотека-
лық дағдарыс салымшылардың жалпы үрейін туғызды, инвесторлар-
дың қаржылық тұрақсыздығын арттырды, олар қарыздарын жаба 
алмай әуре-сарсаңға түсті. 


235
Пайда болған дағдарыстың толқыны әлемдік экономикалық 
кеңістікті шарпыды, ол АҚШ, Еуроодақ, Жапония және басқалары 
сияқты әлемнің алдыңғы қатарлы экономикаларының өндіріс 
көлемдерін төмендетуге алып келді. Экономикалық өсу қарқынының 
төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі, инфляцияның шарықтауы және 
тұтынушылық сұраныстың төмендеуі әлемдік экономиканы жалпы 
құлдыратты. Экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы соңғы 
40-жылдық көрсеткіштердің төмендеуінен асып түсті. Дамыған 
елдердің үкіметтері қабылдаған шаралары жеткіліксіз, экономикалық 
өсу қарқынының төмендеуін тоқтату мүмкін болмай отыр.
Дағдарыстық құбылыстар әлемнің көптеген дамушы елдерін де 
айналып өтпеді. Дамыған елдердегі дағдарыс дамушы елдермен 
өндірілетін шикізат түрлеріне, соның ішінде, мұнайға сұраныстың 
төмендеуімен, тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарының 
тарылуымен, компаниялардың жаппай жабылуымен жалғасты. 
Дағдарыстың бұл кезеңі шикізат өнімдерінің экспортына тәуел-
ді елдердің өз бюджеттерін толтыруда және дамудың өзін-
дік бағдарламаларын жүзеге асыруда күрделі сәтсіздіктерге 
ұшырайтындығын көрсетіп берді. Мәселен, Үндістанның экспорт 
көлемі 12%-ға, Қытайдың импорт көлемі 18%-ға қысқарды. Өндірістің 
құлдырауынан жұмысбастылық қысқарды, әлеуметтік мәселелер 
шиеленісті, қоғамда саяси қақтығыстар күшейді. Соңғы деректерге 
сәйкес, 200 миллионға тарта адам кедейшілікке ұшыраған. Әлемнің 
дамыған және дамушы елдерінде халықтың әл-ауқаттылығын 
көтерудің көп жылғы талпыныстары сәтсіздікке айналды. 
Сонымен, қазіргі сарапшылар жаһандық қаржылық-экономикалық 
дағдарыстың салдарларын АҚШ-тағы құрылымдық дағдарыспен, 
Жапония мен Еуроодақтағы циклдік дағдарыспен, дамушы елдердегі 
шикізаттық дағдарыспен, Қытай мен Үндістандағы тауарларды артық 
өндіру дағдарысымен байланыстырады.
Жаһандану жағдайында әлемдік дағдарыстық құбылыстардың 
ұлттық экономикаға әсері маңызды түрде өсті. Әлемдік шаруа-
шылықтың интеграциялық үдерістеріне кірігумен байланысты 
көптеген елдер сыртқы факторлардың әсеріне аса сезімтал болды. 
Осындай факторлар Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қоймады. 
2000 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қазақстанның ұлттық 
экономикасы аса жоғары қарқынмен дамығанымен, 2007-2008 
жылдары еліміздің бірқатар секторларында құлдырау орын алды, ол 
негізінен, құрылыс пен қаржы секторларында болды. Бұл құлдырау 


236
біртіндеп әлемдік қаржы нарықтарындағы өтімділік дағдарысы болып 
ұласып, осының барлығы шикізат өнімдеріне сұраныстың төмендеуі, 
олардың бағаларының күрт қысқаруы, жұмысбастылық деңгейінің 
төмендеуі сияқты құбылыстармен сәйкес келді. Бұл экономикалық 
өсудің қарқынын маңызды түрде төмендетті. Егер 2000-2006 жылдар 
аралығында ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 10%-дық ең 
жоғары көрсеткішке жеткен болса, онда 2007 жылы бұл көрсеткіш 
7,7%-ды құрады, ал 2008 жылы 2%-ға және 2009 жылы -0,2%-ға дейін 
төмендеп кетті.
Ел экономикасы алыпсатарлық капиталдың шеңберінде болды, 
тұрғын үй нарығының күрт дамуы тез басылды. Бұл салаға инвести-
ция тарту банктердің шектен тыс іс-әрекеттерімен жалғасып, олардың 
тәуекелі дұрыс есептелмеді, өтімділік тапшылығының масштабтары 
болжанған межеден асып кетті. Сөйтіп, өтімділік дағдарысы 
банктердің қызметіне де әсер етті. Банк жүйесінің көрсеткіштері 
нашарлап кетті, олардың пайдалары шамамен үш есеге азайды, 
машақаты көп несиелердің үлесі өсіп, мерзімі өткен қарыздары көбейе 
түсті. Ең алдымен, құрылысшылардың, тамақ өнеркәсібі саласының, 
металлургияның және ауыл шаруашылығының банктер алдында 
қарыздары өсті. 
Ел экономикасы үшін өзекті мәселе болып мұнай, металл, руда 
сияқты шикізат өнімдеріне бағалардың және оларға сұраныстың 
төмендеуі табылды. Өз кезегінде, шикізаттарға сұраныстың төмендеуі 
оның өндірісінің төмендеуіне және жұмыспен қамтылғандар санының 
қысқаруына алып келді. 
Дағдарыстың бастапқы белгілері кезінде республика басшылығы 
бірқатар іс-шараларды қабылдап үлгерді. Әзірленген және орындалып 
үлгерген шаралар өз жемісін бере бастады. Оған елдің алтын 
валюталық қоры және депозиттер көлемі мүмкіндік берді. Депозиттік 
салымдарды сақтандыру нормалары күшейтілді. 2007 жылдың күзінде 
мемлекеттік бюджеттен дағдарысты еңсеруге 550 млрд. теңге (4,6 
млрд. долл.) бөлінді. Екінші деңгейлі банктер арқылы құрылысшылар 
184,7 млрд. теңге (1,5 млрд. долл.), шағын және орта бизнес 155 млрд. 
теңге (1,3 млрд. долл.), ауыл шаруашылығы 135 млрд. теңге (1,1 млрд. 
долл.) алды.
Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржылық қадағалау агенттігі-
нің қабылдаған бірлескен іс-қимыл жоспарында (Дағдарысқа қарсы 
бағдарламада) тұрақтандыру шараларының көлемі 2 172 млрд. 
теңгеге (18,1 млрд. долл.) жетті. Ұлттық қордан қаржыландырылатын 


237
дағдарысқа қарсы бағдарлама келесідей бағыттардан («Батыл бес 
қадам») тұрды:
1. Қаржы секторын тұрақтандыру (4 млрд. долл.).
2. Тұрғын үй секторын дамыту (3 млрд. долл.).
3. Шағын және орта бизнесті қолдау (1,5-2 млрд. долл.).
4. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту (1 млрд. долл.).
5. Инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге 
асыру (1 млрд. долл.).
Ұлттық банктің міндетті резервтер нормасын төмендету есебінен 
екінші деңгейлі банктер өздерінің ресурстық базасын 350 млрд. 
теңгеге (2,9 млрд. долл.) ұлғайтты. Дағдарысқа қарсы шаралардың 
жалпы көлемі 22,7 млрд. долл., немесе ЖІӨ-нің 17%-ын құрады. Бұл 
сома әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.
«Батыл бес қадам» деп аталатын бірлескен іс-қимыл жоспары 
әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, макроэкономикалық 
тепе-теңдікті қолдауға, экономикалық өсу мен іскерлік белсенділікті 
ынталандыруға бағытталады. Бұл бағдарлама шеңберінде әлеуметтік 
басымдық ретінде жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу саналады.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаның қатарында ұлттық валютаны 
девальвациялау сияқты мәжбүрлі әрі ең қажет болған шараны да атап 
өткен жөн. Дағдарысқа қарсы құрал ретінде қолданылатын деваль-
вация шарасына және экономиканың дамуына жаңа серпін берудің 
мұндай әдісіне әлемнің көптеген мемлекеттері жүгінді. Өтіп жатқан 
дағдарыс жағдайында көптеген елдер өз экономикаларының бәсекелік 
қабілеттілігін қолдау үшін өздерінің валюталарын девальвациялап 
үлгерді. Қазақстан үшін бұл шараның маңызы өте зор болды, өйткені 
қаржылық дағдарыстың әсерінен негізгі экспорттық тауарларға 
сұраныс қысқарды, соның салдарынан өз өнімдерін экспортқа қоятын 
ірі компаниялар өндірістік-инвестициялық жоспарларын тыюға және 
жұмысшылар санын қысқартуға мәжбүр болды. 
Халық үшін девальвацияның оң жақтары да, теріс жақтары да 
бар. Басты кемшілігі болып ұлттық валютада сақталатын қолма-қол 
ақшалай резервтер мен депозиттер құнының бір бөлігінің жоғалуы 
табылады. Басқа жағынан алып қарағанда, доллар нысанындағы 
жинақтардың теңгелік құны маңызды түрде өсе түсті. Сондай-ақ, олар 
қолда бар резервтерді сақтауға көмектеседі.
Тұрақты табысқа өмір сүретін халықты (бюджеттік қызметкер лер ді, 
зейнеткерлерді, аз қамтылғандарды) қолдау үшін 2009-2011 жылдарда 
бюджеттен олардың табыстарын жыл сайын көтеріп отыру үшін 


238
қаржы қарастырылды. Үкімет осы категориядағы қазақстандықтар-
дың өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін бюджет баптарын 
қосымша қайта қарап отыруға тапсырма алды. Тұтыну нарығындағы 
бағаларды реттеп отыру бойынша шаралар күшейтілді, халық жалпы 
тұтынатын тауарларды жеткізушілерге бағалардың негізсіз өсуіне жол 
бермеу міндеттері жүктелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет