Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет7/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

PDF (Portable Dokument Format). Құжаттарды сақтау форматы. Adobe 
фирмасы жасаған (файл атының расширениесі .PDF). Бұл формат құжаттарды 



түгелімен сақтауға арналғанымен, оның мүмкіндіктері ӛте кӛп. Кескіндер жоғары 
сапалы болады және оларды экранда да, баспада да шығаруға болады. Кескіндер 
мүмкіндігін басқаруға мүмкіндік беретін қуатты қысу алгоритмі кескіндердің 
жоғары сапасын жоғалтпай файлдарды қысуды қамтамасыз етеді.
Басқа пәндермен байланысы. 
Компьютерлік графика үшін «Сызба геометрия және инженерлік графика» пәні 
пререквизит болып табылады. Сызба геометрияны меңгеру студенттерге 
заттардың графикалық модельдерде (комплекстік сызба, аксонометрия мен 
перспектива, сандық белгілері бар проекциялар) кескіндеу принциптерін сауатты 
пайдалануға, заттардың геометриялық модельдерінде позициялық және 
метрикалық есептерді дұрыс шешуге мүмкіндік береді.
Инженерлік графиканы меңгеру студенттерге кӛріністерді, тіліктерді, 
қималарды, бұйымдардың эскиздері мен сызбаларын, біріктірудің кескіндерін, 
құрастыру сызбаларын, жалпы кӛрініс сызбалары мен схемаларды дұрыс 
орындауға мүмкіндік береді. 
«Информатика» пәнінің де компьютерлік графиканы игеру үшін маңызы зор. 
Бұл пәнді меңгеру студенттерге пернетақтамен, принтермен, плоттермен сауатты 
жұмыс істеуге, экран элементтерін дұрыс қолдануға, керекті файлдарды ашып, 
сызбаларды дұрыс сақтауға, сызбалар кітапханасын жасауға кӛмектеседі. Ал бұл
компьютерлік графиканы толыққанды меңгеруге септігін тигізеді.
Ӛз кезегінде «Компьютерлік графика» арнайы пәндерді оқу үшін базалық пән 
болып табылады. 
Пәнді оқыту мақсаты:
«Компьютерлік графика» пәнін оқытудың мақсаты – бұйымдардың, 
нысандардың сызбаларын және технологиялық сұлбаларды орындау кезінде 
инженерлік есептерді шешу үшін қажетті білім беру.
AutoCAD графикалық жүйесін қолдану арқылы конструкторлық құжаттарды 
автоматты түрде орындаудың теориялық негіздерін үйрету.
Пәнді оқу барысында алған білімдер арнайы пәндерді оқу кезінде, курстық 
және дипломдық жобаларды автоматты түрде орындау кезінде және магистратура 
мен аспирантурада оқу кезінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет