Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет18/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

аппаратынан
басталады. 
Ҧғым –
бұл таным процесіндегі шындық 
ӛмірдің бейнесі. Ғылымда ұғым ақиқат іс-әрекетті ұғыну мен 
эмпирикалық тәжірибенің нәтижесі, ғылымның негізгі бӛлімі 
ретінде қалыптасады.
Кез келген ғылымның дамуы барысында ұғым бірігіп, іріленіп 
және ғылым категориясына қайта жасақталып, олар ӛз ретінде 
жалпы іргелі «тектік» ұғымын бейнелейді. Сол ғылымда 
зерделенетін басқа да ұғымдар пайда болады. 
Қазіргі педагогикалық ғылым адамзат дамуының байланыс 
кезеңдерін бейнелейді. Бұл дамудың нәтижесі қоғамдық-тарихи 
тәжірибе болып және жасұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінде
жинақталып педагогикалық ұғым формасында болады. Сонымен 
қатар, педагогика - бұл нақты мәдениет екенін естен шығармау 
керек. Бұл мәдениетке ену, яғни болып жатқанды түсіну және 
тиімді қатысу тек ұғымдар жүйесін меңгерген кезде ғана мүмкін. 
Сонымен қатар, әр ғылымның ұғымдық жүйесі басқа ғылымның 
ұғымдарымен байланысты. Педагогиканың ұғымдық жүйесі 
философиямен, 
психологиямен, 
әлеуметтанумен 
басқа 
да 
ғылымдармен тығыз байланысты. 
Педагогиканың нақты зерттеу пәніне бағыттала дамыған негізгі 
категорияларға негізделген ӛзінің ұғымдық аппараты бар. 


43 
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуында үш негізгі іргелі 
категория анықталады:
 білім беру, оқыту,
тәрбие.
Білім беру
- оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім 
беру, ең алдымен,- әлеуметтік құбылыс - мемлекеттің, қоғамның, 
тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.
Білім беру дегенде біз танымдық білім мен тәжірибенің адамзат 
жинақтаған тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиенің ғылыми 
жүйесін 
және 
мәдени 
құндылықтарды, 
шығармашылық 
қабілеттерді, қағамдық ӛмірге, еңбекке дайындығын белгілейміз. 
Білім беру ұғымына барлық әлеуметтік тәжірибенің элементі енеді.
Оқыту 
-
сабақ беру мен оқудың екі жақты процессі. 
Сабақ беру
– бұл танымдық процестердің қасиетін, біліктілігін, білімін беру. 
Оқу -
бұл оқушының ӛз іс-әрекеті арқылы тәжірибені қабылдауы , 
меңгеруі, қолдануы . Осыдан, 
оқыту -
бұл оқытушы мен оқушының 
ӛзара қарым-қатынасы арқылы білім, білік және тәжірибені 
меңгеруі. 
Оқыту –
сабақ беру мен оқудың біріктірілген тұтас 
органикалық категориясы. Оқыту нәтижесінде адам жүйелі ғылыми 
білімді, фактіні, заңды меңгеріп, ӛз кӛзқарасы, ақыл-ойы 
шығармашылық қабілеті қалыптасады.
Тәрбие
 
жалпы категория ретінде тарихи және мәдени 
тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі болып табылады. Тәрбие 
– бұл қоғам талабына сай адам дамуын оның кӛзқарасын, 
органикалық, ақыл-ой және құлықтық қасиетін тұлға ретінде 
қалыптастыру. Тәрбие

тарихи түсінік. Тәрбиеші алдына тұлғаны 
табысты қалыптастыру міндетін қойған кезде мемлекет жүйелі 
және бірізді тәрбиелеу жүйесін жетілдіріп отырады. Бұл қоғам 
дамуының және ӛмір сүруінің негізгі құралы. Тәрбиеде даму 
заңдылықтары, тәрбиенің басқа ғылымдармен әлеуметтік-
экономикалыпен, саясатпен және мәдениетпен байланыстары 
кӛрсетілген.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде қоғам ӛмірінің ажырамас 
бӛлігі ретінде бүкіл қоғамдық күштерді: жанұя, тәрбие және оқыту 
мекемелері, бұқаралық ақпараттарды біріктіреді. Бұл мемлекеттің 
әлеуметтік тапсырысы ретінде нақты мақсатты және міндетті 
шешуге арналған идеал мен құндылықтарды анықтайды. Тәрбиенің 
негізгі ӛлшеміне тұлғаның қасиеті мен сапасының сәйкестігі 
жатады.
Қазақстандағы қазіргі демократиялық қоғам талабына сәйкес 
тұлға дамуының түрлі қоғамдық қарым-қатынастарын жүзеге 


44 
асыруға нақты база қалыптастырылған. Сонымен, «білім беру -
оқыту- тәрбиелеу» диалектикалық жүйесі тұлғаның қабілеті мен 
күшінің дамуына бағытталған. Тәрбиелеу, оқыту және білім 
берудің бірігуінің бастауы педагогикалық процесс болып 
табылады. 
Педагогикалық процесс –
бұл арнайы ұйымдастырылған, білім 
алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның 
психологиялық, 
денелік 
дамуымен 
мақсатты 
бағытталған
педагогтар мен білім алушылардың ӛзара іс-әрекеті.Оның негізінде 
педагогикалық іс-әрекет бірлігі ретінде және белсенді қабылдау 
мен меңгеру білім алушылардың ӛз белсенділігінің нәтижесінде 
мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасының ӛзгерісі жатыр. 
«Педагогикалық процестің» синонимі ретінде кӛбіне «оқу-тәрбие 
процесі», «білім беру процесі» қолданылады. 
Педагогика 
ғылымы 
барлық 
ғылымдармен 
байланысты:философиямен, 
анатомиямен, 
физиологиямен, 
психологиямен, биологиямен, кибернетикамен тығыз байланысты. 
Сондықтан, педагогикада пәнаралық түсініктері – 
тҧлға, іс-әрекет, 
даму, қалыптастыру, қарым-қатынас
жиі қолданылады. 
Тҧлға
 
– әлеуметтік адам, қарым-қатынас ӛнімі. Адам ӛмірге 
тұлға болып келмейді, ӛмір барысында тұлға болып қалыптасады. 
Тҧлға – бҧл нақты жеке және әлеуметтік-психологиялық 
ерекшеліктері бар және ӛз кӛзқарасы мен қоршаған ортаға 
қарым-қатынасы қалыптасқан адам. 
Іс-әрекет-
адам 
қажеттілігімен 
қызығушылығын 
қанағаттандыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағыттталған іс 
-әрекет жиынтығы. 
Даму


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет