60
Бірінші және екінші шығарма сызықтардың нүктелерін енгізгеннен кейін,
ӛлшемдік сызықтың орнын кӛрсететін кезде тышқанның кӛмегімен ӛлшемді сол
(немесе оң)
жаққа тартып, қажетті орында тышқанның сол батырмасын шерту
керек. Нәтижесінде объектінің вертикаль ӛлшемі қойылады.
Сызықтың ӛлшемнің типін ӛзгертуге болады. Ол үшін ӛлшем
сызықтың
орнын кӛрсететін кезде келесі опциялардың бірін таңдауға болады:
• Mtext (Мтекст) – мультимәтіннің мүмкіндіктерін пайдаланып, күрделі
ӛлшем
мәтінін енгізу;
• Text (Текст) – жүйенің ұсынған мәтінінен бӛлек ӛлшем мәтінін енгізу;
• Angle (Угол) – ӛлшем мәтінінің ӛлшем
сызығына қатысты бұрышын беру;
• Horizontal (Горизонтальный) – горизонталь ӛлшемді қою;
• Vertical (Вертикальный) – вертикаль ӛлшемді қою;
• Rotated (Повернутый) – бұрылған (кӛлбеу) ӛлшем; AutoCAD жүйесі
сұрайды:
Specify angle of dimension line: (Угол поворота размерной линии:)
Осы кезде бұрылу бұрышын пернетақтадан енгізуге болады немесе қайтадан
ӛлшенентін объектінің екі шеткі нүктесін кӛрсету керек, сонда жүйе қажетті
бұрышты ӛзі есептейді.
Сызықтық ӛлшемді қоюдың екінші тәсілі бар. Команданы шақырғаннан
кейін
объектінің екі нүктесін енгізудің орнына
select objecf (выбрать объект)
опциясын қолдануға болады.Ол үшін Enter пернесін басу керек. Содан кейін
жүйе келесі сұрауды жасайды:
Select object to dimension:
(Выберите объект для нанесения размера:)
Осы кезде
объектіге тиісті кесіндіні, доғаны, шеңбердің немесе полисызық
сегментін кӛрсету керек. AutoCAD жүйесі шеткі нүктелерді ӛзі анықтап, ӛлшем
сызықты қай жерге қою керек екенін сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: