38
Мысалы: «барлық аюлар қоңыр» - бұл үшін бір ғана ақ аюды кӛрсету
жеткілікті, яғни «аюлардың бәрі ақ емес» деген теореманы растау.
2. Теорема дәлелдеулерін түсіндіру –
пайдаланушыға барлық аралық
қорытындыларды беру. Бұл жағдайда жүйе түсіндіреді: «Мен осындай
қорытынды жасадым, ӛйткені ...». Егер 10-15 «себеп-салдар» жұптар туралы
әңгіме болса, онда машинаның жұмыс логикасын қадағалауға болады,
жұптар 20-30-дан артық болса, машинаның түсініктемесі
естен айырылған
адамның сӛздеріне ұқсай бастайды.
Сӛзсіз, логикалық модель негізінде басқа есептерді де шешуге болады,
мысалы, кейбір бастамадан барлық мүмкін болатын (дұрысын да, дұрыс
еместерін де және саналы еместерін) салдарды шығару есебі.
Айтып салулар логикасын ең анық деп айталмаймыз. ЖИ түрлі
бағдарламалық жүйелері әртүрлі дәлелдеу және мәлімдеу процедураларды
пайдаланады, ең жалпы теориясын қарастырайық.
Дәлелдеу
– кейбір бекітудің ақиқаттығын дедуктивті анықтау
процедурасы, ол үшін ақиқаттағы белгілі
бекітулер шақырылады және
олардан қажетті түрде біріншісі шығады. Дәлелдеу тезистен, негізден
(аргумент) және логикалық байланыстан тұрады. Құрылым бойынша
дәлелдеуді тура және жанама түрге бӛледі (антитезистың
қателігін ашып
әділдігін анықтайды). Жанама дәлелдеу түрлерін қарастырайық.
1. Мағынасыздыққа келтіру (бекітуден қайшылықты шығару). Мысалы,
ежелгі грек философы Протагор: «Кімге қандай ой келсе, сол шындық»,
деген бекіту айтты. Оған Демокрит: «айтылулардың барлығы шын емес»,-
деп жауап берді.
2. Бӛліп кӛрсететін жанама дәлелдеу (егер қарастырылатын
мүмкіндіктер саны 2-ден артық болса). Егер дәлелденетін қағида барлық
қарастырылатын мүмкіндіктер
санына кіретін болса, сонда ғана
қолданылады.
Мәлімдеу
– қойылған тезиске қарсы бағытталған пікірлесу, оның
мақсаты тезистың жалғандығын немесе дәлелденбегенін анықтау. Мәлімдеу
тәсілдерін қарастырайық.
1. Мәлімденетін бекітуден ақиқатқа қайшы салдарды шығару.
2. Бекітуді мойындамауының шындығын дәлелдеу (бекіту
және оның
мойындамауы бір уақытта шын бола алмайды). Мысал: аюлар тек қоңыр ғана
болады. Тек бір ақ аюды кӛрсетіп – мәлімдеуді аламыз.
3. Егер тезис негіздемемен бірге қойылса, онда осы негіздемелерді
мәлімдеуге болады. Сонымен бірге бірақ, қағида ӛзі дұрыс болса да,
аргументтері әлсіз болу мүмкін.
4. Аргумент пен тезис арасындағы байланыстың ӛзін мәлімдеуге
болады, егер тезистің дәлелден шықпайтығын кӛрсете алсақ. Бірақ, осыдан
не аргументтің, не тезистің қателігі шықпайды.
Дәлелдеудегі
қателіктер
.
1. Аргументтерге қатысты қателіктер:
39
1.1. Мазмұнды қателік – жалған аргументтер кӛмегімен
тезисті
негіздеу;
1.2. Дәлелдеудегі шеңбер – қағиданы ӛз-ӛзінен дәлелдеу, бірақ қағида
басқа түрде тұжырымдалған.
2. Тезисті ауыстырып алу – дәлелдеу барысында тезисты пішіне немесе
мазмұнына жақын мен ауыстыру.
3. Жоғалған логикалық байланыс.
Логикалық қателіктерді іздеп табу ӛте күрделі еңбек. Ежелгі заманда
софизм мен паралогизмдарды құрастыру және
шешу ережелеріне елшілерді
арнайы үйрететін.
Софизм
— дұрыс болып кӛрінетін, бірақ әдейі жасырған логикалық
қателігі бар, пікірлесу. Жалған қорытындыға шындық кӛрерлігін жасау үшін
қызмет етеді.
Мысалдар: «бірдеңені жоғалтпасаң, сол сенде бар; сен мүйізді
жоғалтпадың, сондықтан сенде мүйізің бар», «отырған тұрды, кім тұрды, сол
тұр; олай болса, отырған тұр», «бұл ит сенікі, ол әке, ендеше сенің әкең ит».
Паралогизм
— пікірлесудегі әдейі жасалмаған қателік.
Достарыңызбен бөлісу: