Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


 Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий)



Pdf көрінісі
бет215/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Қазақстандағы жұмыспен қамту саясаты;
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат;
Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі көрсеткіштері;
Гиперинфляция теориясы және оның әлемдік реттелу мәселелері;
Филлипс теориясы және инфляциялық күтімдер.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):


266
1) Жұмыссыздық туралы негізгі теориялар.
2) Қазақстандағы 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі 
жұмыссыздық деңгейі және оның ерекшеліктері.
3) Қазақстандағы 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі 
инфляция қарқыны және оның ерекшеліктері.
4) Кедейшілік мәселесі және оның көрсеткіштері.
5. Есептер:
1. Экономикада келесідей мәліметтер берілген:
Жұмыспен қамтылғандар саны 85 млн. адам.
Жұмыссыздар саны 15 млн. адам.
а) жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.
ә) бір ай өткен соң жұмыспен қамтылған 85 млн. адамның ішінен 
0,5 млн. адам жұмыстан шықты; ал ресми жұмыссыздар ретінде 
тіркелгендердің ішінен 1 млн. адам жұмыс іздеуді тоқтатты. Енді 
осыларға қарап, 1) жұмыспен қамтылғандар санын; 2) жұмыссыздар 
санын; 3) жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.
2. Атаулы ЖІӨ = 750 млрд. доллар, жұмыссыздықтың табиғи
дең гейі = 5%, жұмыссыздықтың нақты деңгейі = 9%. Елде 
ақшалай нысанда өнімнің қандай көлемі өндірілмей қалды? (Оукен 
коэффициенті = 2,5).
3. Мәжбүрлі жұмыссыздық мөлшерін анықтаңыздар, елдің халық 
саны 30 млн. адам, олардың 10 млн-ы – жұмысқа қабілетсіздер мен 
балалар. Жұмыссыздық деңгейі 7 %, ал табиғи жұмыссыздық – 5 %.
4. Төмендегі кестеде жылдар бойынша бағалар индексі берілген:
Жылдар
Бағалар индексі
Инфляция қарқыны (пайызбен)
1
100,00
2
112,00
3
123,00
4
129,00
а) Әрбір жылға инфляция қарқынын есептеңіз.
ә) «70 шамасы ережесін» қолдана отырып, бағалар деңгейінің 
екі еселенуі үшін қажетті жылдар санын анықтаңыз (ол үшін әрбір 
жылдағы инфляция қарқынын қолданыңыз).
б) Егер екінші жылы бірінші жылмен салыстырғанда атаулы табыс 
15%-ға және үшінші жылы екінші жылмен салыстырғанда 7%-ға 


267
өссе, онда нақты табыс осы жылдарда қанша пайызға өзгеретіндігін 
анықтаңыз.
в) Егер атаулы табыс екінші және үшінші жылдарда 25 мың 
долларға тең болса, онда осы жылдарда нақты табыстың абсолюттік 
шамасы қаншаға өзгеретіндігін анықтаңыз.
г) Егер несие бойынша атаулы пайыз мөлшерлемесі екінші жылы 
14%-ға және үшінші жылы 18%-ға тең болса, онда сәйкес жылдарға 
пайыз мөлшерлемесінің нақты деңгейлерін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет