Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет97/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

3. Робинсон-Пэтмэн заңы (1936 ж.). Бұл заң сауда саласында 
іскерлік белсенділіктің шектелуіне, соның ішінде, бағалық 
дискриминацияға тыйым салады. 
1950 жылы Клейтон заңына Селлер-Кефовер түзетуі қабылданды: 
заңсыз бірігудің түсінігі нақтыланды. Яғни активтерді сатып алу 
жолымен бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңы ірі фирмалар-
дың көлденең бірігуіне тосқауыл қойса, онда Селлер-Кефовер түзетуі 
тігінен бірігуді (мысалы, өндіріс – өнімді өткізу) шектеді.
Еуропалық мемлекеттердің көбінде ұзақ уақыт бойы анти-
монополиялық заңдылықтар мүлдем болмады. Қабылданған бірқатар 
заңдар тәжірибеде өте сирек қолданылып, жеке немесе ұжымдық 
нарықтық билікті асыра пайдаланушыларға ғана бағытталды. 
Еуропалық мемлекеттердің үкіметтері оларда өндірістердің шоғыр-
лану деңгейі АҚШ-қа қарағанда төмен деп болжады. Сондықтан 
Еуропада шоғырлану үдерісіне және картельдердің қалыптасуына 
жол берілді.
Антимонополиялық саясат нарықтық айырбасқа қатысушылардың 
арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталады. Мұндай реттеудің 


119
екі бағыты орын алады: 1) іскерлік тәртіптің белгілі бір әділетсіз 
түрлерін шектеу немесе тыйым салу; 2) бәсекелестік нарықтық 
құрылымды қалыптастыру.
Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан 
реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше 
тәсілдері бар, яғни монополиялық билікті қысқартудың негізгі 
тәсілдері төмендегілер болып табылады:
1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап 
шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған 
шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың 
бірігуіне, бәсекелестікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни 
олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды 
реттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет