Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет28/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Білім беру мазмҧнын қалыптастыру принциптері
нің ішіндегі 
негізгілеріне тӛмендегілер жатады: 

ғылыми, 
әлеуметтік 
және 
мәдени 
дамудың 
соңғы 
жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен кӛрініс табатын 
ғылымилығы


әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және 
содан туындайтынын кӛрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан 
тұратын 
бірізділік


тарихилық,
яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да 
болмасын білім салаларының, даму тарихының оқылатын 
мәселелер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен кӛрініс 
табуы; 

жҥйелілік,
яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын 
біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және ӛзара 
кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының 
жүйесінде қарастыру. 

білімнің шынайылығын практикада бекітудің әмбебап құралы 
ретінде және берілген білім мен қалыптасқан біліктіліктердің 
әсерін тексеру тәсілі ретінде 
ӛмірмен байланыстылық 
принципі; 

меңгеруге берілетін білім, біліктіліктердің қандай да 
болмасын жүйелерінің 
білім алушылардың дайындық деңгейіне 
және жас ерекшелік мҥмкіндіктеріне сәйкестігі
; егер материал 


65 
тым жеңіл болса, онда білімде, танымдық процесстер де ӛте баяу, 
мүмкіндіктеріне сәйкеспей дамиды. 

оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымын, 
ғылыми білімдердің оқулықтарды берілу деңгейлерін,оқылатын 
ғылыми ұғымдар мен терминдердің кірістірілу деңгейлері 
анықталатын 
тҥсініктілік
принципі.
Білім мазмҧнын қалыптастырудың ҧстанымдары: 
бүкіл 
элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына 
сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының 
бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты 
формаларында 
жалпыдан 
жекелікке 
қозғалысында 
білім 
мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық 
бірлігі.
Білім мазмұнының 
қайнар кӛзі
– материалдық және рухани 
мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып 
табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: 
білім
/олардың 
түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы 
түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды/; 
іс-
әрекеттің тәсілдерін жҥзеге асыру тәжірибес
і /оны меңгеру 
барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың 
қызметі жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту 
болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті 
қамтамасыз етіледі/, 
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі
/оның 
функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, ӛз іс-
әрекетіне, 
ӛз-ӛзіне 
деген 
эмоционалдық-қҧндылықтық 
қатынастың тәжірибесі.
Адамның және адамзаттың ақиқат шындықты тануының 
нәтижесi 
бiлiм 
болып табылады және оның ақиқатпен сәйкес келуi- 
бiлiмнiң шындығымен сипатталады. Әрбiр жаңа бiлiм, адамның 
қоршаған дүниенi тануын тереңдетедi, кеңейтедi және ақиқат 
шындыққа неғұрлым саналы қарауға мүмкiндiк бередi. Ол - рухани 
ӛнiмнiң ерекше формасы болып табылатын ғылыми

теориялық 
қызмет. Оның нәтижесi - ғылыми бiлiмнiң ерекше парадигмалық 
тұжырымдамасын құру, ал одан да жоғарырақ құрылымдық бiрлiгi 
болып табылатын адамға күнделiктi санасында берiлетiн дүние 
бейнесiнен ӛзгеше және дәуiрдiң ең мәндi жаратылыс-ғылыми 
кӛзқарастарын бiрiктiретiн - дүниенiң ғылыми бейнесi.
«Білім» педагогикада кең және тар мағынада қарастырылады. 
Қандай да бір адамның терең білімі бар екендігі туралы айтқанда, 


66 
теориялық және тәжірибелік білім мен оларды қолдана білу 
іскерліктерінің кешені жӛнінде сӛз болады. Ал, қандай да бір жеке 
пәнді оқып-үйренуде оқушының меңгеретін білім қоры мен оған 
сәйкес іскерлік пен дағдылар туралы айтқанда, білім тар шеңберде 
қолданылады. Тар шеңбердегі білім - оқу материалының ұғымдық-
деректік құраушысы, оған нақты ӛзара байланысты деректер, 
теориялық материалдар, терминдер, әрекет тәсілдері туралы білім 
жатады. Бiлiм
 
- шындықты ӛзгертудiң маңызды құралы бола 
отырып, ӛсуi жағынан қазiргi уақытта кез-келген басқа жүйенiң 
ӛсуiн басып озатын, динамикалық жүйе.
«Білім беру» ұғымын зерттеуге әр түрлi кӛзқарастар 
қалыптасқан. Кейбiр ғалымдар білім беруді екi жақты үдеріс – 
сабақ беру және оқу үдерісі, яғни оқытушы мен білім алушының 
бiрлескен 
әрекетi 
ретiнде 
анықтайды. 
Ол 
оқытушының 
басшылығымен ғылыми бiлiмдер, дағдылар, iскерлiктердiң белгiлi 
бiр жүйесiн меңгеруге бағытталған. Білім беру үдерісi бiлiм, 
iскерлiк және дағды жүйесiн саналы, берiк меңгеруге бағытталған 
және педагог кӛмегiмен басқарылатын білім алушылардың дәйектi 
амал-әрекеттерiнiң жиынтығын бередi. Оның барысында танымдық 
күштерi дамиды, ақыл- ой және дене еңбегi мәдениетiнiң 
элементтерiн игередi. Оқытушы мен білім алушының, әлеуметтiк 
тәжiрибе мазмұнының қандай да бiр бӛлiгiн білім алушының 
меңгеруi мақсатындағы ӛзара әсерлесуi.
Жалпы білім берудің келесі 
мазмҧндық қырларын
бӛліп 
кӛрсетуге болады:
-
білім беру қҧндылық ретінде; 
-
білім беру әлеуметтік- мәдени қҧбылыс ретінде, 
-
білім беру жҥйе ретінде; 
-
білім беру ҥрдіс және нәтиже ретінде.
Адам - қоғамның ең жоғары қҧндылығы және қоғамдық 
дамудың мақсаты
ретінде алынады. Құндылықтар (ӛмір, 
денсаулық, махаббат, білім, еңбек ету, бейбітшік, әдемілік, 
шығармашылық) адамдарды қай кезеңде де алаңдатты және олар 
тұрақты. Жалпы адамзаттық құндылықтар мазмұны гуманистік 
бастамалар, адам тұлғасының ӛзіндік құндылығын бекіту, оның 
құқығын, еркіндігін құрметтеуді қоғамдық ӛмірге сырттан енгізуге 
болмайды. Оны кейін қалдыруға да болмайды. Әлеуметтік даму 
процесі, осы бастамалардың даму процесі.


67 
Ал, адам 
санасындағы
құндылыққа – қоғамдық ой, мақсат, баға 
беру, түрлі нормалар жатады.
1. Жалпы адамзаттық құндылықтар: адам ӛмірі, бостандық, 
отбасы, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, 
ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет, денсаулық, заңдылық. 
2. Рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар: мәдениет, 
әдебиет, тарих, тіл, дін, діл, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдет-
ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, 
Жер т.б. 
Сондықтан, педагогика «құндылық» ұғымын адамның жан-
жақты жетілуіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы қасиеттердің 
жиынтығын 
құрайтын 
педагогикалық 
категория 
ретінде 
қарастырады. Себебі, тәрбие қызметі ең маңызды, ең қажетті 
сапаларды тұлға бойында қалыптастыруды кӛздейді. Құндылықтың 
адам үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ұғыну үшін оның мәнін 
жан-жақты деңгейде қарастыру қажет.
Білім беру әлеуметтік- мәдени қҧбылыс ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет