Program My_First_Program;
Мұндағы Program сөзі программа атын жариялау үшін ғана қолданылады. Program сөзі Паскальдің түйінді сөзі құрамына кіреді, ол программа атын беруден басқа еш жерде қолданылмауы тиіс. Паскальдің бірсыпыра түйінді сөздері бар, олардың тізімі жоғарыда келтірілді. Паскаль ортасының редакторы түйінді сөздерді басқа түспен ерекшелеп отырады. Осыған орай про-грамма мəтіндерінде түйінді сөздер көбінесе қарайтылған түрде белгіленіп беріледі.
Паскаль тілінің түйінді сөздері – бір-бірімен айыру белгі-лерімен бөлініп, программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тілінің түйінді сөздерін үш топқа бөлуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стан-дартты атаулар немесе идентификаторлар жəне бейстандарт идентификаторлар. Тілдің операторларын, яғни қарапайым сөйлемдерін жазу үшін мағынасы мен қолдану тəсілі біржола анықталып койылған символдар тіркесінен тұратын қордағы (резервтегі) түйінді сөздер пайдаланылады. Олардың жалпы саны 80-нен асып жығылады.
Енді программамызға оралайық. Program атауы кейін еш жерде қолданылмайтындықтан, оны жариялайтын бірінші жолды (Program My_First_Program;) жазбай кетуге де рұқсат етілген.
Жоғарыдағы My_First_Program атауы – ағылшынша «Менің Алғашқы Программам» деген сөз, бірақ ол босорын-сыз жазылған – босорын сөздерді ажыратқыш таңба болып саналатындықтан, оны кез келген жерге қоя беруге болмайды (идентификатордағы сөздерді бөлу үшін астын сызу таңбасын қолдану ережесі қалыптасқан).
42
Бірінші жол нүктелі үтір (;) таңбасымен аяқталған. Паскаль тілінде бұл символ оператордың немесе сипаттау сөйлемінің соңын білдіреді. Осындай ажыратқыш таңба бір жолға бірнеше оператор жазу мүмкіндігін береді.
Екінші жол
const
түйінді сөзінен ғана тұрады, ол ары қарай бір немесе бірнеше константалар (CONSTants – константы) сипатталатынын біл-діреді. Константа деп тілдің өз мəнін өзгертпейтін объектілерін айтады. Паскальдағы константалар ғылыми инженерлік есеп-тердегі тəрізді жиі қолданылатын тұрақты мəндерді белгілі бір сөзбен немесе символмен белгілейді. Мысалы, біз тұрақты сан болып есептелетін π=3,14159265 константасын мектептен біле-міз. Программаны орындау кезінде компилятор pi константасын оның мəнімен алмастырады.
Паскаль тіліндегі константаны сипаттау дегеніміз – оның аты мен мəнін көрсету. Үшінші жолда мынадай мəтін бар:
Text = ‘Мен Турбо Паскальда программалай аламын’;
Мұнда Text атты константаға оның мəні ретінде «Мен Турбо Паскальда программалай аламын» деген сөз тір-кесі меншіктеледі.
Паскальда константалардың əр түрлі типтері – бүтін немесе нақты сандар, символдар, сөз тіркестері, жиымдар (массивтер), т.б. қолданылады. Text атауының символдар тіркесінен тұратын константа екенін осы жолды қоршап тұрған екі апостроф (жоғарғы үтір) таңбасынан білуге болады, бірақ апострофтардың өздері сөз тіркесіне кірмейді. Олар тек сөз тіркесін бір ғана мəн
– мəтіндік константа ретінде қабылдау керек екендігін білдіріп тұр. Егер апострофтың өзін де мəтіндік константаға кіргізу керек болса, онда ол қатарынан екі рет жазылады. Мысалы:
Text = ‘’Турбо Паскаль’’;
тіркесі ‘Турбо Паскаль’ константасын көрсетеді. Программаның алғашқы үш жолы нақты бір əрекет атқар-
майды, олар тек компиляторға қолданылатын программа жайлы жəне онда қолданылатын объектілер туралы мəлімет береді. Сондықтан программаның осы жолдары сипаттау бөлімі деп аталады. Төртінші жолдағы begin түйінді сөзі программаның
43
келесі операторлар бөлімінің басталғанын білдіреді. Біздің мы-салда бұл бөлімде
WriteLn(Text);
операторы тұр, ол экранға мəлімет шығарады.
Программаны нүктемен аяқталатын end түйінді сөзі аяқтайды. Нүкте компиляторға программаның біткенін хабарлайды. Осы end. сөзінен кейін жазылған мəтінді компилятор қабылдамайды.
Программаны аударып (компиляциялап) орындамас бұрын осындағы жалғыз атқарылатын операторды WriteLn(Text); қарастырайық.
Жалпы Паскальда, оның ішінде Турбо Паскальда да, арнайы енгізу-шығару операторлары жоқ. Программа сыртқы ортамен мəлімет алмасу үшін арнайы стандартты процедураларды пай-даланады. WriteLn(Text); – тіл құрамындағы мəлімет шы-ғару процедурасын пайдалану операторы болып табылады (оның аты WRITE LiNe – жолды жазу сөзінен алынған).
Процедура түсінігі (8-ші тарауды қара) – тілдің негізгі ұғым-дарының бірі. Процедура – бірсыпыра операторлар тізбегі, олар-дың бəріне бір ат қою арқылы толық орындап шығуға болады. Программада поцедура аты кездессе, соған қатысты оператор-лар тізбегі бір рет орындалады.
WriteLn процедурасы Паскаль тілінің стандартты, яғни ішкі процедурасы болып табылады. Стандартты процедураны алдын ала сипаттау қажет емес, оның атын кез келген программада көрсетіп, оператор сияқты орындай беруге береді.
WriteLn процедурасының бірнеше параметрлері болады. Параметрлер процедура атынан кейінгі жақша ішінде көрсетіле-тін тізім түрінде беріледі. Біздің мысалымызда процедурада тек бір ғана параметр – Text константасы көрсетіліп отыр. WriteLn процедурасының алғашқы параметрі ретінде мəлімет шығарылатын құрылғы немесе файл аты да көрсетіле алады (5-ші тарауды қара), яғни программалаушы қайда мəлімет шығаратынын өзі таңдайды. Егер құрылғы немесе файл аты көрсетілмесе, онда мəлімет тікелей экранға шығарылады.
Сонымен, программада қолданылған төрт сөз (Program, const, begin жəне end) қорға енгізілген түйінді сөздер болып саналады. WriteLn сөзі стандартты процедура аты, ол
44
қордағы сөздер санатына кірмегенмен, тілдің түйінді сөздері қатарына жатады, яғни оны да басқа мағынада қолдануға бол-майды. Программадағы екі сөз – My_First_Program жəне Text объектілер аттары – идентификаторлар (атау) ретінде қолданылып отыр. Программалаушы идентификатор ретінде кез келген сөз тіркесін пайдалана алады, оларға мынадай талаптар қойылады:
идентификатор латын алфавиті əріптерінен, астын сызу таңбасынан жəне цифрлардан құралады;
басқа символдарды идентификаторды жазу үшін қолдануға болмайды;
идентификатор цифрдан басталмайды;
идентификатор бірде бір қордағы сөздермен немесе түйінді сөздермен сəйкес болмауы керек;
идентификатор ұзындығы шектелмейді, бірақ программа оның алғашқы 63 символын ғана түсінеді.
Идентификаторларда бас əріп пен кіші əріп бірдей болып саналады, яғни мына сөздерді Text, text, TEXT компилятор бір сөз деп ұғады.
Енді программаны орындайық. Ол үшін программа мəтінін теріп болған соң, Ctrl – F9 пернелерін қатар басу керек. Егер мəтін тергенде қате жіберілмесе, экрандағы сөздер өшіріліп, оған программа нəтижесі шығарылады. Нəтиже шығарылатын экран тұтынушы экраны деп аталады. Нəтиже толық шығып болысымен, экранға қайтадан программа мəтіні шығады. Егер нəтижені көре алмай қалған болсаңыздар, оны қайтару үшін Alt
– F5 пернелерін қатар басу керек. Нəтижені оқып болған соң, кез келген пернені басу экранда программа мəтінін көрсететін Турбо Паскаль редакторын қайта шығарады.
Енді Турбо Паскаль редакторы мүмкіндіктерінің бірімен танысайық. Редактордың бас менюіне көшу үшін F10 пернесін басып, тышқан сілтемесін (курсорын) Debug (тексеру – отладка) опциясына, яғни командасына жеткізіп Enter пернесі басылса, экранда осы опцияның келесі деңгей менюі ашылады. Жаңа меню жоғары қатардан суырылып шығатын болғандықтан, оны суырмалы немесе қалқымалы меню деп атайды. Осы менюдегі Output (программаны шығару) опциясын таңдап, Enter-ді тағы
45
басайық. Экранға нəтижені көрсететін тұтынушы терезесі шығады да, енді ол пернелерді басқанмен жабылып қалмай, тұрақты түрде көрініп тұрады. Енді экранда екі терезе де (редактор жəне нəтиже терезелері) көрініп тұруы үшін, қайтадан F10 пернесін басып, Window сөзін таңдап, Enter-ді басайық та, курсорды Tile (черепица) опциясына қойып, Enter-ді тағы да басайық. Егер бəрі дұрыс атқарылса, экран 3.3-суреттегідей болып шығады.
Программа терезесінің айналасындағы қос сызықты жақтау осы терезенің екпінді (активті) күйде жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Редактор терезесін екпінді ету үшін: Alt пернесін басып, оны жібермей, 1 цифрын тереміз (редактор терезесінің нөмірі – 1, ал тұтынушы терезесінің нөмірі – 2, олар 3.3-суреттегі терезенің оң жақ жоғарғы бұрышында көрініп тұрады). Енді ары қарай жұмыс істей беруге жол ашық.
Енді экрандағы программа мəтінін өзгертіп, үшінші жол соңындағы нүктелі үтірді алып тастайық та, апостроф ішіндегі сөзді де басқаша жазайық:
Text = 'Турбо Паскальда программалауды үйренемін' Енді Ctrl – F9 пернелерін басып, программаны орындасақ,
компилятор қате бар екенін хабарлап, мынадай мəлімет береді:
Достарыңызбен бөлісу: |