Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет277/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Лоренц қисығы – экономикада тұрғындар табыстарының 
бөлінуіндегі теңсіздіктерді анықтауға көмектесетін қисық сызық.
Макроэкономика – экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін 
және жалпы экономикалық көрсеткіштерді қолданатын экономикалық 
ғылымның бір саласы.
Мамандандыру – индивидтің, фирманың, аймақтың немесе 
мемлекеттің тауарлар мен қызметтердің белгілі бір нақты түрлерін 
өндіру үшін ресурстарды мақсатты түрде қолдануы.
Маржинализм – шекті табыстар мен шекті шығындарды 
салыстыруды зерттейтін шешім қабылдау теориясы.
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік табыстар мен шығындарды 
зерттей-тін экономикалық теорияның бір бөлімі.
Мемлекеттік қарыз – осы уақытқа дейін жинақталған бюджет 
тапшылықтарының жалпы сомасы; үкіметтік мемлекеттік бағалы 
қағаздар иелеріне деген қарыздарының жалпы көлемі.
Мемлекеттік меншік – орталықтандырылған мемлекетке немесе 
үкіметке тиесілі жер және капитал түріндегі меншіктің белгілі бір 
нысаны.
Мемлекеттік сатып алымдар – мемлекеттің соңғы тауарлар мен 
қызметтерді сатып алуына жұмсайтын ақшалай төлемдері.
Мемлекеттік сектор – мемлекетпен және үкіметпен бақыланатын 
ел экономикасының бір бөлігі.
Мемлекеттің дәрменсіздігі – мемлекеттік сектордың (үкіметтің) 
өз міндеттері мен қызметтерін экономикалық жағынан тиімсіз әдістер 
арқылы орындау салдарынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді 
шеше алмауы.
Меншікті капитал – фирманың жиынтық активтері мен жиынтық 
пассивтері арасындағы айырма; фирма иегерлерінің активтердің 
жалпы көлеміндегі үлесі.
Микроэкономика – жекелеген экономикалық субъектілердің 
нарықтағы мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін және нақты 
бағаларды, нақты тауарлар мен қызметтерді, жекелеген нарықтарды 
қарастыратын экономикалық ғылымның бір саласы.
Монетаризм – кейнстік бағытқа қарсы сын айтушы балама 
теория; жиынтық өнім көлемі мен бағалар деңгейінің өзгеруі ақша 
ұсынысының өзгеруіне байланысты екендігін көрсететін бағыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет