Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет2/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
 



КІРІСПЕ 
Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне біртіндеп 
кірігуі жүзеге асырылуда, бұл ӛз кезегінде жоғары білім беру 
жүйесін реформалаудың түйінді бағыттарын нақтылауды қажет 
етіп отыр. Тез ӛзгеретін технологиялар заманында оның басты 
ұстанымы «ӛмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби және 
ғылыми дайындығы, ӛз бетінше іздене білуі және ӛзін-ӛзі 
жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет».
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім 
беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – 
білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың 
тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз 
ету арқылы адам капиталын дамыту деп кӛрсетілген.
Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең ӛзекті 
мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие 
бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бұл жоғары оқу 
орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің 
тәжірибелерін игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Осы 
ретте еліміздегі жоғары оқу орындарының бағдарламалары белгілі 
дәрежеде халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, жоғары білім 
берудің мемлекеттік стандарттары оқытудың кредиттік жүйесіне 
бағытталып жасалынуда. 
Қазіргі таңда білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі 
құзыреттіліктерді қалыптастыруды кӛздейді. Осы негізде жоғары 
оқу орнында білім беруде болашақ педагогтардың кәсіби 
құзыреттіліктерін педагогикалық пәндерді оқыту барысында 
қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі талабы болып табылады.
1.
Болашақ 
мамандарды 
психологиялық-педагогикалық 
даярлау жүйесінде «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні 
ерекше орын алады. Бұл пән арқылы студенттер теория 
мен 
тәжірибенің 
бірлігін, 
оқытушы 
мен 
білімалушылардың іс-әрекетін, педагогикалық қызметтің 
мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін 
меңгереді. Сонымен қатар, педагогиканы оқытудағы 
технологияларды,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет