166
тіршілік иесін табуға күш жұмсады. Ізденістер нəтижесінде мұндай бактериялар
табылды. Атап айтқанда, осындай бактерия қатарына пурпурлық күкірт бактериясы
–
тиокапса жататыны анықталды. Осы бактерия құрамынан сыртқы ортаның оттегі
жəне жоғары температура жағдайларына шыдамды келетін гидрогеназа ферменті
бөлініп алынған. Бұл тиакапсадан бөлініп алынған гидрогеназа ферменті мен
құрамында темірі мол
ферредоксин ақуызын қосқан шпинат, темекі, бұршақ жəне
жүгері хлоропластары 3-6 сағат аралықтарында тұрақты түрде сутегін бөліп
шығаратыны анықтаған. Бұл үдеріс тек жарықта жəне оттегін сорып алатын жүйе
бар болғанда ғана жүзеге асады.
Ғалымдар сутегін алудың басқа да тиімді жолдарын қарастыруда. Соның
нəтижесінде кейбір мұхиттарда жəне өзендерде өсетін балдырлардың да жарықта
сутегін бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардың қатарына, оттегі мен сутегін бөліп
шығаратын, микроскопиялық балдырлар мен ыстыққа шыдамды анаэробты
цианобактериялар жатады. Бұл микроорганизмдер арасында бір-бірінің өндірген
өнімдері екіншілеріне қоректік орта болып табылатын қарым-қатынас орнайды.
Мысалы, жарықта балдырлардың жасушалары көміртектері мен бос оттегін түзсе, ал
цианобактериялар осы көміртектерін пайдалана отырып, гидрогеназаның көмегімен
оларды сутегі түзе ыдыратады. Сондықтан осындай екі микроорганизмдердің
бірлесе жұмыс істеуі нəтижесінде, оттегі мен сутегін бөліп алу мүмкіндігі
туындайды.
Бензин құрамына сутегін қосу автомашиналардың ауаға шығаратын зиянды
заттар мөлшерінің күрт төмендеуіне алып келеді. Мысалы, 5% сутегі қосылған
бензиннің жану дəрежесінің артуы себепті, қоршаған ортаға бөлінетін улы газ бен
зиянды заттардың бөлінуі азаяды. Сонымен бірге бензин шығымының 40%-ға
үнемделетіні анықталған.
АҚШ-да құрамында целлюлозасы бар əртүрлі өндіріс қалдықтарын (қоқыстар,
қағаз қалдықтары, қалдық сулар, өсімдіктер жəне т.б.) биотехнологиялық жолмен
өңдеу арқылы глюкоза алып, оны əрі қарай өңдеу арқылы, сутегін алу əдістері ойлап
табылған. Бұл қалдықтарды целлюлаза ферменттері арқылы гидролиздейді. Сонан
соң құрамында 0,5-20,0% глюкозасы бар гидролизат өніміне өз тіршілігі барысында
көміртегі мен сутегі түзетін микроорганизмдерді сеуіп тастайды. Осындай жолмен
үдеріс бір аптаға созылады. Кейіннен, құрамындағы көмірқышқыл газын адсорбция
арқылы сорып, сутегінен ажыратып алады. Осы əдіспен дайындалған өнімде
сутегінің шығымы 60-90%-ға дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: