Генетикалық инженерия –
in vitro жағдайында функциялық пəрменді
генетикалық құрылымдарды құрастыруды жəне оларды тірі жасушаларға енгізуді
түсінеді. Генетикалық инженерия генетикамен байланысқан, ал ген инжененриясы
тек генге ғана қатысы бар.
Гетерозис (будандық күш) (гр. heteroiosis – өзгеру, айналу, ағ. heterosis) –
аталық-аналық формалармен салыстырғанда, олардан шыққан бірінші ұрпақ
буданның бірқатар көрсеткіштері мен қасиеттерінің асып түсуі, басымдылығы.
Гетерокарион (гр. heteros – басқа, karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні, ағ.
heterokarion) – генетикалық айырмашылықтары бар екі жасушаның қосылуынан
түзілген, бірақ онда ядролар бірікпеген будан жасуша.
Гиббереллин – фитогормон, негізінен флюорендер туындылары (мысалы,
гиббереллин қышқылы).
Гибридома (ағ. hybridoma) – қалыпты антидене түзуші жасушалар
(лимфоциттер) мен миеломдық жасушалардың бірігуінен алынған, шексіз өсу мен
моноклоналдық антиденелерді синтездеуге қабілетті жасушалық желі (линия).