Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Популяцияның екі есе көбею мерзімі



Pdf көрінісі
бет146/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Популяцияның екі есе көбею мерзімі
(лат. – populus – жұрт, ел) – қоректік
ортада жасушалар жиынтығының екі есе көбеюіне қажет уақыт.
Прокариоттық жасуша
(лат. – pro – ертерек, бұрын, алдында, гр. karyon -
жаңғақ) – мембранамен қоршалған, ядросы жоқ, қарапайым организмдер жасушасы
(бактериялар, көк-жасыл балдырлар)
Пролиферация
(лат. – proles – буын, ұрпақ, fero – алып жүремін) – бастапқы
бар жасушалардың көбеюі арқылы жасушалар мен ұлпалардың жаңадан пайда
болуы.
Протопласт
(гр. protos – бірінші, алғашқы, plastos – жасалған, protoplast) -
өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе
механикалық əдістермен қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Протопластарды өсіру
(ағ. protoplast culture) протопластарды сұйық қоректік
немесе агарланған қою ортада өсіру; оның құрамына қосымша компонент ретінде
осмостық активті зат (стабилизатор) кіреді; протопластардың қабығы түзілгенде
протопластарды өсіру жасушаларды өсіруге айналады.
Протопластардың құйылысуы
(ағ. protoplast fusion) екі, тіпті одан да көп
протопластардың сыртқы мембраналары қосылып, жеке бір жасушаның пайда
болуы.
Псевдогамия
(гр. pseudos – жалған, gamos - неке) – жалған ұрықтану;
ұрықтанбаған аналық жасушасынан организмнің дамуы (гиногенез).


264
Плазмагендер сегрегациясы
(ағ. plasma gene segregation) цитоплазмалық
гендердің ажырауы, мысалы: цитоплазмалық гетерозиготалардың митоздық көбею
үдерісіндегі гендердің ажырауы, бөлшектенуі.
Пипеткалар мен микропипеткалар
– 1, 2, 3, 4 жəне 5 мл аспайтын аз
көлемді сұйықтықтарды өлшеп алуға арналған арнайы түтікшелер.
Плазмида
– құрамына 10-30 мың жұп негіздер кіретін, жəне дөңгеленген ДНҚ
молекуласы өздігінен (автономды) екі еселену (репликация) қабілетіне ие,
хромосомодан тыс құрылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет