Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет212/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Стагфляция – бұл өндірістің құлдырауы (стагнация) жағдайында 
жұмыссыздық пен инфляцияның қатар орын алуы. 1973-1975 
жылдары орын алған дағдарыс Халықаралық мұнай өндірушілер 
мен экспорттаушылар ұйымының (ОПЭК) мұнайға деген бағаның 
бірнеше рет өсуінен тауар бағаларының өсуімен сипатталды. Сол 
жылдары бірқатар елдерде астық шықпай қалып ауылшаруашылық 
өнімдеріне деген бағалар күрт өсті. 70-жылдары болған стагфляциялық 
құбылыстар инфляцияның бір факторлы үлгісінің инфляцияның 
барлық себептерінің өзара байланысын есепке алмайтындығын 
көрсетіп берді.
Стагфляция жағдайында мемлекет өндірістің құлдырауы мен 
инфляцияны жоюдың аса күрделі мәселелерін бір уақытта шешеді. 
Инфляцияны басу үшін мемлекеттік бюджет тапшылығын төмендету 
қажет, несиелік белсенділікті шектеп халықтың табыстарын қысқарту 
керек. Бірақ мұндай саясат өндірістің әріқарай терең құлдырай беру 
қаупін туғызады, әсіресе, бұл экономикада шығындар инфляциясы 
дамығанда өте ауыр болады. Алдағы уақытта өндіріс шығындарын 
өтей алмайтын кәсіпорындар мұндай саясатқа жауап ретінде өз 
істерін тоқтатады. Олардың жабдықтаушылар мен жеткізушілерге 
қарыздары өседі.
Өндірістің құлдырауымен күресу кезінде үкімет пен орталық банк 


263
кәсіпорындарды несиелеу арналарын кеңейтіп, бюджет тапшылығын 
ұлғайтуы мүмкін. Бірақ бұл инфляцияның серуендеуіне алып келеді.
Мәселенің ұшығуы оның шешілмейтіндігін білдірмейді. Мемле-
кеттің экономикалық саясаты өндірістің құлдырауы мен инфляция, 
инфляция мен жұмыссыздық арасында белгілі бір уақытта амалдай 
тұруды мәжбүр етеді. Осындай экономикалық жағдайлардың қарама-
қайшылығы мен күрделілігін мойындау инфляцияның ушығып 
кетуіне жағдай жасайтын бір жақты әрекеттерді болдырмауы қажет. 
Құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру халықты әлеуметтік қорғау 
бойынша мемлекеттік іс-шаралармен ұштастырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет