Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет47/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Ауызша қадағалау
– білім алушыларға ауызекі сұрақ қоюмен 
орындалады. Ол шәкірттердің білім, ептілік және дағдылар 
деңгейін айқындауға, сонымен бірге білім алушының материалды 
баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен 
тӛңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін 
байқауға, ӛз пікірін білдіру мен дәйектеу және қателікті 
кӛзқарастарға қарсы тұрып, дәлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Жазбаша қадағалау
– жазба бақылау тапсырмаларын 
(жаттығулар, бақылау жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар 
бойынша есеп беру ж. т. б.) орындау формасында жүргізіледі. 
Мұндай қадағалау әдісі барлық білім алушылар білімін бір уақытта 
тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары кӛзден 
ӛткізіліп, бағалау кӛп уақытты талап етеді.
Тәжірибелік қадағалау
– оқу, тұрмыс және ӛндірістік ептілік, 
дағдылардың қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының 
орнығуын анықтауда пайдаланылады.
Ақпараттық 
технологиялардың 
дамуымен 
компьютерлі 
қадағалау ӛркен жаюда. Мұндай машынды қадағалау оқытушының 
да, білім алушының да уақытын үнемдеуге кӛп кӛмегін тигізеді. 
Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін ӛлшестіру мен 
бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу 
нәтижелерін статистикалық талдау мен ӛңдеу ӛте жеңіл. Білім 
бағалаудағы педагог субьективизміне машина шек қояды.
Машина арқылы қадағалау қолданумен ӛзіндік қадағалауды да 
оңтайлы ұйымдастыруға болады, дегенмен ӛзіндік қадағалауды 
қарапайым жолмен де ӛткізу мүмкін. Бірақ бұл үшін білім 
алушыларды ӛз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық 
міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, 
түзеу және реттеуге үйрету қажет.


113 
Әртүрлі қадағалау әдістерінің бірге қолданылуы аралас 
(тығыздалған) қадағалау деп аталады. Әдетте, мұндай тексеру 
ауызша және жазба сауалнамалар беру түрінде ӛтеді. 
Оқу процесіндегі қадағалауларға тӛмендегідей 
педагогикалық 
талаптар
қойылады: 
– қадағалаудың даралықты сипаты. Әр білім алушы жұмысы, 
оның жеке оқу іс-әрекеттері ӛз алдына қадағаланады. Бір шәкірттің 
оқуындағы нәтижелерді ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен 
не керісінше алмастыруға болмайды;

жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде 
үздіксіз, ретімен ӛтіп тұруы;

қадағалау формаларының әртүрлігі. Осыдан қадағалаудың 
оқыту-үйрету, дамыту және тәрбиелеу қызметтері қамтамасыз 
етіледі;

қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау білім алушының 
теориялық білімдерін, ақыл-ой парасаттылығын, тәжірибелік 
ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді;

қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив және 
қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;

жекелестірілген бағыт-бағдар. Білім алушылардың жеке-дара 
тұлғалық сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс; 

педагог тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.
Соңғы кездері тестік қадағалау кӛптеп қолданылуда. Мұндай 
тексерудің негізгі құралы – тест тапсырмалары. Ӛлшестіру, 
анықтау нысаны тұрғысынан педагогикалық, психологиялық, 
әлеуметтік-психологиялық, мәдени-эстетикалық таным тестері 
ажыралады.
Оқу іс-әрекеттерінің нәтижелерін бағалау білім алушылардың 
оқу-танымдық жұмыстарын қадағалау нәтижесі сол жұмыстарды 
бағалаудан кӛрінеді. Бағалау – білім, ептілік және дағдылардың 
игерілу дәрежесін анықтау.
Бағалау қызметтерінің сандық кӛрсеткіші – баға, яғни баға 
білім алушылардың білім, ептілік, дағдылар дәрежесінің шартты 
сан не ұпаймен белгіленуі.
Оқу нәтижесі тек баға емес, басқа да жолдармен анықталуы 
мүмкін. Мысалы, ол ауызекі қолдау не қолдамау, алғыс жариялау, 
мақтау парағы не медальдармен мадақтау және т.б.
Білім бағалауда шынайылылық, білім сапасын анықтаудағы 
бірыңғай талап үлкен маңызға ие. Себебі, білімдік баға білім 


114 
алушыға ықпал жасаудың ӛте нәзік құралы. Кӛтеріңкі баға шәкіртті 
қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге оның жұмысқа болған 
немқұрайлылығын да пайда етеді. Әсіресе, болымсыз бағаның әсері 
күшті: ол білім алушының оқуға деген ықыласын арттыруы да не 
тіпті оқудан бас тартуға ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да, 
кейінгі жылдары бағалау, баға қою мәселесі үлкен пікір талас 
туғызып отыр. Педагогтардың бір тобы сыныптан сыныпқа білім 
алушыны білім сапасына қарамастан ӛткізуді ұсынуда. Осыған 
байланысты еліміздегі бағалау проблемасының әр кезеңдегі жайы 
ӛз алдына қызықты.
1917 жылға дейін білім алушылар білімі балдық жүйеде 
бағаланды. Баға нӛлден беске дейінгі алты балдық жүйеде 
қойылды. Кейін нӛлдік баға жойылып, бес балдық жүйе 
қабылданды. Оқу нәтижесін балл бойынша бағалау әрқилы 
кӛзқарастар туындатты. 1917 жылдан соң тіпті оқу жүйесінде 
бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды. Кеңестік еңбек 
мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс-әрекеттері шәкірттің 
қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық 
сипатына негізделуі тиіс болды.
Дәстүрлі келе жатқан білім алушыларды баға жәрдемімен 
тәртіпке шақыру әдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918 жылы 
Кеңестік ӛкімет жарлығымен білім алушы білімі мен тәртібін 
балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылды, 
сыныптан сыныпқа ӛткізу, куәліктер беру білім алушылар білімі 
жӛніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын 
болды. 
Емтихан түрлерінің: қабылдау, ауыстыру, бітірту – қай-қайсы 
да жүргізілмейтін болды. Сабақ барысындағы білім алушыны жеке-
дара тексеру де орынсыз деп табылды. Ӛте қажетті жағдайларда 
жалпылама сынақтау сипатындағы ауызша сұрақтар мен жазба 
жұмыстарды ғана ӛткізуге рұқсат берілетін болды. Білім 
алушылармен ӛтілген тақырыптар бойынша мерзімді әңгіме-
сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша 
баяндарын тыңдау ұсынылды. Білім алушылардың жеке 
таңдауымен ӛз бетінше орындаған жұмыстары дәріптелді. Дәстүрлі 
қадағалау жүйесі ӛзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке білім 
алушы табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. 
Ӛзіндік бағалауда тестік қадағалау формасы жаппай қолданылды.


115 
Бағасыз оқу бір жағынан тиімді де болды, себебі білім 
алушылардың біршамасында дербес, ӛз бетінше оқу қабілеттерін 
дамытты. Дегенмен, мұндай оқу кӛпшілік жағдайларда білім 
алушылар білімінің, тәртібінің құлдырауына алып келді. Білім 
алушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын 
тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Сондықтан да, 
алғашқыда қадағалаудың әрқилы формалары біртіндеп енгізіліп, ал 
1932 жылдан жеке білім алушының білімі оның даралықты 
ерекшеліктерін ескерумен жүйелі бағалау принципі негізінде 
орындалатын болды.
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сӛздік (вербалды) 
баға: «ӛте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман», «ӛте 
жаман» – енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 
жылдың қаңтарынан білім алушы білімі мен тәртібін бағалаудың 
сӛздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жӛнінде шешім 
қабылданды.
Реттелген тәртіпте білім есебін жүйелі жүргізу ӛзін ақтады, 
білім алушылардың оқу дайындығы мен мінез құлық сапасынан 
кӛтерілуіне ұнамды себін тигізді.
Оқу іс-әрекеттерінің нәтижесін балл жүйесінде бағалау 
кӛптеген кемшіліктеріне қарамастан ӛз білім алушымасын таппай 
отыр. Дегенмен, педагог ғалымдардың кӛбі сауаттылық дәрежесін 
бағалаудың мұндай жүйесіне қарсы. Олардың дәйегі: 
– білімділік іс-жүзінде үш балдық жүйеде бағаланады (―1‖, ―2‖ 
бағалары білімсіздік кӛрсеткіштері).
– білімділікті бағалаудың шынайылығы кем (―5‖, ―4‖, ―3‖ 
бағалары гимназиялық сыныптарға да, дарынды білім алушылар 
топтарында да, ақыл-есі кем білім алушылар оқуында да бірдей тең 
қойылады. Ал аталған оқу түрлеріндегі білім игеру нәтижесіне 
қойылған талаптар әрқилы болатындықтан бағалардың мәні 
біркелкілігін жояды).
– білім алушылар білімін бағалауда үш балдық ӛлшем 
жеткіліксіз (сондықтан да оқытушылар қосымша ӛлшемдер 
қолданып жүр: балл жанына ―плюс‖ не ―минус‖ белгілерін 
қояды).Ғалымдар он балдық, он екі балдық тіпті жүз балдық та 
бағалау жүйелерін ұсынуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет