306
Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер
Адам Смит пен
Давид Рикардо көңіл бөлді. А.Смит: «кез келген өнімді кез келген
елде өндіруге болады, бірақ олардың шығындары өте жоғары және
сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға түсетін
тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс», деп жазды.
Олай болса, қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен
түсіндіріледі. Смитше, әлемдік сауданың тиімділігі қандай да бір
елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге қарағанда
абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша,
А.Смит
абсолютті артықшылықтар теориясын қалыптастырды.
Ал Д.Рикардо болса, өзінің әйгілі
салыстырмалы артықшылықтар
теориясын дамытты. Айталық, Қазақстанға Қырғыз Республикасына
қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бұлай болса,
онда Қазақстанға Қырғыз Республикасымен саудаласудың мүлдем
қажеті жоқ.
Алайда, салыстырмалы шығындар теориясына сәйкес екі ел
арасындағы сауда тиімді болып табылады. Айталық, Қазақстанда
бидайдың 1 бірлік құны матаның 1,5 бірлік құнына тең. Ал Қырғыз
Республикасында бидайдың 1 бірлігі матаның 2 бірлігіне тең. Егер,
Қырғыз Республикасына бидай шығарсақ, онда оның құнына матаның
2 бірлігін алуға болады. Олай болса, матаға қарағанда бидайды
Қазақстанда өндірген аса тиімді болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: