Теория мен практиканың байланыс принципі.
Бұл принцип
классикалық философияның ӛмір, тәжірибе таным кӛзі деген
ережесіне сүйенеді. Ӛмір және практика білім алушыларға дұрыс
бағыт береді, белсенді іс-әрекетке ӛзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке
тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың ӛмірмен, теорияның
тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-
тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне,
еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, білім
алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Шарттары:
мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін
қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Білім алушы оқу
тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту; «Білім - ӛмір»
байланысы, ӛмірден алынған мысалдарды талдау. Ӛлкетіну
мәліметтерін
қолдану;
білім
алушыларға
қазіргі
жаңа
технологиялар, ӛндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері
туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру; білім алушыларды ӛз
білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған ӛмірден
білім алып, оны қолдану; білім алушының әрбір сабақта ӛз
жұмысының маңызын түсінуі. мектептің ӛндіріспен байланысын
қолдану. «Оқу пәні ӛндіріс» байланысына бағыт беру, бақылау;
білім алушылармен бірге ӛмірден алынған есептер мен
жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін ӛмірден алынған
мәліметтермен толықтыру; аймақтың сұранысына қарай кәсіптік
бағдар беру жұмысын жүргізу; Мәселелік-ізденіс, зерттеу
жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты
құралы; еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, Педагогтің еңбектегі
үлгі-ӛнегесі; қоғамдық пайдалы және ӛнімді еңбекті білім
алушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыруу,
сұрақтар қою, кӛп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру;
қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай
жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудың ӛмірмен
байланысын жүзеге асырудық маңызды жолдарының бірі; еңбекті
ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу; білім алушылардың
бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру; білім
алушыларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып
жұмыс істеуге баулу; білім алушылардың бастамашылығын
мақұлдау, егер мүмкіндік болса «Жас ӛнертапқыштар» сайысын
91
ӛткізу; әр білім алушыны оған ұнайтын ғылым, техника, ӛнер
салаларынан ӛз бетімен білім алуға ынталандыру; ақыл-ой, іс-
әрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе
арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
Кӛрнекілік принципі.
Бұл ертеден қолданылып келе жатқан
принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім
мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең
сезімталы - кӛру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар
білім алушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте
сақтау кӛрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
білім алушылардың ақыл-ой жұмысы үшін
формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
оқытудың алтын ережесі: кӛрініп тұрғандарды кӛрсету, еститінді
естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып кӛретінді дәмін таттыру;
кӛрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; білім алушы
ұғымдар және абстрактілік принциптерді түсіну үшін нақты
фактілер, мысалдар келтіру; кӛрнекілікті мәселелі жағдаяттар
туындату үшін қолдану; кӛрнекі құралдық оқылатын зат және
құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға кӛмектесуі; білім
алушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін,
салдарын анықтату; кӛрнекілікті білім алушылармен бірге алдымен
түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы
бір рет толық қарап шығу; кӛрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң
кӛп кӛрнекілік қолданбау, ӛйткені білім алушылардың назары басқа
жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады; кӛрнекілікті қолданып
білім алушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге
сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау; білім алушылармен бірге
кӛрнекілік
жасау,
білім
алушылардың
ӛздері
жасаған
кӛрнекіліктердің де әсері мол; қазіргі кӛрнекі құралдарды, атап
айтсақ:
оқу
теледидарларын,
бейнежазбілім
алушырды,
кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып,
техникалық құралдармен жұмыс істей білу; кӛрнекі құралдарды
қолданып білім алушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой
мәдениетін, жобілім алушый білуін, оқуға деген қызығушылығын
тәрбиелеу; кӛрнекілік арқылы ӛмірмен байланыс орнату; білім
алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ кӛрнекілікті
азайтып, таңбалық кӛрнекіліктерді қолдану; нақты заттар мен
құбылыстарды кӛрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың
кӛрнекі құралдарды қолдану.
92
Кӛрнекілік тҥрлері:
- табиғи кӛрнекілік
білім алушыларды нақты объектілермен
(ӛсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды
талап етеді;
- эксперименттік кӛрнекілік
арқылы білім алушылар химиядан,
физикадан тәжірибелер жасайды;
- суретті кӛрнекіліктің
мақсаты - нақты дүниенің бейнесін
кӛрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау
кинофильмдер);
Достарыңызбен бөлісу: |