Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру



Pdf көрінісі
бет240/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Қазақстандағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастар;
Мемлекеттік бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз 
мәселелері;
Қазақстанның Ұлттық қоры және оның мақсаттық бағыттылығы;
Қазақстанның салық жүйесі және оның ерекшеліктері;
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуы;
Қазақстанның банк жүйесі және несиелік қатынастар;
Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекет-
тік бағдарламалар.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Қазақстандағы үш жылдық бюджет жағдайына талдау.
2) Ұлттық қор және оның экономиканы тұрақтандырудағы маңызы.
5. Жаттығулар мен есептер:


297
1. Жалпы ұлттық өнім толық жұмысбастылық жағдайында 20 
млрд. долларды, ал жалпы ұлттық өнімнің нақты деңгейі 16 млрд. 
долларды құрайды. Салықтардың сомасы ЖҰӨ шамасының 10%-ын 
құрайды. Тауарлар мен қызметтерге деген мемлекеттік шығындар 1,8 
млрд. долларға тең. 
А) Мемлекеттік бюджеттің тапшылықпен немесе артықшылықпен 
жабылатындығын анықтаңыз және оның мөлшерін табыңыз. 
Ә) Толық жұмысбастылық жағдайында мемлекеттік бюджет 
сальдосының қалай өзгеретіндігін анықтаңыз. 
2. Мына кестенің мәліметтеріне қарап пайдаға салынатын 
салықтық мөлшерлеме мен мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық 
түсімдер арасындағы мүмкін болатын байланысқа көңіл аударыңыз:
Пайдаға салынатын салық 
мөлшерлемесі
10
20
30
40
50
60
Бюджетке түсетін салықтық 
түсімдердің жалпы сомасы, 
млрд. тг.
300
550
650
900
800
700
Келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып, Лаффер қисығын 
салыңыз. Салықтық мөлшерлеме белгілі бір деңгейден көтерілгеннен 
кейін жиналатын салық түсімдерінің өспейтіндігін және оның не 
үшін төмендейтіндігін түсіндіріңіз. Салықтық мөлшерлеменің қандай 
деңгейінде салық түсімдерінің жалпы сомасы максималды деңгейге 
жетеді?
3. Мына келтірілген мәліметтер негізінде коммерциялық банктің 
балансын құрыңыз: талап етілгенге дейінгі депозиттер – 30 000; 
жинақ депозиттері – 25 000; ссудалар – 90 000; жедел салымдар – 
70 000; үкіметтің құнды қағаздары – 4 000; вексельдер, облигациялар, 
корпорацияның акциялары – 6 000; кассалық қолма-қол ақшалар – 
1 000; орталық банктің шоттарындағы салымдар – 5 000; басқа да 
активтер – 3 000; басқа да пассивтер – 18 000; капитал шоты – 20 000.
4. Айталық, міндетті резервтер нормасы 10%, А банкісі 10 000 
доллар көлемінде қарыз беріп, оны қарыз алушы В банкінің шотына 
аударды. В банкінің артық резервтері қандай және оның осы 
операцияның нәтижесінде бере алатын жаңа қарызының көлемі 
қандай болады? 


298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет