Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 - БӚЛІМ  БІЛІМДЕР ҦСЫНУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ



Pdf көрінісі
бет13/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Байланысты:
asambaev-jasandy-intellekt

4 - БӚЛІМ 
БІЛІМДЕР ҦСЫНУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
 
4.1. Логикалық модельдердің тҥрлері, жалпы ҧғымдар мен 
анықтамалар 
Жасанды интеллектің жаңа теориясында: логика, фреймдер, 
семантикалық желілер, нейрон желілер және т.б. сияқты бірнеше негізгі 
модель топтарын пайдалынады. Бүгін логикалық модель ӛзінің тәжірибелік 
нәтижесі және нақты техникалық құрылғыларға енгізу дәрежесі бойынша 
орталық орын алып отыр. Модель ӛзінен-ӛзі біртекті емес және әртүрлі 
оншақты теорияларды ӛзіне қосады (
4.1-сурет
).
4.1-сурет
. ЖИ жүйелерінде ең жиі қолданылатын логика элементтері 
Тарихи жағынан білімдер ұсынудың бірінші моделі классикалық 
(формалды) Аристотель логикасы, бұл барлық кейінгі логикалық 
теориялардың негізі деп есептеледі. 
Жасанды интеллекте «білімдер ұсынудың модельдері» туралы, ал 
логикада – «формалды теориялар» туралы айтылады, біздің жағдаймызда 
мұны бірдей деп есептеуге болады.
Модельдің кейінгі дамуы Кант (категориялар негізінде семантикалық 
талдау), Буль (логиканы «математикалау»), Фреге және Заде («айқын емес 
логика» ұғымын енгізді) сынды ғалымдар аттарымен байланысты. Соңғы он 


24 
жылдықта «классикалық емес» бағыттар (модальды логика, уақытша логика 
және т.б.) қарқынды ӛркендеп жатыр.
Қандай болса да формалды теорияның құрылысы ойшыл процестерді 
формалды түрде (яғни, формула кӛмегімен жазу) кӛрсетуге арналған. Әрине, 
осындай формуламен құрылған теңдеулер жүйесі қандай болса да әдістермен 
есептелу қажет. Есептеу нәтижелері нақты әлемдегі бейнелеумен бірдей болу 
керек. Егер (кейбір нақты әлем үшін) осындай формулаларды және 
ережелерді тұжырымдап шығара алсақ, онда тәжірибелік түрде жүзеге 
асырмай біз қандай да іс-әрекеттердің (берілген әлемдегі) салдарын алдын 
ала болжай аламыз.
Біз тек ақырғы нәтижелерді ғана интерпретациялаймыз (нақты шағын 
әлемге қарағанда, мағынасын толтырамыз). Олай болса, логикалық 
шығарудың формалды процесін машинаға тапсыруға болады. Ал адамға - 
нәтижелерді интерпретациялау және пайдасын бағалау қалады.
Формалды логикалық теорияны жасау үшін әліппені (жазу үшін 
пайдаланатың символдар кӛптігі), синтаксис ережелерін (формулаларды жазу 
ережелері), аксиоматиканы (формулалар кӛптігінің ерекше тармағы) және 
шығару ережелерді (формулалар кӛптігінде қатынастар кӛптігі) анықтау 
қажет. Шығару ережелер түрлі бастапқы деректерде логикалық 
қорытындысының дұрыстығын қамтамасыз етуімен берілу керек. Әліппе мен 
аксиоматика алынатын қорытындыларының және аралық салдарының ақылға 
қонатындығын (семантика) қамтамасыз етіп берілу керек. Сонымен, 
4.1-
суретте
кӛрсетілген логикалық теориялардың негізгі айырмашылығы - 
аксиомаларды таңдауда және шығару ережелерін анықтауда.
Онан әрі аксиоматика мен логикалық модельдердің шығару ережелерін 
қарастырамыз.
Әртүрлі микроәлемдерде модельді жүзеге асыру кезінде, түрлі 
логикалық теориялардың ӛз артықшылықтары болады. Мысалы, Аристотель 
силлогистикасының семантикасы табиғи тілге ӛте жақын, сондықтан 
формалдау 
шығарудың 
нәтижелерін 
интерпретациялауға 
оңай. 
Предикаттарды есептеу негізінде алынатын тұжырымдамалар табиғи тілдің 
семантикасымен толық сәйкес келмейді, оларды интерпретациялау қиын
бірақ бұл жағдайдағы модельдер жинақтылау және кӛзге жетерлік болады.
Айқын емес Л.Заде логикасының негізіндегі модельдер шайып кеткен 
(сирек) ұғымдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ осындай 
нәтижелерді интерпретациялауға да қиын және кейде мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет