Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Жасушаларды  жаңа  қоректік  ортаға  көшіру (пассаж)



Pdf көрінісі
бет163/211
Дата07.01.2022
өлшемі4,09 Mb.
#20614
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   211
Жасушаларды  жаңа  қоректік  ортаға  көшіру (пассаж) (фр. passage-ery, ағ.
subculture) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа
ауыстырып отырғызу.
Жасушаларды  қорландырып (мерзімді) өсіру – жасушалар  суспензиясын
жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік ортасында жаңартылмай өсіру.
Жасушаларды мұздатып  сақтау (ағ. cryopreservation) – мұздатып алып, өте
төмен температурада сақтау, мысалы, сұйық азотта - 196ºС температурада.
Жасушаларды  турбидостатта  өсіру – фотоэлементті  қолданып  биомасса
концентрациясын  тікелей  бақылау  арқылы, жасушаларды  сыртқы  жағдайдан
ешқандай шектеусіз, үздіксіз өсіру.


256
Жасушаларды  үзіліссіз  өсіру – жасушаларды  сұйық  қоректік  ортаның
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.
Жасушаларды 
хемостатта 
өсіру
– құрамында 
өсуді 
тежейтін
концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта тұрақты жылдамдықпен
биоректорға  құйылып  түсіп  тұрады  да, сондай  жылдамдықпен  өскен  жасушалар
суспензиясы алынып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет