Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет7/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
ұғымын 
 
нақты ӛмірден және 
білімдік процестен мүлдем алыс жатқан абстрактылық ұғым деп 
санайды. Шын мәнінде «әдіснама дегеніміз – теориялық және 
практикалық әрекетті ұйымдастыру және құрудың принциптері мен 
тәсілдерінің жүйесі».
Әдіснаманың «ғылыми танымның және дүниені қайта 
ӛзгертудің әдісі туралы ілім» деген анықтамасы да бар. Қазіргі 
ғылыми әдебиеттерде әдіснаманы алдымен ғылыми таным 
әдіснамасы, 
яғни 
ғылыми-танымдық 
іс-әрекетті 
құрудың 
принциптері, формалары мен тәсілдері туралы ілім ретінде 
беріледі. Ғылым әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне, 
оның объектісі, талдау пәні, зерттеу міндеттері, оны шешуге 
қажетті зерттеу құралдарының жиынтығына сипаттама береді, 
сонымен қатар зерттеушілік міндеттерді шешу процесіндегі 


14 
зерттеуші 
іс-әрекетінің 
бірізділігі 
жӛніндегі 
кӛзқарасын 
қалыптастырады. 
Әдіснаманың қазіргі әдебиеттерде беріліп жүрген басқа да 
анықтамалары. Бұл түсініктің келесі қырларына сүйенетіндігін 
кӛруге болады, яғни айтқанда әдіснама дегеніміз: 
а) үнемі ӛзгеріп отыратын педагогикалық шындықты кӛрсететін 
ғылыми білімдерді алу тәсілдерін анықтайды. 
ә) белгілі бір ғылыми-зерттеудегі мақсатқа қол жеткізу негізгі 
жолдарын бағыттайды, алдын-ала анықтайды. 
б) зерттелетін процесс немесе құбылыс туралы ақпаратты 
алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді. 
в) педагогика теориясы қорына жаңа ақпаратты ендіруге 
кӛмектеседі. 
г) ғылымдағы теминдер мен ұғымдарды айқындауға, байытуды, 
жүйелерді қамтамасыз етеді. 
д) ғылыми танымдық объективті фактілер мен логикалық-
аналитикалық құрадарына сүйенетін ғылыми ақпараттар жүйесін 
жасайды. 
«Әдіснама» ұғымының ғылымдағы қызметін анықтайтын бұл 
белгілері келесі қорытындыны жасауға мүмкіндік береді: 
педагогиканың әдіснамасы – зерттеудің мақсатын, мазмұнын, 
әдістерін 
тұжырымдамалық 
мазмұндауды, 
педагогикалық 
процестер мен құбылыстар жӛнінде барынша объективті, дәл, 
жүйеленген ақпараттар алуды қамтамасыз етеді. 
Әдіснаманың бұл анықтамалары бір-біріне қарама-қайшы 
келмейді. Олар әдіснамалық рефлексия аймағының бірқалыпты 
даму процесін кӛрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды, педагогика 
ғылымының әдіснамасын педагогикалық таным мен шындықты 
түрлендіру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде 
қарастыруға болады. 
Әдіснама негізінен, реттеушілік, нормативтік қызмет атқарады. 
Оның міндеті де осында. Бірақ әдіснамалық білімдер дескриптивтік 
(сипаттамалық), немесе прескрептивтік (нормативтік) формада, 
яғни, алдын ала жазу, әрекетке тікелей нұсқау түрінде де берілуі 
мүмкін. 
Дескриптивтік әдіснама ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми 
танымның заңдылықтары туралы ілім ретінде зерттеу процесінде 
бағдар ретінде қызмет атқарады, ал прескрептивтік әрекетті 
реттеуге бағытталады. Нормативтік әдіснамалық талдауда ғылыми 


15 
әрекетті жүзеге асырудағы жағымды ұсыныстар мен ережелерді 
жасаумен байланысты құрылымдық міндеттер басымырақ болады. 
Дескриптивтік талдау ғылыми танымның бұған дейін жүзеге 
асырылған процестерді сипаттаумен байланысты болады. 
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымында: философиялық, 
жалпығылыми, нақты-ғылыми және технологиялық деп тӛрт 
деңгейді бӛліп кӛрсетеді. Әдіснаманың жоғары, 
философиялық 
деңгейінің
мазмұнын танымның жалпы принциптері мен ғылымның 
тұтастай категориялдық құрылымы құрайды. Философиялық 
білімдердің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады. 
Екінші деңгей – 
жалпы ғылыми деңгей
– ғылыми пәндерге 
қолданылатын теориялық тұжырымдамалардан тұрады. 
Үшінші деңгейі – 
нақты ғылыми
 
әдіснама, ғылыми білімге 
кіретін эмпирикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін іс-
шаралар, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. 
Әдіснама ең алдымен ғылыми танымның әдіснамасы, яғни 
ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, 
құрылымы жайындағы ілім. Ғылымның әдіснамасы ғылыми 
зерттеудің компоненттеріне (объектісі, талдау пәні, міндеті, 
құралдар жиынтығы) сипаттама береді. Осылайша, ғылымның 
әдіснамасы 
– таным және ондағы ӛзгерістердің теориялық 
жиынтығы. 
Әдіснамалық білімнің 4 құрылымдық деңгейі бар. Олар: 
-
философиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет