ReadLn( [Var f;] v1,v2, ...,vn ) процедурасы да символ-дарды, жолдарды жəне сандарды енгізеді. Бұл процеду-ра да Read тəрізді жұмыс істейді, бірақ соңғы айнымалы оқылғаннан кейін жолдың соңына дейінгі қалған бөлігі алынып тасталады да, келесі ReadLn немесе Read жаңа жолдың алғашқы символынан бастап енгізеді. Процедура параметрсіз тұрса, онда ол жол соңына дейінгі барлық сим-волдарды оқымайды. Read процедурасынан кейін ReadLn процедурасын параметрсіз пайдалану енгізу буферін та-залайды. Параметрсіз ReadLn процедурасының алдында Read болмаса, ол енгізу əрекетіне көшіп, программа орын-далуын ENTER басылғанша, тоқтата тұрады да, тұтынушы экранын оқуға мүмкіндік береді.