Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет139/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Кері мутация (реверсия)
(лат. reversio - қайту, қайтып келу) – организмнің
мутант күйінен, бірнеше мутациялардан кейін, «жабайы» (қалыпты) фенотипке
қайта келуі.
Кері транскрипция
– РНҚ молекуласында комплементарлыққа сəйкес ДНҚ
молекуласының синтезденуі.
Кетгут
– операциядан кейінгі жараны тігуге арналған, ұсақ малдың
ішектерінен жасалынуы себепті, ағзамен біте қайнасып кете алатын хирургиялық
жіп.
Клон
(гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір
жасушадан көбейген жасушалар тобы.
Клондау
(ағ. cloning) – құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ-ы
молекуласы бар, бактериялық жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары
қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір жасушаның ұрпағы деп түсіну
керек, оның барлық жасушаларының құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ
молекуласы бар.
Коваленттік байланыс
– электрондардың жалпыландырылуы, ортақ
электрондық жұптарының түзілуі
Кодон
– бір амин қышқылына сəйкес иРНҚ- ның тізбектелген үш нуклеотиді.
Компетенция
(лат. competo – тура келемін, жетемін, жараймын) –
жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, организмнің индукторлық əсерді
қабылдап алуға қабілеттілігі жəне əсер еткен факторға жауап ретінде өзінің даму
бағытын өзгертуі.


259
Комплементарлы ДНҚ
(лат. complementum – қосымша, үстеме) – ферменттер
қатысуы арқылы жасанды жолмен (қолдан) синтезделген иРНҚ-ның көшірмесі
(кДНҚ).
Комплементация генетикалық
(ағ. genetic complementation) – будан
жасушалар ішіндегі əрекеттесу негізінде, ақауы бар гендердің фукциясын өз
қалпына келтіруі.
Комплементация физиологиялық
(ағ. physiological complementation) – будан
жасушалардың белгілі бір жағдайларда көбеюге жəне морфогенезге қабілеттілігін
қалпына келтіруі, ал сондай жағдайда ата-аналық жасушалардың ондай қабілетін
көрсете алмауы; мұндай жағдайда ата-аналық жасушалардың ақаулығы қандай
болсын бір мутацияларымен байланысты емес.
Корреляция (
өсімдікке байланысты) (лат. correlation – ара қатыс, байланыс) -
өсімдік мүшелерінің үйлесімді əрекеттесуі, ол метаболиттермен (трофикалық К.)
немесе фитогормондармен (гормондық К.) реттеледі жəне жалпы өсімдік
организмінің үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет