End.алгоритмі
5.10-мысал. 1 – 1/х + 1/х2 – 1/х3 + ... қатарының қосындысын берілген ε (эпсилон) дəлдікпен анықтайтын программа жазу ке-рек.
Математика курсынан білетініміздей тізбек түріндегі қатар қосындысы дегеніміз берілген мүшелердің қосындысы ұмты-латын шек болып саналады. Егер мұндай шек бар болса, қатар жинақталған болып, кері жағдайда жинақталмаған болып санала-ды. Таңбасы ауысып отыратын қатар |rn| < |rn+1| болған жағдайда, жинақталған болып саналады. Мұндағы rn жəне rn+1 – сəйкесінше қатардың n-ші жəне n+1-ші мүшелері. Сонымен бірге |S-Sn| < |rn+1| екендігі дəлелденген. Мұнда S – жалпы қатар қосындысы, aл Sn – қатардың n мүшесінің қосындысы.
Демек, қажетті қосындыны табу үшін қатар элементтерінің жеке қосындысын тізбектің кезекті мүшесі берілген |rn| < ε қателіктен кіші болғанша, жинақтап отырамыз.
Қайталану саны белгісіз болғандықтан, цикл-əзірше нұсқасын қолданамыз. Ол үшін S=S+R операциясын екі рет қайталау ке-рек: біреуін циклға дейін, екіншісін цикл соңына орналастыра-мыз. Циклға дейін жазылған S=0 жəне S=S+R операторларын R=1 операторымен алмастырамыз. Циклден шығу шартын да кері шартқа алмастырамыз. Цикл-əзірше нұсқасы көмегімен жазылған алгоритмнің түрі 5.15 а-суретіндегідей, ал программа-сы төмендегідей болады: