52
1.2. Ашық экономикалық жүйе
– бұл экономиканың халық ара лық
экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы,
бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.
2. Меншік қатынастары бойынша:
2.1. Дәстүрлі экономикалық жүйе
– ғасырлар бойы сақталған
салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
Бұл жүйенің сипатты белгілері:
- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге
негізделеді;
- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс
қарқынының тым төмен болуы;
- техникалық прогресстің шектелуі;
- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан
тұрақты түрде артып отыруы;
- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
2.2. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе
– орталықтандырыл-
ған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік
меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын
алуы;
- экономиканы орталықтан жоспарлау;
- өндірушілердің монополиялануы;
- ресурстардың орталықтандырылған қоры.
- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
2.3. Нарықтық экономикалық жүйе
– жеке меншікке, жеке
мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
- кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;
- шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;
- шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;
- өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік,
бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: