Шартсыз көшу операторы. Бұл оператор басқаруды арнайы белгімен анықталған нүктеге береді (5.1-сурет).
Программадағы барлық белгілер программаның label – белгілерді сипаттау бөлімінде (5.2-сурет) жариялануы керек. Белгі программаның кез келген орындалатын операторының алдына қойылады жəне бір оператордың алдына бірнеше белгі қоюға болады.
Құрылымсыз басқаруды беруді келесі процедуралар көмегімен де орындауға болады:
Break– кез келген типтегі цикл түрінен шығуды іске асыра-
ды;
Continue – цикл тұлғасының қалған операторларын орында-май-ақ, оның келесі сатысына көшуді атқарады;
Halt (<аяқтау коды>) – программадан шығып, операциялықжүйеге берілген аяқталу кодын қайтару ісін орындайды. Егер аяқталу коды нөлге тең болса, программа ойдағыдай аяқталды деп саналады. Ал аяқталу коды нөлден өзгеше болса, програм-