353
сұранысты көтеруге және экономикалық белсенділікті арттыруға
бағытталған саналы іс-шаралары.
Экономикадан «жылыстау» - «табыстар-шығындар» ағынынан
немесе экономикалық айналымнан жинақтар, салықтар және импорт
түріндегі қаржылардың кетуі.
Экономикаға «қуат беру» – «табыстар-шығындар» ағынына
немесе экономикалық айналымға инвестициялар, мемлекеттік
шығындар, экспорт түрінде құйылатын қосымша қаржылар.
Экономикалық интеграция – елдер арасындағы сауда тосқауыл-
дарын жою, жалпыға ортақ үлкен нарықты құру үшін әлемнің әртүрлі
елдерінің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі және ынтымақ тас-
тығы.
Экономикалық өсу – нақты жалпы ішкі өнім көлемінің сан
жағынан көбеюі мен сапалық жетілдірілуі немесе өндірілген нақты
өнім көлемінің жан басына шаққанда өсуі; экономикада қолданылатын
өндіріс факторларын ұлғайтудың және техника мен технологияны
жетілдірудің нәтижесінде өндірістік қуаттылықтың артуы.
Экономикалық пайда – фирманың жалпы табыстары мен
экономикалық шығындары арасындағы айырма; «таза пайда» және
«үстеме пайда» ұғымдарының синонимдері.
Экономикалық рента – ұсынысы тұрақты және абсолютті икемсіз
болып табылатын жерді және басқа да табиғи ресурстарды қолдан-
ғаны үшін төленетін баға.
Экономикалық саясат – экономикада қажетті нәтижелерге қол
жеткізуді мақсат етіп қоятын және жағымсыз құбылыстардың орын
алуын болдырмауға қатысты саясатты қалыптастыру.
Экономикалық талдау – экономикалық ақиқаттылықтың нақты
деректерінен экономикалық заңдылықтарды анықтау.
Экономикалық тиімділік – ресурстардың ең аз шығынымен
тауарлар мен қызметтер өндірісінің ең үлкен көлеміне қол жеткізу;
өнім өндіру барысында алынатын нәтижелердің сол өнімді өндіруге
кететін шығындарға қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: