Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет92/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

2. Херфиндаль-Хиршман индексі (I
HH
) – нарықтағы фирмалардың 
шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың 
барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттай-
тын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы 
жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына 
формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы 
алынады:
I
HH
 = S

1
 + S

2
 + . . . + S

n
,
мұндағы, I
HH
– шоғырлану (концентрация) көрсеткіші, S


– ең ірі 
фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S

2 – көлемі бойынша 
келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S

n
– ең кіші 
фирманың үлес салмағы. I
HH
-дің ең жоғарғы шамасы – 10000, яғни 
оның мәні салада тек бір фирма болғанда 10000-ға тең болады, өйткені 
S


– 100%. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S


= 1%-ке, ал 
I
HH
100-ге тең болады.
2. Монополистік бәсеке – бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар 
тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирма-
лар болатын, сонымен қатар олардың ешқайсысының нарықтық 
бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның 


113
бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына, 
сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды.
Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы 
төмен қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады. Сұраныс 
икемділігінің факторлары – бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену 
(дифференциациялану) деңгейі.
Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) дегеніміз – 
фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының 
көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен 
айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық 
элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, 
сату шарттары, буып-түю және т.б жатады.
Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі 
сипаты бойынша қарастыруға болады:
1. Монополиялық сипаттары бойынша:
- кемімелі сұраныс қисығы;
- бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.
2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:
- нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу;
- іс-әрекеттері басқа фирмаларға тәуелді емес;
- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.
Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша 
шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы 
мүмкін.
Монополистік бәсеке нарығының монополия сияқты қоғам үшін 
экономикалық тиімсіздікке алып келетін әлеуметтік-экономикалық 
салдарлары бар. Біріншіден, тауарлар өндірісі үшін ресурстар 
толық қолданыла алмайды, яғни жоғарыда атап өткеніміздей, артық 
өндіріс қуаты пайда болады. Екіншіден, тұтынушылар тауарларды 
төменгі бағамен сатып ала алмайды, яғни оларға қажетті тауарлар 
тиісті деңгейінде өндірілмейді. Үшіншіден, тауарға тұтынушылық 
сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға үнемі ерекшелік беріп жетіл-
діріп отыру қажет. Төртіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты 
бейімдеу үшін сол тауарға жарнама жасап отыруды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет