Procedure Bar3D (XI,Y1,X2,Y2,Depth: Integer; Top: Boolean); мұндағы X1...Y2 – параллепипедтің алдыңғы жағының сол жақ жоғарғы (X1, Y1) жəне оң жақ төменгі (Х2, Y2) бұрыштарының координатасы; Depth – кеңістіктегі бейненің пикселмен берілген үшінші өлшемі («тереңдігі»); Tор – жоғарғы жағының бейнелену
тəсілі.
Егер Тор параметрінің мəні True болса, онда параллелепипед-тің жоғарғы беті сызылады, кері жағдайда сызылмайды (бұл жағдай бірінің үстіне бірі қойылған параллелепипедтер үшін қолданылады). Бұл параметрдің мəні ретінде Graph модулінде анықталған келесі тұрақтылардың бірін қолдануға болады: