Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет14/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

ОҢТАЙЛЫ КҮТІМДЕР ТЕОРИЯСЫ.
Бұл басқаша, жаңа 
классикалық макроэкономикалық теория деген атпен белгілі болып ХХ 
ғасырдың 70-жылдары қалыптасты. Бұлар макроэкономика саласына 
микроэкономикалық талдаудың құралдарын қолдануды ұсынды. 
Жаңа классиктер 
оңтайлы күтімдер
гипотезасын алға тартты, оның 
авторы болып американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты 
Роберт Лукас
(1937 жылы туылған) саналады. Осы гипотезаға сәйкес, 
болашақ баға күтулері барлық экономикалық субъектілер үшін мінез-


17
құлық танытудың ең маңызды себептері болып табылады. Осыған 
байланысты, үнемі өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларға 
сәйкес және қолдағы бар нақты ақпараттарға сүйене отырып, олар 
алдағы болашақ уақытқа қарап шешімдер қабылдап отырулары тиіс.
ҰСЫНЫС ЭКОНОМИКАСЫ ТЕОРИЯСЫ. 
ХХ ғасырдың 
70-80-жылдары танымал болған бұл бағыттың негізін американ 
экономисі 
Артур Лаффер
(1941 жылы туылған) салған. Бұл теория 
70-жылдары орын алған энергетикалық дағдарыстан кейнстік талдау 
әдістері негізінде нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің 
айтарлықтай әлсіреуіне байланысты орын алды. Неоклассикалық 
батыстық бағыт экономиканы сауықтырудың жаңа әдістерін 
іздестірумен болды. Лаффердің және оның жақтастарының 
көзқарастары тұрғысынан, экономикалық дамудың факторы деп 
сұранысты емес, ұсынысты қолдау және кәсіпкерлердің инвестиция-
лық қызметін ынталандыру керек дейді. Негізгі қағидасы болып 
мемлекеттің экономикаға араласуын барынша төмендете отырып, 
жеке кәсіпкерлікке көмек беру табылады. Мемлекеттік қаржылар 
басты құрал ретінде қарастырылады, яғни салық мөлшерлемелерін 
төмендету жолымен кәсіпкерлікті дамытуға маңызды түрде көңіл 
бөлінеді. Лаффердің теориясы және оның тәжірибелік қорытынды-
лары сол кездегі АҚШ Президенті Рональд Рейганның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет