Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Фолликула – ооциттің дамуын қамтамасыз ететін, аналық жұмыртқасының денелік (сомалық) жасушасы. Фолликулярлық фаза



Pdf көрінісі
бет153/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Фолликула
– ооциттің дамуын қамтамасыз ететін, аналық жұмыртқасының
денелік (сомалық) жасушасы.
Фолликулярлық фаза
– фолликулалардың өсіп-дамуын қамтамасыз ететін,
ФСГ гормонының (фолликула стимульдеуші гормоны) белсенді қызмет ететін
кезеңі.
Фотолиз
– жарық 
энергиясының 
көмегімен 
жасыл 
өсімдіктер
хлоропластарындағы сутегі молекуласының ыдырауы.
Фотореактивация
– ультракүлгін сəулемен сəулеленген жасушалардың өмір
сүру қабілетінің жарықтың əсерінен қайта қалпына келуі.
Фюзоген
( ағ. fusion - қосылу) – протопластардың қосылуына ықпал ететін зат
(полиэтиленгликоль).
Х
Хайуандарды операцияға дайындау
– операциядан кейінгі оңалу
мүмкіндіктерін неғұрлым арттыру мақсатында жүргізілетін дайындық жұмыстары.
Хайуандардың жыныстық жетілуі
– еркек малдың ұрықтандыру, ал ұрғашы
малдардың ұрықтануға қабілеттілігі, яғни хайуандардың жыныстық жағынан
жетілген мерзімдері.
Химерлер
– бірнеше хайуандар эмбриондарының бластомерлері ағзасына
ендірілген жануарлар.
Хромосома
(chroma – түс, бояу, soma - дене) – жасуша мен вирустың гендер
жиынтығынан тұратын тұқым қуалаушылық материалы. Өзін-өзі құра алады,
құрылымдық жəне қызметтік дербестігі бар. Негізін ақуыздар мен (гистондар, т.б.)
қосылып нуклеопротеид түзетін үзіліссіз екі тізбекті ДНҚ молекуласы құрайды.


269
Хромосомалар сегрегациясы (
ағ. chromosome segregation
)
будан жасушалар
популяциясындағы кейбір х-хромосомалардың жойылып кетуі.
Хромосомалық мутация
– хромосомалар құрылымының өзгеруінен
туындайтын өзгерістер. Хромосомалар жасушаның бөлінуі кезінде немесе əртүрлі
физикалық жағдайлардың əсерінен өзгеріске ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет