Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Қазақстанның сыртқы сауда саясаты



Pdf көрінісі
бет251/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Қазақстанның сыртқы сауда саясаты
Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мемлекеттің экономикалық 
саясатының құрамдас бөлігі ретінде сыртқы секторды реттеуге 
бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Бұл жерде 
мемлекеттің сауда саясаты ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісіне 
бейімделіп, жаһанданудың артықшылықтарын максималдау және одан 
болатын ықтимал қауіп-қатерлерді азайтып отыруы тиіс.
Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет 
айқындалып отыр:
1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және 
отандық өндірушілерді қорғау.
2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы 
дамыту үшін жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда саясатын 
жүргізу кезінде келесідей құралдарды қолданады:
1. Кедендік-тарифтік құралдар, бұл импорттық және экспорттық 
кеден баждарын қолдануға негізделеді. 
Қазақстандық кедендік-тарифтік саясатты құрудың тактикасы 
қандай да бір өнім нарығының жағдайын тұрақты түрде бақылап 
отыру, нарықтың жағдаятына жылдам бейімделу және тиімді 
протекционизмді қамтамасыз ету қажеттілігінен шығады. 


311
Мұндай жағдайда, отандық өндірушілер үшін қолайлы бәсекелік 
ортаны жасау мақсатында кедендік баж салықтарының максималды 
мөлшерлемелері дайын бұйымдарға қойылады, орташа мөлшерлеме-
лер жинақтаушы бұйымдарға, ал төменгі мөлшерлемелер шикізатқа 
және әлеуметтік маңызы бар тауарларға белгіленеді.
Кеден баждары мөлшерлемелерінің өзгеруі және бекітілуі сыртқы 
сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың жағдаятына 
және Кедендік Одақ пен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың 
шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге, 
сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру 
үдерісіне тәуелді болып табылады. 
Көптеген жағдайларда импорттық кеден баждары мөлшер-
лемелерінің деңгейі отандық тауар өндірушілердің бастамасымен 
өзгеріп отыратындығын да айқан жөн.
Жалпы алғанда, Қазақстанның кедендік-тарифтік саясаты 
еркіндікке негізделген. Іс жүзіндегі импорттық кеден баждарының 
орташа деңгейі 10,6 %-ды құрайды.
Сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін қолайлы 
жағдайларды жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 
жекелеген жағдайларда жеңілдетілген кедендік-тарифтік тәртіпті 
қолданады.
ТМД шеңберінде келісілген еркін саудаға сәйкес осы елдерден 
Қазақстан аумағына кіретін тауарларға кедендік баждар салынбайды. 
Сондай-ақ республикада өндірілмейтін тауарларға және ұлттық 
жеңілдіктер жүйесін қолданатын дамуы төмен елдерде (47 мемлекет) 
жүретін бірқатар тауарларға кеден салықтары салынбайды. Дамушы 
елдерге (104 мемлекет) де 75%-ға дейін төмендейтін импорттық 
кеден баждарының мөлшерлемесі түрінде жеңілдікті тәртіптер 
қарастырылады. Бұдан басқа, экспортты ынталандыру мақсатында 
экспорттық кеден баждары мүлдем қолданылмайды десе де болады. 
Кеден салықтары салынатын экспорттық тауарлардың тізімі тым 
шектеулі, оларға тері, жүн, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, қара 
және түсті металл өнімдері жатады. 
2. Тарифтік емес құралдар, бұл антидемпингтік шаралар, қорғау 
шаралары, әртүрлі шектеулер мен тыйым салулар, сан жағынан 
шектеулер, квоталау, тауарларды сыртқа шығару мен оларды сырттан 
әкелу бойынша мемлекеттік монополия, лицензиялау, техникалық 
жағынан реттеу, т.б.
Реттеудің тарифтік емес шаралары Қазақстанның қазіргі жүргізіп 
отырған экономикалық саясатынан, Қазақстан Республикасы 


312
тәуелсіздігінің экономикалық негіздерін қорғаудан, Қазақстан 
Республикасының халықаралық міндеттерді орындауынан, ішкі 
тұтынушылық нарықты қорғаудан қалыптасып туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет