Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


І. ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ



Pdf көрінісі
бет4/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

І. ПЕДАГОГИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ 
МЕН МІНДЕТТЕРІ 
 
1. Ғылым және оқу пәні, олардың ӛзара байланыстары 
мен ерекшеліктері 
Қазiргi кезеңнiң ауқымды проблемаларының ұшталуы, адам 
проблемасын тарих, әлеуметтiк шығармашылық субъектiсi ретiнде 
алдыңғы орынға шығару және бұл үрдiстегi бiлiм берудiң рӛлiн 
түсiну педагогиканы басым бағытты ғылымдар қатарына қойып 
отыр. Ақиқат пен ғылыми-практикалық бiлiм дамуының қазiргi 
кезеңiндегi педагогиканың нысанасы мен пәнi де бiршама кеңеюде.
Ғылым күрделi динамикалық жүйе болғандықтан оның 
логикалық 
және 
танымдық 
сипаттары 
алдыңғы 
орынға 
шығарылады. Ғылымсыз әлеуметтік-экономикалық прогресс 
мүмкін емес. Қазіргі Қазақстанның даму кезеңінде білім мен 
ғылымның мықты ӛзара байланысы оның тиімділігі мен бәсекеге 
қабілеттілігін арттырудың, экономикалық ӛсуінің қозғаушы күшіне 
айналып отыр. 
Алдымен 
ғылым дегенiмiз не 
екендiгiн анықтап алуымыз қажет. 
Ғылым дегенiмiз табиғаттың, қоғамның, ойлаушы жан иесi ретiнде 
адамның мәнi, қасиеттерi, ӛзiндiк ерекшелiктерi мен даму 
процестерi жӛнiндегi бiлiмдер жүйесi болып табылады. Сол сияқты 
ғылым осы объективтiк қасиеттер мен процестердi бiлiмге, ойлау 
әрекетiне сәйкес әртүрлi формада және бағытта қолдануды 
қамтиды. Ғылымның бұл түсiнiгi объектiнiң ауқымы бойынша да 
(табиғат, қоғам, адам), әрi тереңдiгi мен оның практикада 
қолданылу бағыттары бойынша да алынады. 
«
Ғылым
» ұғымы бірнеше негізгі мағынаны білдіреді. 
Біріншіден – табиғат, қоғам, қоршаған ортаны тану турасында жаңа 
білімдерді жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласын 
түсінеміз. Екінші мағынасында - ғылым, осы әрекеттің нәтижесі - 
алған ғылыми білім жүйесі ретінде кӛрінеді. Үшіншіден - ғылым, 
қоғамдық сананың бір формасы, әлеуметтік институт. Соңғы 
мағынасында, ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғам мүшелерінің 
бір-бірімен байланысы, сонымен бірге, ғылыми ақпараттары, 
ғылымның нормалары және құндылықтары және т.б. 
Ғылым ӛзінің даму тарихында белгілі бір ерекшеліктері бар 
күрделі де, жүйелі ұйымдасқан құрылымға ие болып отыр. Ғылым 
түсінігіне әдебиеттерде түрлі анықтамалар, түсініктемелер 



берілген. Ғылым – объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды 
бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде 
құрылған білімнің жоғары түрі. Ғылым – ақиқаттағы тәжірибемен 
тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жӛнінде тарихи 
қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық 
жүйесі. Сонымен, ғылымды ерекше тану үдерісі деп айта аламыз. 
Ғылым – қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық 
жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу әрекетінің бір саласы. 
Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, 
тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде 
ғылымтану
теориясы келіп шығады. 
Ғылым туралы кӛзқарас ерекше тұтастық ретiндегi зерттеу 
процестерiн қарастырған кезде пайда болады. Зерттеу объектiсiнен 
тәуелсiз бiрiңғай принциптер мен жалпы зерттеу әдiстерiн 
iздестiру, iргелi қорыту, әдiснамалық қорытындылар жасауға 
негiзделедi. Кез-келген ғылыми фактiлердi жинау және қорыту 
арқылы алынған нәтиженi әрекет құралдары мен әдiстерiнде жүзеге 
асыру үшiн оның логикасын ашу қажет.
Ғылым ұғымы мен ғылыми зерттеу ұғымдары арасында 
байланыс қандай? Жалпы алғанда ол бiлiм мен таным арасындағы 
арақатынас сияқты. Таным дегенiмiз бiлiмдi жасау процесi 
(бiлiмнiң жасалу, пайда болу процесi). Бұл мағынада ғылым 
(science) және ғылыми зерттеу (rescareh) оны жасау процесiнен ӛнiм 
ретiнде ажыратылады және бұл екi категорияны араластыру дұрыс 
бомайды. Бұл жерде әңгiме мүлдем бӛлек екi аймақ жӛнiнде болып 
отыр, оның бiрi қызмет ету қасиетiмен ерекшелiнедi, ал екiншiсi 
жүйенiң пайдалы нәтижесi болып шығады. ғылым сонымен зерттеу 
емес, зерттеуiң нәтижесi.
Ғылыми бiлiм зерттеуге дейiнгi мақсат ретiнде алынады. 
Ғылымның теориясы ғылыми-зерттеу әрекетiнiң әдiснамасы болып 
табылады. Яғни, ғылымның философиялық теориясы – зерттеудiң 
жалпы әдiснамасы.
Ғылым - әлеуметтiк ӛмiрдiң ең динамикалық салалардың бiрi. 
Философтар қазiргi ғылымды талдай отырып, зерттеудiң арнайы 
пәнi ғылымилық құбылыс болып келетiн, классикалық тұрғыдан 
қарастыруға кӛбiрек кӛңiл бӛледi. Сонымен қатар, ғылымтану 
мәселесi ӛз алдына пәндераралық синтездi кӛрсетедi және ӛз 
мәртебесi жағынан философия, ғылым әдiснамасымен барабар. 
Ғылымтануға ғылым жӛнiндегi кешендi бiлiм деген кеңейтiлген 



мағына берiлiп отыр. Анықтамалықтар мен сӛздiктерде ғылымның 
қызметi мен даму заңдылықтарын, ғылыми әрекет құрылымы мен 
динамикасын, оның басқа әлеуметтiк институттармен ӛзара әсерiн 
зерттейтiн, сонымен қатар ―ғылым дегенiмiз не және оның белгiлерi 
қандай?» деген мәселемен айналысатын салалармен де байланысын 
кӛрсетедi. Ал, әдiснама «ғылым басқаша емес не себептi осылай 
деген мәселемен айналысады», - деп кӛрсетiледi. 
Объект және оның қолданылуы туралы бiлiмдер жүйесi ретiнде 
«ғылым» тӛтенше жалпылық ұғымға ие болады. Келтiрiлген 
анықтама жеке ғылымдарға да жалпы ғылымдарға да ортақ. 
Сондықтан, бiрден ғылымның қай объектiсi жӛнiнде сӛз 
болатындығын анықтап алу қажет. Жеке және жалпы ғылымдар 
мен қатар ғылымның жүйесiне ғылымның ӛзi туралы ғылым да 
кiредi. Ол барлық ғылымдар жӛнiндегi бiлiмдер жүйесiн бере 
отырып, олардағы жалпылық пен ерекшелiктi, тұтас алғандағы 
орнын, оларға тән даму мен қоғамға қызмет етудiң жалпылығы 
арқылы байланыстырылатын жалпы логикасы жӛнiнде тұтасымен 
алынады. 
Қазiргi ғылым ӛте күрделi ұйымдасқан, пәндiк ерекшелiгi 
тұрғысынан қарасақ, оның кӛп салалы пәндерi ғылым кешенiн 
құрайды, 
яғни 
ол 
жарытылыс, 
қоғамдық, 
техникалық, 
гуманитарлық, антропологиялық ғылымдар саласына бiрiгедi.
Ғылымда адам дүниені идеалдылығы жағынан игереді. 
Ғылымның түпкілікті мақсаты қандай да бір нақтылықтың мәні 
туралы білу, яғни нақты білімге жету болғандықтан абстрактілік 
ойлаудан таным теориясына ӛту болып табылады. Ғылым ұдайы 
қайталанып отыратын адамзат практикасына сүйенеді, оның 
белгіленген әдістері мен формалары күнделікті тұрмыстағы 
эмпирикалық білімге, сондай-ақ ғылым пайда болғанға дейінгі 
білімге тән әдістер мен формалардан ӛзгеше. Ғылым ӛзінің зерттеу 
сипатына, әрбір ғылымның ӛзіндік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі 
салаларға байланысты жіктеліп отырады (педагогика ғылымы, 
психология ғылымы, философия, әлеуметтану, математика, тарих, 
жаратылыстану, және т.с.с). Мұны ғылымдар классификациясы, 
яғни ғылымдардың жіктелуі деп айтады. Мысалы, Әл-Фараби 
қандай ғылым болсада, ол - адам санасына дербес ерекше мәндерді 
ұғыну арқылы ұялайтыны туралы айтып, ӛзінің «Ғылымдар 
классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды ол тӛмендегіше 
жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның 



тараулары; 3) математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, 
математикалық астрономия, музыка, статистика, амал-әрекет 
жӛніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның 
тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.
Ғылым дамуының заңдылықтырына, сипатына қарай ғылым 
логикасы саласының ӛзіндік ерекшелігі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет