Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет154/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Хромосомалық мутациялар
(лат. deletio – құрту, жою, inversio – төңкеру,
duplicatio - екі еселену, trans – арқылы өткізіп, location – орналастыру, transpositio -
орын ауыстыру) – хромосомалық өзгергіштік немесе аберрациялар. Оларға
жататындар:
-
делеция
– генетикалық материалдың бір бөлігінің жойылуы (бір
нуклеотидтен бірнеше гендерге дейін);
-
инверсия
– хромосома құрылымының бұзылуы, бір бөлігінде гендер 180º
айналып, кері орналасуына байланысты, хромосомалық мутацияға ұшырауы;
-
дупликация
– хромосоманың өзгеруі негізінде болатын геннің немесе
хромосома бөлігінің екі еселенуі;
-
транслокация
- бір немесе бірнеше хромосомалардың гомологтық емес
бөліктерінің алмасуы;
-
транспозиция
– хромосома бөлігінің сол хромосома ішінде, не басқа бір
хромосомаға ауысуы немесе ығысуынан болатын мутация.
Ц
Цитокинин
( гр. kytos – клетка, kynesis – қозғалу) – фитогормон, химиялық
тұрғыдан пурин туындылары, табиғи түрі зеатин, аналогтары: кинетин (6 –
фурфуриламинопурин), БАП (6 – бен зиламинопурин).
Цитоплазма
– сұйық негізді зат – гиалоплазма мен онда орналасқан ядро
жəне əртүрлі органоидтар, қосындылардан тұратын жасушалық зат.
Цитопласт
(ағ. cytoplast) – ядросы жоқ протопласт.
Ш
Шауқат флотациясы
– қозғалғыштығы жақсы сперматозоидтармен
байытылған шауқат фракциясын алуға бағытталған əдістер жиынтығы.
Шəует қабылдағыш
– қоңырау пішінді, ұш жағы пробиркаға ұқсап келген,
екі қабатты шыны əйнекшеден жасалынған ыдыс.
Шпигельмерлер
– қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ
кішкетай L- формалы көшірмесі.
Штамм
(нем. Stamm – діңгек, негіз) – жасушаларды бірінші рет жаңа қоректік
ортаға көшіріп отырғызған соң түзілген жасушалар тізбегі. Олар бірнеше жасушалар
желісінен тұрады, барлығы да алғашқы өсірілген жасушалардан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет