Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет152/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Ұрықтану сəйкессіздігі
(ағ. fertilization incompatibility) – будандастыруға
алынған жұптар арасында ұрықтану үдерісінің жүрмеуі. Оның бірнеше себептері
болады.
Ұрықтанудан кейінгі сəйкессіздігі
( ағ. post fertilization incompatibility) –
ұрықтанудан кейінгі будан ұрықпен оны қоршап тұрған ұлпалардың генетикалық
сəйкессіздігі, оны ұрық дамуының барлық кезеңдерінде байқауға болады.
Ұрықты өсіру
( ағ. embrio culture) – толық жетілген жəне жетілмеген
ұрықтарды оқшаулап, залалсыздандырылған қоректік ортада өсіру.
Ф


268
Фенотип
(гр. phaino – жариялаймын, typos - із, таңба, үлгі, қалып) –
организмнің сыртқы жəне ішкі белгілерінің жиынтығы. Сыртқы белгілердің
анықталуы генотиптегі бар жеке бір гендерге сəйкес болады, ол генотиптің жəне
орта факторларының өзара əрекеттесуінің нəтижесінде қалыптасады.
Фермент
– катализатор қызметін атқаратын ақуыздардың ерекше түрі.
Фитоволитализация
– топырақтағы 
буланып 
ұшатын 
заттарды
экстракциялау мақсатында арнайы өсімдіктерді пайдалану.
Фитодеградация
– органикалық ластаушы заттарды ыдырату мақсатында,
өсімдіктер мен арнайы іріктелініп алынған микроорганизмдер штаммдарын
пайдалану.
Фиторемидиация
– қоршаған ортаны тазалау мақсатында өсімдіктердің
бойында ауыр металдарды тұтып қалу қабілетінің пайдаланылуы.
Фитостабилизация
– арнайы өсімдіктерді пайдалану арқылы ластаушы
заттарды мейлінше қол жетпейтін дəрежеге (малодоступный) өткізу.
Фитофильтрация
– топырақ суы құрамынан ауыр металдардың ертінділерін
сорып алу мақсатында өсімдік тамырын (ризофильтрация) жəне өскіндерді
(бластофильтрация) пайдалану.
Фитоэкстракция
– металдарды жердің үстіндегі бөліктеріне (жапырақ, сабақ)
жинау қабілетіне ие өсімдіктерді пайдалану арқылы, топырақтың құрамындағы улы
заттардан тазарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет