Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет46/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Тестілердің тҥрлері:
• ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу. 
• арнайы қабілетті тестілеу. 
• үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер. 
• жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған 
тестілер. 
Үлгерім тестілерінің қорытындысы білім алушылардың даму 
деңгейін толық сипаттамайды. Тест құрастыруға қойылатын 
талаптар:
• білім стандартына сәйкестігі; 
• қате жауаптарды енгізу; 
• дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек; 
• дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру; 
• бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге 
кӛмектеспеуі. 
Диагностикалаудың маңызды бӛлігі – бұл қадағалау. 
Қадағалау
– білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау 
қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. 
Тексеру – бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын 
бақылау үшін жүргізілетін әрекет – қимылдар жүйесі.
Мән-мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс 
түзуді қамтамасыз етеді, яғни білім алушылардың оқу әрекеттерінің 
нәтижесі жӛніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы 
ӛз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа 
ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. 
Сонымен бірге білім алушылардың ӛзіндік оқу жұмыстарының 
сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нәтижесінде педагог 
ӛз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, 
педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай 
деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде білім алушының ӛзі де ӛз оқу 
жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім 
игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен 
бірге 
ӛз 
кемшіліктері 
мен 
олқылықтарының 
пән 
бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына кӛз 
жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан білім алушының тәртібі 


111 
жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік 
сапаларын дамытады.
Қадағалау түрлері, формалары және әдістері Оқу процесіндегі 
қадағалау әртүрлі, кӛп формалы бола келіп, сан қилы әдістермен 
атқарылады. Педагогикалық тәжірбиеде қадағалаудың бірнеше 
түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, 
қорытынды және ӛтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау
- әдетте, диагностикалық міндеттерге орай 
жүргізіледі. Мұндағы мақсат – білім алушылардың оқуды бастауға 
дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дәрежесін 
анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты ӛту алдынан 
ӛткізіледі. Алдын-ала қадағалау нәтижесінің негізінде Педагог оқу 
жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдастырады.
Ағымдағы 
(кҥнделікті) 
қадағалау
– 
оқу 
барысында 
ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу 
дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты 
терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл 
қадағалаудың тиімділігі – білім алушылар біліміндегі кемшіліктер 
мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын 
меңгеруде кӛмек кӛрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті 
қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы білім алушылардың әр сабаққа 
мұқият әрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін 
арттырады.
Мерзімді 
қадағалау
– 
белгілі 
уақыт 
аралығындағы 
жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан 
не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау
– тақырып, бӛлім материалдары ӛтіліп 
болған соң ӛткізіледі.
Қорытынды қадағалау
– оқу процесінің соңғы нәтижелерін 
жинақтау үшін қолданылады. Ол пән бойынша бүкіл білім, 
ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Ӛтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс, 
бӛлім ӛтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау 
үшін қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан 
кӛп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін 
соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.
Қадағалау әрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық 
жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық және сыныптық болып 
бӛлінеді.


112 
Қадағалау барысында әрқилы әдістер де қолданылуы мүмкін. 
Қадағалау әдістері дегеніміз – бұл білім алушылардың оқу 
танымдық іс - әрекеттері мен Педагогдер жұмыстарының 
нәтижелілігін айқындауға жәрдемші жол, тәсілдер. 
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тәжірибелік, 
компьютерлі (машынды) қадағалау және ӛзіндік қадағалаулар 
қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет