Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет164/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

.
Ҧжым және тҧлға 
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені 
демократияландыру жағдайында адам құқығы мен бостандығын 
сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Кӛптеген онжылдықтар бойы 
ұжымға әсер ету арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастыру 
отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға 
міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде 
адам жӛніндегі философиялық тұжырымдамаларға және әлемдік 
педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа 
шешімдер іздестіруге тура келді.


334 
Білім алушыны ұжымдык қатынас үрдісіне енгізу қиын әрі 
күрделі шаруа. Ең алдымен тұлғаның жекелей мәнді екенін ескеру 
керек. Білім алушыларды – болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен 
денсаулықтарына, сыртқы кӛріністеріне, мінез-құлықтарына, 
қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап 
ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі 
болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде 
ұжымға кері есерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас 
жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі маңызды болып 
табылады. Ол арқылы білім алушының сана-сезім ерекшеліктері, 
құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы 
ұжымның дәстүрлі тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай 
келмеуі де мүмкін. Студент тәжірибиесі басқаша болған жағдайда 
тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес ӛз құрдастарымен қарым-
қатынас орнатуы қиынға түседі.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана 
емес, ұжымға да байланысты. Ӛз күшін, салт-дәстүрін құрған, 
басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол 
жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым 
басқаларына қарағанда ӛзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа 
оңай түседі. 
Әрбір адам аз немесе кӛп күш жұмсау арқылы ұжымдағы ӛз 
орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе 
субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа 
қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам 
ұжымдағы кейбір құндылықтардың ӛзіне сәйкес келмеуінен ӛз 
жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді. 
Әсіресе, ұжымның, достарының ӛзіне деген қатынасын бағалай 
алмайтын, жаңа жағдайда ӛзін-ӛзі тануы мен бағалауы сияқты 
касиеттері толық дамымаған бірінші курс студенттеріне мұның 
қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті 
себептері бар. Олар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы 
білім алушының атқаратын рӛлінің тарлығы, ұжым мүшелері 
арасындағы 
қатынастың 
ұйымдастыру 
формаларының 
біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау 
мәдениетінің кемшілігін ескеруге тұрарлық бағалы да қылықты 
қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы 
қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1) Тұлға 


335 
ұжымға бағынады (конформ); 2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен 
үйлесімді қатынаста (гармония) болады. 3) Тұлға ұжымды ӛзіне 
бағындырады (кӛшбасшылық). 
Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына ӛз еркімен 
бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай ӛзінен 
жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға 
кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және 
дәстүрлерін қабылдайды. 
Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін: 1) 
тұлға ӛз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай 
бағынады; 2) тұлғаның кейбір ӛзіндік іс-қимылы ұжым 
талаптарына сай келмейді. ЖОО ұжымдарында кӛп кездесетін 
мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға 
бой ұрады. Мұндай жағдайда білім алушы ұжым нормалары мен 
құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезінде ұжымның 
одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымда қалыптасқан 
қасиеттерді ұстанады, бірақ оқу орыны ұжымынан тыс жерде 
бұрыннан қалыптасқан тәжірибесі бойынша ӛзін басқадай ұстайды, 
ӛзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша 
болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы 
әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау кӛрмей, ӛз 
ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. 
Біздің оқу орынытерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу кӛп 
кездеспейді. Алайда, студенттер кейде қарсылық білдіреді, оның 
ӛзі де негізсіз себептерден туындайды: кӛбіне ӛзін-ӛзі қорғап қалу 
сезімінің үстемдігінен болады. 
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі ЖОО сай типі 
– бұл бірлікті ӛмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-
қатынаста болуы тиіс. 
Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек 
кездесетін құбылыс. Нағыз кӛшбасшы еңбектері, іс-әрекеттері 
ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады, Жарқын тұлға, 
оның ӛзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы 
міндетті. 
Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын 
түрде дамитын суденттер ұжымының мүшелері арасында кең 
тараған бағыт-бағдарын бӛліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, 
әсіресе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын білім 
алушылар аз емес. Баршаның кӛзіне түсу, басқаның үстінен ӛз 


336 
билігін жүргізу - олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар 
ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына кӛп мән 
бермейді, басты мақсаты – ӛз беделін ғана таныту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет