Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет59/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Оқытудағы инновациялық әдістерге
топтық оқытуды, даралық 
жұмыстың әртүрлі формаларын, бригадалық оқытудың әртүрлі 
формаларын, дамытушы оқыту жүйелері және т.б. енеді. 
Байланысты қамтамасыз етіп, ақпарат берумен шектелмейтін және 


139 
ӛзгелерге белгілі бір әсер ететін, олардың мінез-құлқының, іс-
әрекетінің ӛзгеруін қамтамасыз ететін қарым-қатынастың қызметі 
ретінде интерактивтіліктің психологиялық мәнінен бастау ала 
отырып, біз интерактивтілікті оқу үрдісінде байланыстың 
интерактивтілігін ұйымдастырушы дидактикалық құралдардың 
белгілі бір қасиеті деп анықтаймыз. 
Интерактивті және белсенді оқыту әдістерін салыстыру бұл 
әдістердің оқыту субъектілерінің «іс-әрекеттік тұрғысын», олардың 
ӛзбеттілігі мен шығармашылығын дамытуға бағытталғанын 
кӛрсетеді.
«Интерактив» сӛзі ағылшынның ―
interact
‖ сӛзінен шыққан. 
«
Inter
» - бұл ӛзарa, «
act
» - әрекет ету деген мағынаны береді. Кейде 
интерактив сӛзін кейбір әдебиеттерде интербелсенді деп жазады. 
Интерактивті сӛзі бұл бір нәрсемен (мысалы, компьютермен) 
немесе біреумен (адаммен) әңгімелесу, диалог түрінде ӛзара әрекет 
етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сондықтан 
интерактивті 
оқыту 
- диалогтық оқыту, оның барысында оқытушы мен студент 
арасында ӛзара тікелей әсер ету, қарым- қатынас жүзеге 
асырылады. Интерактивті оқыту түрі – кооперация мен 
бәсекелестік. 
Интерактивтілік білім беру категориясы ретінде бір жағынан 
тұлғаның бағдарлы педагогика қажетсінетін және оқу мен 
ақпараттың 
ӛзара 
әрекетке 
(А.А.Бодалев, 
Е.Л.Мелибурд, 
К.Рудестам және т.б.) міндетті жағдай ретінде коммуникативті 
бағдарланған тұжырымдама ретінде негізделген. Екінші жағынан 
интерактивтіліктің қажеттілігі оқыту феноменінің мәнімен шартты 
(байланысты), оның міндеті мамандардың негізгі міндетті 
компоненті қарым-қатынас болып табылатын ӛнімді тұлғааралық 
ӛзара 
әрекетін 
қалыптастыруға, 
модельдік 
тәжірибесінің 
қалыптасуына жағдай жасау ретінде түсіндіріледі (В.П.Беспалько, 
И.П.Пидкасистый т.б.). Үшіншіден, «интерактивтілік» ұғымын 
педагогикалық 
анықтау 
субъективтік 
шындық 
ретінде 
қарастырылатын білім беру сүйенетін ақпарат, пәннің мәніне 
байланысты. 
«Интерактивті ӛзара әрекет» тар мағынада бұл диалог, кең 
мағынада кез-келген субъектілердің олардың қолы жететін 
құралдар мен әдістерді қолдануымен жүретін полидиалогы. 
Мұндағы полидиалогта екі жақтың да белсенді қатысуы - сұрақтар 
мен жауаптармен алмасу, диалог барысын басқару, қабылданған 


140 
шешімдерді орындауды бақылау. Оқытудың интерактивті 
формалары мен құралдарының бүгінгі білім беру үрдісінде 
қажеттігі «оқыту» феноменінің ғылыми категория және 
дидактикалық үрдіс ретінде болуымен байланысты.Оқытудың 
инновациялық технологиясы білім алушыны коммуникативтік 
үрдіске белсенді қатысуына даярлайды, инновациялық мәдениетке 
тартылуын, 
тұлғалық 
қабілетінің 
дамуына 
негізделген 
интерактивтік жылдамдығының дамуына кӛмектеседі. Бұл білім 
алушыны ақпаратты тұтас қабылдауына бағытталған, оның 
қабылдауын интеллектуальдық және эмоциональдық деңгейде 
жетілідіреді. ЖОО-ы жағдайында педагогикалық-психологиялық 
материалында инновациялық технологияны, интерактивті әдістерді 
жүзеге асыру оның тиімділігі мен гуманитарлық пән мен 
коммуникация құралы ретінде оқытуға сәйкестігін кӛрсетті.
Бүгінде педагогикалық оқыту үрдісінде интерактивті қарым-
қатынасқа негізделген жеке әдістер бар. Олар «миға шабуыл», 
дӛңгелек үстел, іскерлік ойын, т.б.
«Миға шабуыл»
әдісі оқыту әдісі ретінде әлі де ЖОО-ң 
пратикасында қолданылып үлгерген жоқ. Бұл әдіс басқару 
жүйесінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аймағында дамыды. 
Ол әсіресе, экономикалық басқару әрекеті менеджментте кеңінен 
қолданылады.
Миға шабуылдың алтын ережесі – қатысушылардың айтқан 
пікіріне күмән келтірмеу, сынамау, пікірлердің толық еркіндігі, 
тіпті әдепсіз болса да. Миға шабуыл бұл дұрыс шешімді іздеу 
мақсатында ғылыми зерттеуге бағытталады. Мұнда әртүрлі 
кӛзқарастар пайда болып, соның нәтижесінде белгілі бір шешім 
қабылданады, яғни белгілі бір мәселені талқылау арқылы қандай да 
бір жетістікке жетуге ұмтылады. Миға шабуыл әдісі білім 
алушыларды қандай да бір мәселені шешу қиын екендігін сендіру 
мақсатында қолданылады. Мысалы, экономикалық мәселе 
(жалақының шешілуі), педагогикалық мәселе (адамгершілік қазіргі 
жастардың бостандығы, тәрбиенің мақсатары аралығындағы 
қарама-қайшылық), әлеуметтану (саяси іс-әрекеттің рентингісін 
интерпритациялау), психология (психика дамуының заңы және 
білім беру мен тәрбиелеудің практикасы).
Миға шабуыл әдісі, жасӛспірімдерге жүргізуде ӛте тиімді болып 
табылады. Негізінен бұл әдіс кӛмегімен білім алушылардың ой-


141 
ӛрісін кеңейтуге, шығармашылық ізденіске ұмтылуына кӛп септігін 
тигізеді.
Дӛңгелек ҥстел әдісі
– әдетте саяси және ғылыми бағытта 
ұйымдастырылады. Ой-пікірлердің алмасуынан олар белгілі бір 
қорытындыға келеді, яғни әр түрлі кӛзқарастарға сүйенеді. Әдетте 
бұл әдіс оқытуда теориялық білімді тереңдету мақсатында 
жүргізіліп және әртүрлі кәсіби маман ретінде ғылым аспектісі 
бойынша мәселелер қарастырылады. Мысалы, білім алушыларға 
психология бойынша «педагогтардың тұлғалық іс-әрекеті», т.б. 
секілді тақырыпта дӛңгелек үстел әдісін жүргізуге болады. 
Дӛңгелек үстел әдісінің басқа формалары да бар. Мысалы, 
студенттік оқу-әдістемелік конференциясы, мұнда жалпыға ортақ 
тақырып таңдалынып, талқыланады. 
Іскерлік ойын әдісі
– оқыту үрдісінде әр түрлі бағытта 
қолданылады. Ол оқытушының басқаруымен, білім алушылардың 
ӛзіндік ұйымдастырушылығымен, жоспарланған ойын сценарийі 
арқылы мақсатқа бағытталған негізде жүзеге асырылады. Кӛп 
жағдайларда іскерлік ойындарды басқарушы маман білім 
алушыларға қолданған тиімді. Мысалы, әскери оқуда оқитын 
студенттерге командир болу мақсатында жүргізілгенде. Бұл әдістің 
тиімділігі – білім алушылардың ақыл-ойын дамыту, танымдық 
белсенділігін қалыптастыру, кәсіби маман болуына шеберлікті 
дарыту болып саналады. Сонымен қатар білім алушы іскерлік 
ойында әр түрлі рӛлдерге ене алады: педагог, әдіскер, білім беру 
департаменті, сараманшы студент, т.б. Ойын алдын-ала сценарий 
бойынша дайындалып, рӛлдер бӛлініп қояды.
Іскерлік ойын әдісінің оқытуда қолданылуы білім алушыларыің 
сол ситуациялық жағдайдан шығуына, ӛмірге шын кӛзқараспен 
қарау арқылы шығармашылық, кәсіби қабілеттерін шыңдай ала 
алады. Іскерлік ойынды ӛткізудің кезеңдері: 
1 кезең. Педагог тақырыпты таңдауы, мақсат-міндеттерді 
белгілеп күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, 
сыныптағы 
ойынға 
қатысушылардың 
рӛлдік 
қызметіндегі 
қасиеттерін ескеру, ойын ьарысындағы әсер етуші жағдайларды 
зерттеу. 
2 кезең. Соңғы оқу материалын талдау, мәселені шешудің әдіс-
тәсілдерін талдау тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша 
қолдануда шығармашылық ӛңдеу, сценарийді дайындау, рӛлдерге 
бӛлу. 


142 
3 кезең. Педагогтің білім алушыларды іскерлік ойынның 
сценарийімен, мақсатымен, мазмұнымен таныстыруы. Білім 
алушылардың рӛлдік қызметтерін орындауы, педагогтің білім 
алушылардың ойын басқаруы, ойын барысының нәтижесін талдау, 
педагогтің қорытынды жасауы.
Қазіргі білім берудегі ең басты тапсырма – мамандардың әлемді 
шығармашылық тұрғыда меңгеру әдістемесімен кӛрінуі. Жоғарғы 
оқу орындарында дайындық маманды шығармашылық қабілетін 
құруда қажет болады: 
-
проблеманы ӛз бетімен кӛру және оны құру; 
-
болжамды дайындау; 
-
мәліметтерді жинап оны талдау керек, әдістемені ұсынып, 
ӛңдеу керек, 
-
алынған тәжірибиелерді тәжірибиеде қолдануда нәтижесін 
құруда қабілетті, 
-
проблеманы түгелдей кӛру қабілеті, ол ұжымда жұмыста 
мәселені шешудегі жеке қатысуын анықтау. 
Сонымен қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта 
құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-
тәсілдерінің де ӛзгеріп, жаңарып отыруы заңды үрдіс. Сондықтанда 
білім беруге инновациялық технологиялардың енуін үздіксіз үрдіс, 
күнделікті білім беру қызметінің компоненті ретінде қарастыру 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет