114
Протеомика
ғылымының
дамуы
генетикалық
материалдармен
манипуляциялар жасаудан өзгешелеу болып келетін, ақуыздармен
осындай
жұмыстар жасау мүмкіндігіне қол жеткізді. Кейбір аурулар аномальді ақуыздардың
жиналуы нəтижесінде пайда болады. Ғалымдар қазір кемшілігі бар ақуыздарды
дұрыс жұмыс істету амалдарын немесе “жаман” ақуыздардың
өздерінің
мақсаттарына жете алмауын қамтамасыз ететін əдістерді табу бағытында жұмыс
жүргізіп жатыр.
Терапиялық мəні бар ақуыздардың жаңа
бағыты аптамер деп аталатын
кішкентай молекулалармен тығыз байланысты.
Аптамерлер
– ағзада тұрақты түрде сақталатын жəне спецификалық нысана –
ақуыздарымен
тіркесе
байланысқан, өз
ретімен
орналасқан
бірнеше
нуклеотидтерден ғана тұратын бір үзікті (цепті) кішкене олигонуклеотидтер. Бұл
молекулалар моноклональді антиденелер сияқты өзіндік (спецификалық) болуы
себепті, иммундық жауап реакциясын қоздырмайды.
Аптамерлерді медицинада қолданудың көптеген мүмкіндіктері зерттелуде.
Мысал ретінде OSI Eyetech компаниясы жасап жатқан қартайған ағзадағы сары
дененің дегенгерациясы нəтижесінде қалыптасатын “сулы” формадағы
ауруды
емдейтін Macugen дəрмегін айтуға болады.
Сонымен бірге шпигельмерлердің табылуы да үлкен талпыныс тудырады.
Шпигельмерлер
– қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ
кішкетай L-формалы көшірмесі деп айтуға болады. Қалыпты D-формалы
аптамерлер бүйректерде тез ыдырайды. Дəл сондай L-формалары рецепторлармен
танылмай
қалуы себепті, олардың ағзадаға өмір сүру мезгілдері айтарлықтай
ұзарады. Егерде аптамерлердің спецификалық əрекеті мен қысқа өмір сүру
мəселелерін
шешетін болсақ, оларды моноклональді антидене ретінде көптеген
ауруларды емдеу мақсатында пайдалануға болар еді жəне бұл арзанға түседі.
Достарыңызбен бөлісу: